Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Сейсенбі, 05 Сәуір 2016 06:26

Американың өткен жылдағы Иранмен қарым-қатынасын қорытындылау

Американың өткен жылдағы Иранмен қарым-қатынасын қорытындылау
Бұл бағдарламада Америка мен Иранның өткен жылғы қарым-қатынасын қорытындылаймыз.

Өткен 37 жылда, дәлірек айтқанда Иранның ислам революциясының жеңісінен кейін Иран мен Американың байланысы үнемі дұшпандық пен қастандыққа толы болды. АҚШ ислам республикасы жүйесінің орнауының басынан бастап Ирандағы исламдық жүйені құлату үшін елдің ішіндегі дұшпандардың сәтсіз көтерілісі мен дамылсыз талпыныстары арқылы таңылған соғыс барысында Ирактың «баас» режиміне көмектесіп, сондай-ақ Иранға қарсы кең ауқымды санкциялар салу арқылы халықаралық кампания ұйымдастырды. Соңғы бірнеше он жылдықта Америка бірнеше әртүрлі сылтаулар арқылы, яғни ИИР-ның сионистік режиммен қарсыласуы, Иранның жаппай қырып-жоятын қару өндіру талпынысы мен Иранда адам құқығының бұзылуы туралы қайталамалы уәждері және «Иран революцияны экспорттауды көздеуде» деген сылтаумен Иранға қарсы жан-жақты санкциялар салды. 2003 жылы Иранның ядролық мәселесі көтерілген соң Американың республикашыл үкіметі Иранның бейбіт сипатты ядролық бағдарламасына қарсы негізгі уәж ретінде Иранды айыптау үшін және Иранның ядролық мәселесін БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне жеткізу үшін кең ауқымды талпыныстар жасап, ақыры аталмыш кеңес тарапынан санкция салу туралы бірнеше қарардың жариялануына соқтырды. Мұны да азсынған Америка өзінің серіктестері және Еуропа одағының ынтымақтастығымен 2010 жылдан бастап, Иранға қарсы біржақты санкциялар салды. Олардың салған санкциялары өте ауқымды болды. Тіпті Америка президенті Барак Обама Иранға қарсы салынған санкцияларды қазіргі заман тарихында елдерге салынған ең қатаң санкциялар деп атады. 2013 жылы Иран президенті доктор Хасан Руханидің үкімет басына келуімен және Иранның дипломатиялық жаңа командасының Иран мен «алтылық» елдері арасындағы келіссөздерінде жаңа маусымның ашылуымен Иран мен Америка арасында ядролық келіссөздер шеңберінде екі жақты әрекеттестік үдерісі басталды. Бұл үдеріс бірінші рет Иран Сыртқы Істер Министрі доктор Мохаммад Джавад Зариф пен Американың Мемлекеттік хатшысы Джон Керридің тікелей кездесуіне ұластырды. Бұл өзінің түрі бойынша Иран мен Американың ислам революциясынан кейінгі қарым-қатынасындағы бұрын-соңды болмаған оқиға саналды. Иран мен «алтылық» тобы арасындағы Женева мен Нью-Йорктегі және Венадағы келіссөздердің бірнеше кезеңдерінен кейін, соңында америкалықтар «алтылық» тобындағы өздерінің еуропалық серіктестестерімен Иранның ядролық бағдарламасының негізін сақтауға кепілдік беретін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы деп аталған тұжырымдамаға келісті. Қауіпсіздік кеңесі де 2015 жылдың маусым айының 25 күні №2231 қарарды бекіту арқылы «Ортақ қадам бағдарламасын орындаудың жолын жеңілдетті. АҚХА-нің Басқарма кеңесінде «Иранның ядролық бағдарламасының әскери ықтималды аспектілері» (PMD) атты мәселені доғару туралы «алтылық» тобы ұсынған қарардың бекітілуімен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын жүзеге асыру үдерісі өзінің орындалу кезеңіне енді. Оның келесі кезеңдерінде, әсіресе Иранның міндеттерін орындауымен санкцияларды біртіндеп жою тақырыбы 2016 жылдың қаңтар айынан басталды. Сылтауы Иранның ядролық бағдарламасы болған Американың Иранға қарсы қастандық әрекеттері осы уақытқа дейін бұрынғысынша жалғасты. Американың демократ үкіметі Иранға қарсы санкциялардың бір бөлігін президенттерінің орындау туралы бұйрығымен жүзеге асырғанымен, сондай-ақ Америка Конгресінің Иранға қарсы санкцияларды тоқтата тұратындықтарын мәлімдегенімен, олар Иранға қарсы басқа санкциялардың бұрынғысынша күшінде қалатындығын сан рет қуаттады. Американың Қаржы министрлігі 2016 жылдың 17 қаңтар күні «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы жүзеге асырылғаннан бір күннен соң ИИР-на баллистикалық зымырандық бағдарламасына қатысты санкция салды. Америка Қаржы министрлігінің шетелдік активтерді бақылау кеңсесі жариялаған мәлімдеме негізінде Иранның баллистикалық зымырандар бағдарламасына қатысушы жеке және құқықтық он бір адам Американың санкциялар тізіміне кіргізіліп, бұл адамдардың активтері бұғатталып, компанияларға олармен серіктестік жасауға тыйым салынды. Америка Қаржы министрінің орынбасары Адам Зубин осы санкцияларды жүзеге асырудың сылтауы туралы айтқан сөзінде «Иранның баллистикалық зымырандық бағдарламасы аймақ пен әлемнің қауіпсіздігі үшін үлкен қауіп-қатер болып табылады-мыс» деген уәж айтты. Американың Қазына министрлігінің мәлімдемесінде былай деп жазылған: «Бұл шара Иранның баллистикалық зымырандық бағдарламасының кеңеюіне тосқауыл қою мақсатында Америка үкіметімен үйлестіріліп, оның мақұлдауымен орындалды». Американың Иранның әскери әлеуетін күшейтуіне, әсіресе зымырандық бағдарламасына, атап айтқанда «Амад» баллистикалық зымыранын сынақтан өткізуіне қатысты сезімталдығы Иранның қорғаныстық стратегия шеңберіндегі зымырандық арсеналының маңыздылығы көрсетеді.

Иранның зымырандық жерасты қалашықтарына ие болуы және бұл елдің ықтиярында баллистикалық зымырандардың моделдерінің көптүрлілігі тақырыбы Американың Иранға қарсы ықтималды кез келген шарадағы есептері бойынша айқындаушы фактор саналады. Осы тұрғыдан Американың бұл мәселеге қатысты сезімталдығы мен Иранға қарсы жаңадан санкция салуын түсінуге болады. Сонымен қатар Америка Иранның зымырандық әлеуетімен күресу үшін басқа тәсілдерді де қарастырды. Солардың біріне Обама үкіметінің Иранның зымырандық әлеуетімен қарсыласу мақсатында өзінің аймақтық одақтастарымен, соның ішінде сионистік режим және араб елдерімен ынтымақтастық жасауы жатады.

Республикашылдар басқаратын Конгресс те Иранға қарсы жаңадан санкция салуды көздеуде. Сенаттың шетелдік байланыстар комитеті «Ортақ қадам» бағдарламасы жүзеге асырылғанан бірнеше апта өткен соң, яғни 2016 жылдың қаңтар айында Иранға қарсы ядролық емес сылтауларымен жаңа санкциялар салуға талпыныс жасады. Сенаттың шетелдік байланыстар комитетінің төрағасы сенатор Боб Коркер мен тағы бір сенатор «Иранға қарсы санкциялар» атты заң ұзартылуы үшін Иранның таяудағы зымырандық сынақтарынан Ирандағы адам құқығының бұзылуы туралы уәждерге дейінгі көптеген мәселелерді қамтитын жобаларды әзірлеп жатқандарын мәлімдеді. Washington Post газеті бұл туралы былай деп жазды: «Зымырандық бағдарламаға қатысты санкциялар – Коркер дайындап жатқан үш жобаның бірі. Ол «Иранға санкциялар салу» заңын қайтадан қолданумен қатар үшінші жобаны да күн тәртібіне қойған. Бірақ оның егжей-тегжейін жариялаудан бас тартты».

Нью-Джерси штатынан сайланған сенатор Боб Менендес де Иранға қарсы шаралардың жиынтығын әзірлеп жатыр. Оның айтуы бойынша, шараларды Иранның ядролық ісінен тыс жүзеге асыру керек. Менендес бұдан бұрын сенатор Марк Киркпен бірге «Иранға қарсы санкциялар» заңын ұзарту үшін де жоба дайындаған болатын. Ол Иранның зымырандық сынақтары және осы елдегі «адам құқығының бұзылуы» туралы уәждерімен Теһранға қарсы санкциялардың арттырылуын қалайды. Коркер де, Менендес те Сенаттың барлық республикашылдары және тағы басқа үш демократпен бірге 2015 жылдың қыркүйек айында жасалған Иранның ядролық келісіміне қарсы болды. Олар алғашқы әрекеттерінде «Ортақ қадам» жүзеге асырылғаннан кейін Американың заң шығарушыларын Иранға қарсы шынайы түрде арандатты. Ядролық келісіммен қарсыласқан демократтар ядролық емес санкциялар бойынша әрекеттерге қолдау танытады ма, жоқ па, бұл әлі белгісіз. Мұнымен қатар Өкілдер палатасындағы республикашылдар соңғы бірнеше айды «Ортақ қадам» бағдарламасын тоқтатып немесе баяулату үшін шара қолдануға арнаған болатын.

«Ортақ қадам» бағдарламасының жүзеге асырылуына байланысты және Иран мен батыс байланыстарының қайтадан ашылуымен Парсы шығанағының оңтүстік аймағындағы елдер Иранның аймақ деңгейіндегі жобалары мен әрекеттеріне қатысты алаңдаушылық танытып отырғандары туралы уәж айтуда. Әсіресе аймақтық деңгейде, соның ішінде Йеменге соғыс ашып, Сириядағы соғыста негізгі рөлге ие болып отырған Сауд Арабиясы Иранмен ткетірестерді арттыруда басты рөл атқаруда.

Америка президенті Барак Обама 2015 жылдың маусым айындағы «Ортақ қадам» бағдарламасы туралы қорытынды келісімнен бұрын, яғни 2015 жылдың мамыр айында өзінің араб одақтастарына қайтадан сенімді болу үшін Парсы шығанағы оңтүстік аймағы елдерінің басшыларын Кэмп Дэвидке шақыру арқылы оларды «Ортақ қадам» бағдарламасының нәтижелерінен хабардар етіп, осы елдердің әлеуеттерін арттыру үшін нақты екі шараны орындауға міндеттеме қабылдады: бірінші кезеңде Америка үкіметі аймақтағы баллистикалық зымырандық қорғаныс жобаларын жылдамдату арқылы өзінің араб одақтастарының «Ортақ қадам» бағдарламасымен қарсыласуын азайтуға күш салды. Вашингтон өзінің екінші қадамы шеңберінде Таяу Шығыстағы серіктестері мен одақтастарына қару сату үдерісін жылдамдатқысы келеді. Обама 2015 жылдың мамыр айында Парсы шығанағы серіктестік кеңесіне мүше елдерге көбірек қару сатумен бірге біртұтас баллистикалық зымырандық қорғаныс құрылғысы туралы жобалардың жоспарын хабарлады.

Обама үкіметінің Иранмен келісімге қатысты келесі түйткілі – зымырандық және қару-жарақ санкциялармен байланысты аймақтық реакциялармен күресі.

Осылайша, Парсы шығанағының оңтүстік аймағындағы елдер көбірек қару-жарақ сатып алу және зымыранға қарсы ортақ құрылғылар орнату бойынша әрекет жасайды деп күту керек.

Иран мен Америка қарым-қатынастары мен жақын болашақта оның жақсаруы туралы болжамдарға керісінше шындық басқаша жағдайды көрсетіп отыр. Американың Иранға қарсы қастықұстанымы мен әрекеттері және уәде бұзушылығы мен Иранға жаңадан санкция салып, тағы да жаңа санкциялар бекіту үшін талпыныстар жасау сынды әрекеттерінің жалғасуы – Вашингтонның Иранға қатысты дұшпандық әрекеттерінің жалғасуының белгісі. Обаманың демократ үкіметі бүгін аймақтық мәселердегі Иранның теріске шығаруға келмейтін рөлі мен ықпалына байланысты Иранды іс жүзінде ресми түрде тануға мәжбүр болып, осы мәселелерді шешу үшін Иранмен ықпалдастық таныту керек деген нәтижеге жетті. Оның осы саладағы айқын мысалы Иранды Сирияға қатысты отырыстарға, әсіресе Мюнхен отырысына шақыруы болды. Вашингтон мен оның араб одақтастары Иранның сол отырысқа қатысуын қабылдап, іс жүзінде Теһранның аймақтық өзгерістердегі теңдессіз рөлі мен осы саладағы Иранның мүддесін сақтау қажеттігін мойындады.

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды