Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Жексенбі, 20 Наурыз 2016 13:39

1394-ші жылдағы Иран мен Еуропаның қарым-қатынастары

Еуропа мен АҚШ-тың Иранға қарсы біржақты санкция салуына байланысты өткен бес жылда ИИР мен Еуроодақ арасындағы қарым-қатынастар экономикалық тұрғыдан  төмендеген болатын. Батыстықтардың Иранға қарсы санкция салуына Иранның бейбіт мақсатты ядролық бағдарламасын  жалғастыру туралы қуаттаулары сылтау болды. Иранның ядролық мәселесі батыстықтардың  қарсылықтарымен бетпе-бет келіп, олардың Иранға қарсы әрекеттеріне ұластырды. Алайда 2013-ші жылдан бері ИИР мен «алтылық» тобының арасындағы келіссөздердің жаңа кезеңінің басталуымен Иран мен Еуропа арасындағы қарым-қатынастарды кеңейту үшін жағдай жасала басталды. Иран мен «алтылық» тобы сондай-ақ Женева, Нью-Йорк және Венадағы бірнеше кезеңге созылған келіссөздерден кейін Иранның ядролық бағдарламасына кепілдік болатын «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы деп аталған келісімге  қол қойды. 2015-ші жылдың 20-шы шілдесінде Қауіпсіздік кеңесі №2231-ші қарарды бекітіп, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын іске асыруға жол ашты. Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің (АҚХА) Басқармалар кеңесінде Иранның ядролық бағдарламасының әскери мақсатқа ие болу ықтималы теріске шығарылып, күдік-күмәндерді тоқтататын PMD-дің күші жойылып, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын іске асырудың кезеңі басталып, Иран өзінің міндеттемелерін  орындап, 2016-шы жылдың қаңтар айынан санкциялардың күшін бірте-бірте жою үдерісі басталды. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының іске асырылу жұмысы басталғаннан бергі кезең Иран мен Еуропаның қарым-қатынастарының жаңа кезеңі деп аталды. Еуроодақтың сыртқы саясатының басшысы Федерика Могеринидің сындарлы рөлінің арқасында Еуроодақ  Иранның ядролық мәселесін шешу үдерісінде маңызды рөл атқарды деп айтуға болады. Ол Иран мен «алтылық» тобының арасындағы келіссөздерді үйлестіру міндетіне ие болып, осы кезде де өз міндетін жалғастыруда.

Бүгін Иран мен Еуроодақ  екіжақты қарым-қатынастарын  дамытып, тереңдету кезеңіне қадам басты. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын іске асыру  бұл қарым-қатынастардың саяси, экономикалық және қоғамдық тұрғыларындағы оң перспективалардың ашылуына себеп болады. Қазіргі  жағдайда ИИР мен Еуроодақ арасындағы қарым-қатынастарда өткен 10 жылда болмаған жаңа кеңістік орнатылды.  Иран мен «алтылық» тобының «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы деп аталған келісімге қол қоюынан бері Иран нарығына қайта кіруді күткен еуропалықтар әртүрлі делегациялар қалпында ислам республикасына келіп қайтты. Статистика бойынша  өткен 1394-ші жылы 100-ден астам еуропалық делегация Иранға сапар шеккен екен.  Ағымдағы 2016-шы жылдың 16-шы қаңтарынан бастап «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының іске асырылуы Еуроодақ пен Иран арасындағы қарым-қатынастардың келешегінде ерекше орынға ие болмақ. Еуроодақ пен оған мүше болып кіретін мемлекеттер «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының іске асырылуына ерекше көңіл бөліп, оны келешектегі екіжақты қарым-қатынастарға маңызды әсер етеді деп санайды. Еуроодақ Иранмен қарым-қатынастарды іс жүзінде  іске асыруды бастап, жоғары деңгейдегі келіссөздер өткізіп, Теһранда өкілдіктерін ашуды жұмыс кестесіне енгізді. Санкцияларға дейінгі кезеңде Иранның  бірінші сауда серіктесі саналған Еуроодақ осы кезде АҚШ-пен салыстырғанда Иранмен қарым-қатынастарын кеңейтуге көбірек ынта білдіруде. Осыған орай екі жылдан астам уақыттан бері өзінің саяси, парламенттік, экономикалық және сауда саласындағы жоғары деңгейлі делегацияларын Иранға аттандырды. Қорыта айтқанда, Иран мен Еуроодақ қарым-қатынастары ынтымақтастықтар мен перспективалардың жаңа кезеңіне енді. Қазіргі таңда барлық еуропалық мемлекеттер Иранмен қарым-қатынастарын кеңейткісі келеді. Өткен екі жылда Еуропаның жоғары дәрежелі делегациялары Иранға сапар шекті. Австрия Президенті Германия Канцлерінің орынбасары, Грекия Премьер-министрі, Еуро Парламенттің төрағасы, Швейцария Президенті, Венгрия Премьер-министрі, Еуроодақтың сыртқы саясатының үйлестірушісі және бірқатар еуропалық мемлекеттердің сыртқы істер министрлері мен экономика министрлерінің сапарлары және Германия, Италия, Франция мен басқа елдердің жоғары лауазымды топтарының сапарлары сауда, экономикалық, саяси және мәдени қарым-қатынастарын жаңғыртып, мұрсатты пайдалануды көздеуде. Иран мен Еуроодақтың экономика, сауда, қаржы, банк, ғылым мен мәдениет, энергетика, туризм, инфрақұрылым, медицина, дәрі-дәрмек, транспорт пен коммуникация, көлік пен ұшақ салаларында жасаған ондаған келісімдері өткен 10 жылда кездеспеген үдеріс. Бұл жаңа кеңістік Иран мен Еуропаның арасындағы қарым-қатынастарды жақсарта алады. Маңызды мәселеге Еуроодақтың Иранмен қарым-қатынастарын кеңейтуге мүдделік танытуы жатады. Осыған орай Федерика Могерини 2016-шы жылдың ақпан айында Еуроодақтың Иранмен қарым-қатынастары  мен ынтымақтастықтарды арттыруды мақсат етіп отырғанын мәлімдеді. Могеринидің айтуынша, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы ядролық қаруды таратуға тыйым салады әрі аймақтың қауіпсіздігі үшін де өте маңызды. Могерини «Еуроодақ Иранмен екіжақты қарым-қатынастарын қайтадан  бастады» деп қуаттады. Ол Иран Сыртқы істер министрі Зарифпен  Брюссельде өткізген аймақ пен екіжақты мәселелерге қатысты соңғы келіссөздеріне тоқталып, жақын арада еуропалық қайраткерлермен бірге Иранға сапармен келетінін хабарлады. Могеринидің көзқарасынша, екіжақты саяси келіссөздер Еуроодақ пен Иранның  ортақ талабын көрсетеді. Иран да Еуроодақпен қарым-қатынастарының маңыздылығын қуаттады. Могеринидің бұрынғы Иран сапарында Ислам Кеңесі Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясының басшысы Алаеддин Бруджерди Еуроодақтың сыртқы саясатының жауапты тұлғасының Иранмен қарым-қатынастарды кеңейту  ынтасына орай Иран да өзінің стратегиялық негіздері бойынша Еуроодақпен қарым-қатынастарына шектеу қоймайтыны туралы айтты. Ол Еуроодақты ядролық мәселеге қатысты келіссөздерге қатысқан «алтылық» тобының маңызды  мүшелерінің бірі деп атады. Қорыта айтқанда, Иран мен Еуроодақ  қарым-қатынастары ирандық және еуропалық тарап  үшін «ұтыс-ұтыс» негізі бойынша орнатылып, бұл саладағы Еуроодақтың батылдығы АҚШ-тан тәуелсіз  көзқарас білдіруі болып табылады.  Қарым-қатынас тараптардың өзара құқықтарын құрметтеу және екі жақтың мүдделерін қорғау негіздеріне сүйенгені жөн. Әсіресе  экономикалық және өнеркәсіптік салаларда технологиямен алмасу және өнеркәсіпті дамыту Иран мен еуропалық мемлекеттердің қарым-қатынастарында басымдылыққа ие мәселе болып қалыптасады. Сонымен бірге Еуроодақ Иранға Оңтүстік және Орталық Азия аймағының дарбазасы ретінде қарауы керек.  Иран Еуропамен сауда  ынтымақтастықтарын кеңейтуімен бірге Еуропаның Орталық Азия, Ауғанстан және Пәкістанмен сауда орнатуының дарбазасы болады. Иранның Каспий теңізі мен Парсы шығанағына жақын орналасуы еуропалықтар үшін әлемнің басқа аймақтарымен, әсіресе Таяу Шығыс және Орталық Азиямен қарым-қатынастарын арттыру үшін маңызды мұрсат тудырады. ИИР-ның доктринасы бойынша Теһран Еуроодақпен қарым-қатынас орнатуға шектеу қоймайды. Еуроодақ Батыстың Иранға қарсы санкциялары кезінде басқалардан көбірек шығын көрді. Еуропалық мемлекеттер Теһранмен қарым-қатынас орнатып, Иранды өзінің тауарларын нарыққа шығаратын ел деп қана санамауы қажет. Иран мен Еуроодақ арасындағы қарым-қатынастар өзара мүддені сақтаған жағдайда  жалғасады.

 

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                      

Осы бөлім бойынша толығырақ « 1394-ші жылда Иракта орын алған оқиғалар

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды