Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Жексенбі, 10 Сәуір 2016 09:26

«Қазақстан және Иран: мәдениеттер тоғысындағы интеграциялық үрдістер» атты конференция өтті

«Қазақстан және Иран: мәдениеттер тоғысындағы интеграциялық үрдістер» атты конференция өтті

Сәуір айының 5-6 күндері әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің шығыстану факультеті ИИР-ның шәһид Беһешти атындағы университетімен бірлесіп «Қазақстан және Иран: мәдениеттер тоғысындағы интеграциялық үрдістер» атты ІІ-ші Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізді.

Конференция аясында "Иран-Тұран: тарихи және рухани мұралар» және «Қазақстан мен Иран арасындағы саяси-экономикалық қатынастарды дамытудың жаңа кезеңі» атты екі секция жұмыс істеді:

«Иран-Тұран: тарихи және рухани мұралар» секциясы бойынша ф.ғ.д., профессор Ө.Күмісбаев, ф.ғ.к, доцент Б.Әбжет, ирандық ғалым доктор Амир Чинари, А.Боранбаева, Хакім Айгерім жақсы баяндамаларымен ерекшеленді.

«Қазақстан мен Иран арасындағы саяси-экономикалық қатынастарды дамытудың жаңа кезеңі» атты екінші секцияға тоғыз баяндамашы тіркеліп, солардың жетеуі баяндама жасады. Солардың ішінде доктор Рустами Мустафа, ф.ғ.д., профессор Г.Надирова, ф.ғ.к. Е.Байдаров, докторант Ж.Абдикадырованың баяндамалары сонылығымен көрінді.

Сондай-ақ, конференцияға шәхид Бехешти университетінің ректоры М.Теһранчи, доктор А.Хатами, М.Шируани секілді қонақтармен бірге шығыстану факультетінің деканы ф.ғ.д., профессор Б.Жұбатова бастаған профессор-оқытушылар мен магистранттар және докторанттар қатысты.

Конференция соңында тараптардың әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен шәһид Беһешти университеті ғалымдарының ғылымның түрлі саласы бойынша жазған еңбектерін қажет тілдерге (қазақ, парсы, орыс, ағылшын) аудару, аталмыш екі университеттің ғалымдары ирантану саласы бойынша бірігіп оқулықтар жазу, сондай-ақ «Қазақстандағы сопылық ілімнің қалыптасуына Иранның ықпалы» атты ортақ ғылыми жобаны іске асыру туралы қаулы қабылдауымен аяқталды. 

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды