Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Жексенбі, 08 Мамыр 2016 13:59

Рухани: Қиындықтарды шешу үкімет пен Мәжілістің әріптестігіне байланысты

Рухани: Қиындықтарды шешу үкімет пен Мәжілістің әріптестігіне байланысты
ИИР Президенті Ирандағы қиындықтарды шешудің үкімет пен Мәжілістің әріптестігіне байланысты екендігін айтып: «Халық қиындықтар шешіліп, тұрақты экономикалық дамуға қол жеткізу үшін үкімет пен Мәжілістің бір бағытта әрекет етуін қалайды»,-деді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР Президенті Хасан Рухани сенбі күні кешке Ислам Кеңесі Мәжілісінің жаңа шақырылымына сайланған депутаттармен кездесуінде: «Үкімет пен Мәжілістің ортақ мақсаты – қиындықтарды шешу және халықтың ризалығына бөлену. Өзара әріптесіп, көбірек жақтаса отырып, қиындықтарды шешіп, тұрақты экономикалық дамуға қол жеткізу үдерісіне көбірек қарқын беруіміз керек»,-деді.

ИИР Президенті он бірінші үкіметтің Ирандағы қиындықтар мен басты мәселелерді шешу үшін жасап жатқан талпыныстарына тоқталып: «Исламдық Иранның ядролық құқығының расталуы және санкциялардың жойылуы үкімет атқарған үлкен істер болды. Үкімет мұны орындауды өз бағдарламасының басты бағдары етіп алды. Нәтижесінде Иранның ядролық құқығы Ислам революциясы жетекшісінің нұсқаулары және халық пен билік органдарының қолдауымен расталып, санкциялар жойылды»,-деді.

ИИР Президентінен бұрын сөйлеген Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани: «Тиімді экономикалық әлеуеттер, жас мамандар мен елдің қолайлы географиялық жағдайын дұрыс пайдалануымыз керек. Экономикалық серпіліс жасау деген орындалмайтын арман емес, тек даму үлгісін пайдалануымыз керек»,-деді.

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды