Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Сейсенбі, 10 Мамыр 2016 20:05

Рухани: Иранның мал- мүкі тоналуға қатысты іс халықаралық сотқа апарылады

Рухани: Иранның мал- мүкі тоналуға қатысты іс халықаралық сотқа апарылады
ИИР президентітің Америка тарапынан Иран халқының 2 млрд доллар мал- мүлкінің тәркіленуі мен тоналуына қатысты іс жуырда халықаралық трибуналға апарылатынын хабарлады.

ИИР президенті Хасан Рухани сейсенбі күні өзінің 27- ші облыстық сапарында Иранның оңтүстігіндегі Керман облысының халқы алдында сөйлеген сөзінде: "Үкімет Иран халқының 2 млрд доллар мал- мүлкінің АҚШ үкіметі тарапынан тоналуы мәселесінде халықтың құқығын қорғау үшін өз талпыныстарын жалғастырып, қолдан келгенін аямайды. Иран үкіметі Иран халқының байлығының тәркіленуіне жол бермейді. Осы іс жуырда халықаралық трибуналға апарылады" деді.

Рухани сондай- ақ «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасын күшіне енгізудің нәтижелерін баяндап: "Өткен бірнеше айда Иранға 3 млрд доллардан астам қаржы салынды. Ислам революциясы мәртебелі жетекшісінің жол нұсқаулары, халық пен өзге күштердің бірлігімен ислам республикасы тарихи бұрылыстан аман өтіп, «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасын нәтижеге жеткізе алды" деді.

Рухани сондай- ақ ислам революциясы Сақшылар корпусының Иран мен аймақтың қауіпсіздігін қорғаудағы әсерлі рөліне сілтеме жасап: "Сақшылар корпусы Ирак пен Сириядағы қасиетті мекендер мен имамдардың кесенелерін қорғау үшін, сонымен қатар Ливан, Палестина, Ауғанстан және тағы да басқа Иран халқы мен үкіметінен көмек сұраған аймақтарды қорғау үшін батылдық көрсетеді" деді.

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды