Осы бетті принтерден шығару
Сәрсенбі, 17 Ақпан 2016 09:10

Исфаһанның өнеркәсіптік кешендері (№125-сабақ)

Исфаһанның өнеркәсіптік кешендері (№125-сабақ)

Өткен бірнеше бағдарламада Исфаһан облысымен, әсіресе, Исфаһан қаласымен танысқан болатынбыз. Бұл бағдарламада сіздерді Исфаһанның өнеркәсібімен таныстырамыз. Исфаһан облысы табиғи және тарихи тартымдылықтарға ие болуымен қатар, Иранның өнеркәсіптік орталықтарының бірі саналады. Ірі зауыттар мен түрлі кішігірім шеберханалардың болуы осы облыстың экономикалық және өнеркәсіптік тұрғыдан өркендеуіне себеп болды. Маңызды зауыттардың бірі – Исфаһанның темір балқыту зауыты. Бұл көне зауыт 1976 жылы Иранның инвестиция салуымен және Кеңес үкіметінің көмегімен салынған. Исфаһанның темір балқыту зауытының бас кезіндегі өндіріс деңгейі шамамен 55 мың тонна болған. Бірақ бұл өнеркәсіп кешенінің қазіргі өндіріс мөлшері 2 миллион тоннаға жетеді. Мұхаммад пен достары бүгін Исфаһанның темір балқыту зауытын аралап, «Фоулад-е мобараке» кешенімен де танысады.  

Алдымен жаңа сөздерге назар аударыңыздар:

 

бүгін

емруз

امروز

біз таныстырамыз

ма ашена миконим

ما آشنا می کنیم

өнеркәсіп

сäн’äт

صنعت

облыс

остан

استان

өнер

һонäри

هنری

тарихи

тарихи

تاریخی

мен ойладым

мäн фекр микäрдäм

من فکر می کردم

дегенмен

ба ин һал

با این حال

өнеркәсіптік

сäн’äти

صنعتي

өнеркәсіптік орталық

ғотб-е сäн’äти

قطب صنعتی

зауыт

кархане

کارخانه

үлкен

бозорг

بزرگ

өнеркәсіптік кешен

моджтäмä’-е сäн’äти

مجتمع صنعتی

темір балқыту

зоуб-е аһäн

ذوب آهن

оған қоса

äлаве бäр

علاوه بر

темір

аһäн

آهن

өнім

мäхсул

محصول

өнімдер

мäхсулат

محصولات

болат

фоулад

فولاد

басқа

дигäр

ديگر

ол өндіріледі

ан тоулид мишäвäд

آن تولید می شود

жыл сайын

һäр сал

هر سال

астам

биштäр äз

بیشتر از

астам

биш äз

بیش از

екі миллион

до миллиун

دو میلیون

бес миллион

пäндж миллиун

پنج میلیون

тонна

тонн

تن

ең үлкен

бозоргтäрин

بزرگترین

оңтүстік-батыс

джонуб-е ғäрби

جنوب غربی

ол орналасқан

ан вағе äст

آن واقع است

өндіріс

тоулидат

تولیدات

қанша?

че ғäдр?

چه قدر ؟

түрлер

äнва’

انواع

металл (зат есім)

фелез

فلز

металл (сын есім)

фелези

فلزي

ол өндіреді

ан тоулид миконäд

آن تولید می کند

 

Енді Мұхаммад пен серіктеріне қосылайық. Мұхаммад пен жолнұсқаушының әңгімесіне назар аударыңыздар:  

 

Жолнұсқаушы: Бүгін сіздерді Исфаһан облысының өнеркәсібімен таныстырамыз.

Раһнäма: Емруз шомо ра ба сäн’äт-е остан-е Есфäһан ашена миконим.

راهنما - امروز شما را با صنعت استان اصفهان آشنا مي کنیم .

Мұхаммад: Исфаһан тек өнер мен тарих облысы деп ойладым.

Мухаммад: Фекр микäрдäм Есфäһан фäғäт йек астан-е һонäри вä тарихи äст.

محمد - فکر می کردم اصفهان فقط یک استان هنری و تاریخی است .

Жолнұсқаушы: Дұрыс. Сонымен қатар бұл облыс Иранның өнеркәсіптік орталығы да саналады.

Раһнäма: Дорост äст. Ба ин хал ин остан йек ғотб-е сäн’äти-е Иран низ һäст.

راهنما - درست است . با این حال اين استان یک قطب صنعتی ایران نيز هست .

Мұхаммад: Онда бүгін бір ірі өнеркәсіптік зауытқа барамыз ба?

Мухаммад: Пäс емруз бе йек карханей-е бозорг-е сäн’äти мирäвим?

محمد - پس امروز به يك کارخانه بزرگ صنعتي مي رويم ؟

Жолнұсқаушы: Ия. Қазір бәріміз бірге темір балқыту зауытына барамыз.

Раһнäма: Бäле. Äкнун ба һäм бе карханей-е зоуб-е аһäн мирäвим.

راهنما - بله . اكنون با هم به کارخانه ذوب آهن اصفهان مي رويم .

Мұхаммад: Бұл зауыт қандай өнімдер шығарады?

Мухаммад: Мäхсулат-е ин кархане чист?

محمد - محصولات این كارخانه چيست ؟

Жолнұсқаушы: Бұл зауытта темірмен қоса, болат және тағы да басқа өнімдер өндіріледі. Бұл зауыт жыл сайын 2 миллион тоннадан астам өнім шығарады.

Раһнäма: Дäр ин кархане, äлаве бäр аһäн, фоулад вä чäнд мäхсул-е дигäр низ тоулид мишäвäд. Ин кархане һäр сал биш äз до миллиун тонн мäхсул дарäд.

راهنما - در اين كارخانه ، علاوه بر آهن ، فولاد و چند محصول دیگر نیز تولید می شود . اين كارخانه ، هر سال بیش از دو میلیون تن محصول دارد .

Мұхаммад: Бұл жер Иранның ең үлкен өнеркәсіптік кешені ме?

Мухаммад: Инджа бозоргтäрин моджтäмä-е сäн’äти-е Иран äст?

محمد - اینجا بزرگترین مجتمع صنعتی ایران است ؟

Жолнұсқаушы: Жоқ. «Фоулад-е мобараке» өнеркәсіптік кешені  Иранның ең үлкен өнеркәсіптік кешені саналады.

Раһнäма: Хейр. Моджтäмä-е фоулад-е мобараке бозоргтäрин моджтäмä-е сäн’äти-е Иран äст.

راهنما - خیر . مجتمع فولاد مبارکه ، بزرگترین مجتمع صنعتی ایران است .

Мұхаммад: «Фоулад-е мобараке» өнеркәсіптік кешені де Исфаһан облысында ма?

Мухаммад: Моджтäмä-е фоулад-е мобараке һäм дäр остан-е Есфäһан äст?

محمد - مجتمع فولاد مبارکه هم در استان اصفهان است ؟

Жолнұсқаушы: Ия. «Фоулад-е мобараке» өнеркәсіптік кешені Исфаһан қаласының оңтүстік батысында орналасқан.

Раһнäма: Бäле. Моджтäмä-е фоулад-е мобараке дäр джонуб-е ғäрби-е  шäһр-е Есфäһан вағе’ шоде äст.

راهنما - بله . مجتمع فولاد مبارکه در جنوب غربی شهر اصفهان واقع شده است .

Мұхаммад: «Фоулад-е мобараке» зауытының өндіріс деңгейі қандай?

Мухаммад: Тоулидат-е карханей-е фоулад-е мобараке че ғäдр äст?

محمد - تولیدات کارخانه فولاد مبارکه چه قدر است ؟

Жолнұсқаушы: «Фоулад-е мобараке» зауыты жыл сайын 5 миллион тоннадан астам болат және тағы да басқа металл өнімдерін шығарады.

Раһнäма: Карханей-е фоулад-е мобараке, һäр сал биш äз 5 миллиун тонн-е äнвай-е мäхсулат-е фоулади вä фелези дигäр ра тоулид миконäд.

راهنما - کارخانه فولاد مبارکه ، هر سال بیش از 5 میلیون تن انواع محصولات فولادی و فلزی دیگر را تولید می کند .


        Мұхаммад пен серіктері зауыттың түрлі бөлімдерін аралайды. Инженерлердің біреуі Исфаһанның темір балқыту зауыты мен «Фоулад-е мобараке» өнеркәсіптік кешені туралы баяндайды. Ол осы зауытқа қажетті темір рудасының Керман мен Исфаһан облыстарынан пойыз арқылы жеткізілетінін айтады. Осы екі кешенде металл және болат түрлері мен басқа да жанама өнімдер өндіріледі. Осы зауыттардың тауарларының бір бөлігі басқа елдерге экспортталады, ал қалғаны Иранның өзінде пайдаланылады. Исфаһанның темір балқыту кешені мен «Фоулад-е мобараке» өнеркәсіптік кешенінің әрқайсысы осы зауыттардың атымен танымал болған спорт клубтарының демеушісі. Саяхатшылар зауыттарды аралаумен қатар олардың маңындағы кеңістік пен спорт алаңдарын да көріп қайтты. Олар ертең Натанз қаласына сапар шегіп, бұл қаламен жақыннан таныспақ.

 

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды