Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Дүйсенбі, 09 Мамыр 2016 21:32

Теһрандағы халықаралық Құран Кәрім жарыстарына 75 ел қатысып отыр

Теһрандағы халықаралық Құран Кәрім жарыстарына 75 ел қатысып отыр
Уқаф және қайырымдылық істер ұйымының төрағасы Теһрандағы халықаралық Құран Кәрім жарыстарына 75 елдің қатысып отырғанын хабарлады.

Уқаф және қайырымдылық істер ұйымының төрағасы Әли Мұхаммади Теһрандағы халықаралық Құран Кәрім жарыстарының 33-ші кезеңіне 75 елден 130 адамның қатысып отырғанын хабарлап: «Жарыстардың осы кезеңі тұңғыш рет халықтың көбірек атсаласуы мен қатысуы мақсатында Иран ислам республикасының негізін қалаушы имам Хомейни атындағы үлкен ашық намаз алаңында өтеді. Жарыстардың 33-ші кезеңіне қатысушылар Африка, Азия, Еуропа, Америка мен Океания құрлықтарынан келген. Олар ислам революциясының мәртебелі жетекшісімен де кездеседі» деді.

Теһрандағы халықаралық Құран Кәрім жарыстарының 33- ші кезеңі 2016 жылдың мамыр айының 11- 17 күндері имам Хомейни атындағы ашық намаз алаңында өтеді.

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды