Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Сейсенбі, 10 Мамыр 2016 19:56

Сардар Салами: Иранның қорғаныстық әлеуеті сенімді жағдайға ие

Сардар Салами: Иранның қорғаныстық әлеуеті сенімді жағдайға ие
Иран ислам революциясының Сақшылар корпусы бас қолбасшысының орынбасары: "Иранның қорғаныстық және сақтандыру әлеуеті сенім ұялататын жағдайда" деді.

Иран ислам революциясы Сақшылар корпусы бас қолбасшысының орынбасары бригада генералы сардар Хосейн Салами сейсенбі күні Теһранда имам Хосейн (ғ) атындағы сақшыларды тәрбиелейтін офицерлік университетте: "Дұшпандар ислам елдерінің саяси картасын әлемдік бір картада жобалауды және АҚШ- тың саясаты бойынша бір- біріне қосуды мақсат етіп отыр, алайда Иран тікелей қоқан- лоққыларға қарсы тұрып, аймақ пен әлемдегі жәбірленушілерге қолдау көрсетіп отыр" деді.

Иран ислам революциясы сақшылар корпусы бас қолбасшысының орынбасары қарсыласу қозғалысының әлеуеті жөнінде де: "Қарсыласу қозғалысы жоғары бірлік- ынтымаққа, Ливан Хезболласы мен Палестинадағы жиһадтық топтар мен ағымдар жоғары қабілетке ие" деді.

Сардар Салами Йеменнің ахуалына да сілтеме жасап: "Сауд Арабиясы Йеменде еш нәтижеге қол жеткізген жоқ. Ислам елдерінде қарсыласу майданы белсенді болып, ислам әлемінің оянуы бағытында жүріп жатыр" деді.

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды