Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Сәрсенбі, 04 Мамыр 2016 20:14

Рухани: Тұрақты дамуға жетудің жолы білім мен тәрбиені күшейтуде

Рухани: Тұрақты дамуға жетудің жолы білім мен тәрбиені күшейтуде
ИИР президенті тұрақты дамуға жетудің жолын инвестиция салу және білім мен тәрбиені күшейту деп атады.

ИИР президенті Хасан Рухани Иранның түкпір-түкпірінен жиналған мұғалімдер қатысқан мұғалімдер күніне арналып өткен шарада мұғалімнің мәртебесін ұлықтап: «Иранның дамуы үшін барынша күш салу керек. Дамудың білім мен тәрбиеден басталатындығы даусыз.

Он бірінші үкімет қысылтаяңдарға қарамастан, білім мен тәрбиенің бюджетін екі есе арттырды. Дамудың жолы Иранды және елдің болашағын сүйетін кемеңгер мұғалімдер арқылы жүзеге асады» деді.

Иранның Мәдени төңкеріс жоғары кеңесінің төрағасы сөзінің келесі бір бөлімінде Иран мектептерінде түрлі шет тілдерін үйретудің маңыздылығына сілтеме жасап: «Шет тілдері сапалы түрде үйретілуі керек. Ғылымды мемлекетке тереңірек жеткізетін шет тілі үйретілуі керек» деді.

Рухани сөзінің жалғасында қоғамда үмітті күшейтудің маңыздылығын баяндап: «Иранның келешегі үшін еш нәрсе үміттен жоғарырақ емес. Егер жас буынның үміті ақталмаса даму мен ілгерілеуге қол жеткізу мүмкін емес» деді.

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды