Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Сенбі, 05 Наурыз 2016 13:34

Қазақстан Иранда өтіп жатқан көрмелерге қатысуда

Қазақстан Иранда өтіп жатқан көрмелерге қатысуда

Наурыз қарсаңында Иранның астанасы Теһранда жыл сайынғы үрдіс бойынша әртүрлі мерекелік шаралар атқарылып жатыр.

Соның ішінде кеше, наурыздың төрті күні Теһранның «Вахдат» сарайында бесінші «Фаджр» халықаралық сән және киім фестивалі басталды. Осы фестиваль аясында өтіп жатқан көрмеде Қазақстан да өзінің ұлттық киімдерін жұрт назарына ұсынуда.

Сондай-ақ, 3-5 наурыз аралығында Теһрандағы Иранның Ұлттық мұражайында «Наурыз-2016» мерекелік шарасы аясында жергілікті және Наурызға қатысты қуыршақтардың халықаралық көрмесі де өткізілуде. Мұнда Иранда тұратын әртүрлі ұлттардың қуыршақтарымен қоса, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Индонезия және тағы да басқа елдердің қуыршақтары көрермендердің назарына ұсынылған.

Қазақстан бұл екі көрмеге «Мәдени мұраны сақтау» мемлекеттік емес орталығының қолдауымен қатысуда.

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды