Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Сейсенбі, 17 Қараша 2015 10:31

Исфаһан облысы (№119-сабақ)

Исфаһан облысы (№119-сабақ)

Бүгінгі және алдағы бірнеше бөлімде сіздерді Иранның тартымды, көруге тұрарлық әрі тарихи облыстарының бірі Исфахан облысымен таныстырамыз. Исфахан облысы Иранның орталығында орналасқан. Әдемі тарихи қалалар Исфахан және Кашан да осы облыста. Исфаханның тарихы Иранның көне тарихынан бастау алады. Бірнеше мың жылдық тарихы бар осы қала Иранның көне астаналарының бірі болып есептеледі.  Аталмыш қаланың көне атаулары – "Джей", "Еспаһан" және "Сепаһан". Осы көркем қала Сафави патшалары  кезінде Иранның билік орталығы болған. Сол дәуірден көптеген тарихи ескерткіштер қалған. Иранға келетін саяхатшылардың барлығы дерлік Исфаханды көруге барып, жақсы естеліктер және сәлем-сауқатпен елдеріне қайтады. Мұхаммад досы Саидпен бірге Исфахан облысына саяхаттап баратын болды. Ол осы жайлы досы Раминмен сөйлеседі. Алдымен жаңа сөздерге назар аударыңыздар. Одан кейін сіздермен бірге Мұхаммад пен Раминнің әңгімесін тыңдаймыз:

 

خبر

хäбäр

хабар

چمدان

чäмедан

чемодан

برای چیست ؟

бäрайе чист?

не үшін?

ما می رویم

ми мирäвим

біз барамыз

ما قرار است برویم

ма ғäрар äст берäвим

баратын болып келістік

شما مي رويد

шомо мирäвид

сендер барасыңдар

تور

тур

тур

استان

остан

облыс

خوش به حالت

хуш бе халäт

Саған қандай жақсы!

ديدني

дидäни

көруге тұрарлық

ديدني ترين

дидäнитäрин

ең әдемі

شهرها

шäһрһа

қалалар

زيبا

зиба

әдемі

نقاط

ноғат

жерлер

كدام

кодам

қайсы

عالی است

аали äст

керемет

اتفاقا"

еттефағäн

айтпақшы

الان

äлан

қазір

هوا

һäва

ауа

خیلی خوب

хейли хуб

өте жақсы

بهار

бäһар

көктем

دلپذیر

делпäзир

жағымды

مثل

месле

сияқты

شبيه

шäбиһ

ұқсас

شبها

шäбһа

кештері

اطراف

äтраф

айналасы

مطبوع

мäтбу

жанға жағымды

كجا

коджа

қайда

اسم

есм

атау

رود

руд

өзен

وسط

вäсäт

ортасы

آن عبور می کند

ан обур миконäд

ол өтеді

كوه

куһ

тау

دامنه

дамене

етек

آن سرچشمه می گیرد

ан сäрчешме мигирäд

ол бастау алады

منطقه

мäнтäғе

аймақ

کوهستانی

куһестани

таулы

غرب

ғäрб

батыс

دریا

дäриа

теңіз

آن دارد

ан дарäд

онда бар

چون

чун

себебі

مرکز

мäркäз

орталық

وجود ندارد

воджуд нäдарäд

жоқ

من مطمئنم

мäн мотмäенäм

мен сенімдімін

اما

äмма

бірақ

 

Енді Мұхаммад пен Раминнің әңгімесін тыңдалық. Мұхаммад шкафтан чемоданын алып, сапарға қажетті заттарын жинастырып жатыр.

 

رامین - چه خبر شده ؟ این چمدان برای چیست ؟

Рамин: Че хäбäр шоде? Ин чäмедан бäрайе чист?

Рамин: Не болды? Мына чемодан не үшін керек?

محمد - قرار است من و سعید با تور به استان اصفهان برویم .

Мухаммад: Ғäрар äст мäн вä Саид ба тур бе остане Есфäһан берäвим.

Мұхаммад: Мен және Саид Исфахан облысына саяхаттап баратын болдық.

رامین - خوش به حالت ، استان اصفهان یکی از دیدنی ترین استانهای ایران است و شهرهای زیبایی دارد . به کدام نقاط می روید ؟

Рамин: Хуш бе халäт, остане Есфäһан йеки äз дидäнитäрин останһайе Иран äст вä шäһрһайе зибаий дарäд. Бе кодам ноғат мирäвид?

Рамин: Жақсы екен. Исфахан облысы Иранның ең көрнекті облыстарының бірі әрі оның әдемі қалалары бар. Қай жерлерге барасыңдар?

محمد - ما به اصفهان ، کاشان و چادگان می رویم .

Мухаммад: Ма бе Есфäһан, Кашан вä Чадеган мирäвим.

Мұхаммад: Біз Исфахан, Кашан мен Чадеганға барамыз.

رامین - عالی است . اتفاقا" الان هوای اصفهان خیلی خوب است . بهار اصفهان بسیار دلپذیر است .

Рамин: Аали äст. Еттефағäн äлан һäвайе Есфäһан хейли хуб äст. Бäһаре Есфäһан бесиар делпäзир äст.

Рамин: Керемет. Айтпақшы, қазір Исфаханның ауа-райы өте жақсы. Исфаханның көктемі жанға жайлы.

 

محمد - اصفهان هم از نظر آب وهوا مثل تهران است ؟

Мухаммад: Есфäһан һäм äз нäзäре аб-о-һäва месле Теһран äст?

Мұхаммад: Исфахан да  ауа-райы тұрғысынан Теһран сияқты ма?

رامین - بله . آب و هوای استان اصفهان شبیه تهران است . شبها هوای اطراف زاینده رود مطبوع و دلپذیر است .

Рамин: Бäле. Аб-о-һәвайе остане Есфäһан шäбиһе Теһран äст. Шäбһа һäвайе äтрафе Зайäндеруд мäтбу вä делпäзир äст.

Рамин: Ия. Исфахан облысының ауа-райы Теһранға ұқсас. Кештерде Зайандерудтың маңайындағы ауа жанға жағымды.

محمد - زاینده رود کجاست ؟

Мухаммад: Зайäндеруд коджаст?

Мұхаммад: Зайандеруд қайда?

رامین - زاینده رود اسم رودی است که از وسط شهر اصفهان عبور می کند . این رود از دامنه هاي زرد كوه بختیاری سرچشمه می گیرد .

Рамин: Зайäндеруд есме руди äст ке äз вäссäте шäһре Есфäһан обур миконäд. Ин руд äз даменеһайе Зäрдкуһе Бäхтиари сäрчешме мигирäд.

Рамин: Зайандеруд - Исфахан қаласының ортасынан ағып өтетін өзеннің атауы. Бұл өзен Зардкух Бахтиари тауының етегінен бастау алады.

محمد - آیا اصفهان منطقه کوهستانی هم دارد ؟

Мухаммад: Айа Есфäһан мäнтäғейе куһестани һäм дарäд?

Мұхаммад: Исфаханда таулы аймақ та бар ма?

رامین - بله . غرب استان اصفهان منطقه ای کوهستانی است .

Рамин: Бäле. Ғäрбе остане Есфäһан мäнтäғейе куһестани äст.

Рамин: Ия. Исфахан облысының батысы таулы аймақ.

محمد - اما مطمئنم که این استان دریا ندارد ، چون در مرکز ایران دریایی وجود ندارد .

Мухаммад: Äмма мотмäенäм ке ин остан дäриа нäдарäд, чун дäр мäркäзе Иран дäриайи воджуд нäдарäд.

Мұхаммад: Бірақ,бұл облыста теңіз жоқ екеніне сенімдімін. Себебі, Иранның орталығында теңіз жоқ.

 

Ия, Мұхаммад айтқандай, Исфахан облысында теңіз жоқ. Бірақ бұл облыста өте әдемі әрі көруге тұрарлық аймақтар бар. Исфахан облысы Иранның маңызды облыстарының қатарына жатады әрі тарихи тұрғыдан да ерекше маңыздылыққа ие. Исфаханда көптеген өндіріс қалашықтары және темір  мен болат  балқытатын зауыттардың болуы осы қаланы Иран экономикасының маңызды орталықтарының біріне айналдырды. Сонымен қатар, Исфахан облысы өнер және ғылым тұрғысынан да көрнекті болып табылады. Иран архитектурасы мен өте нәзік қолөнерінің гүлденген шағын исфахандық шеберлердің жұмыстарынан көруге болады. Көптеген ғалымдар мен данышпандар осы аймақтан шыққан. Келесі бөлімде сіздерді Исфахан облысымен жақынырақ таныстырамыз. 

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды