Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Бейсенбі, 05 Мамыр 2016 16:34

Бүгін - исламның ұлық пайғамбарының пайғамбарлық міндеті басталған күн

Бүгін - исламның ұлық пайғамбарының пайғамбарлық міндеті басталған күн

Бүгін, бейсенбі хиджри қамари күнтізбесі бойынша 1437-ші жылдың ережеп айының 27-ші жұлдызы, сәйкесінше 2016-шы жылдың мамыр айының бесі - "мабас" күні. «Мабас» – ислам пайғамбарына Алла тарапынан ерекше міндет жүктелген күн.

Исламдық Иранның түкпір-түкпірінде Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад-Мұстафа (с.ғ.с.)-ның «мабас» күнінің, яғни ислам пайғамбарына Алла тарапынан ерекше міндет жүктелген күннің жылдығы тойлануда. Иран халқы 27-ші ережеп күні «мабас» күнінің жылдығын тойлап, әртүрлі рәсімдер өткізіп, тәтті тағамдар таратады.

Иранның солтүстік-шығысындағы қасиетті Мешхед қаласындағы хазірет Әли бен Мұса әр-Реза (ғ.с.)-ның кесенесі бұл күні шаттық пен нұрға бөленеді. Сондай-ақ, исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад-Мұстафа (с.ғ.с.)-ның «мабас» күнінің жылдығында Теһранның оңтүстігіндегі Құм қаласы да мерекелік көңіл-күйге толады. Исламның ұлық пайғамбарының беғсат күні адам шірк, әділетсіздік, кемсітушілік, надандық пен бұзақылықты шетке қойып, тауһид, рухани байлық пен әділетке қарай қадам басатын жолы басталады.

ИИР-ның Телерадио бірлестігі исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад-Мұстафа (с.ғ.с.)-ның «мабас» күнінің жылдығымен дүниежүзінің барша мұсылмандары мен барлық азаттық талап етушілерді құттықтайды.

 

 

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды