Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Сәрсенбі, 11 Мамыр 2016 19:09

Рухани: Иранның даму жолы айбынмен жалғасады

Рухани: Иранның даму жолы айбынмен жалғасады
Иран президенті Иранның үштік билігінің ислам революциясының мәртебелі жетекшісінің жол нұсқауымен айбынмен даму жолын жалғастыратынын мәлімдеді.

Иран президенті Хасан Рухани сәрсенбі күні Иранның оңтүстігінде орналасқан Керман облысының мекемелік кеңесінің отырысында мемлекетте бірлік, тұтастық және үйлесімділіктің қажеттігін қуаттап: «Басшылар мен үштік биліктің барлығы бір мақсаттың, яғни Иранның дамуы мен елдегі ахлақ пен руханияттылықтың сақталуын көздейді» деді.

Хасан Рухани Иранның дамуы мен ілгерілеуі үшін жақсырақ жағдай қалыптастыруға сілтеме жасап: «Қазір әлемдегі көптеген зерттеу кеңселері Иранды қаржы салу үшін жақсы әрі қауіпсіз ел деп санайды.

Бүгінде соңғы бірнеше айда сәтсіздікке ұшырап, Иранға ашу танытып отырған сионистік басқыншы режим мен аймақтағы бірнеше санаулы елден басқа мемлекеттер Иранмен ынтымақтастық жасауға және Иранға қаржы салуға үміт артып отыр» деді.

Иран президенті қарсыласу экономикасын барлық салаларда күшіне енгізуді қуаттап: «Ішкі өндірісті күшейту және экономика мен технология саласында әріптестік жасау қарсыласу экономикасын тезірек жүзеге асыру үшін лазым» деді.

ИИР президенті сейсенбі күні 11-ші үкіметтің облыстық 27-ші сапарында Иранның оңтүстігінде орналасқан Керман облысына келді.

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды