Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Сәрсенбі, 11 Мамыр 2016 20:02

Бүгін халықаралық Құран Кәрім жарыстарының 33- ші кезеңі басталады

Бүгін халықаралық Құран Кәрім жарыстарының 33- ші кезеңі басталады
Халықаралық Құран Кәрім жарыстарының 33- ші кезеңі Теһранда ислам кеңесі мәжілісі төрағасының қатысуымен ашылады.

Уқаф және қайырымдылық істер ұйымының ақпарат хатшысы Хасан Рабиғи Құран жарыстарының ашылу рәсімі бүгін сәрсенбі күні түстен кейін Иран ислам республикасының әнұранының орындалуымен және Құран Кәрім аяттарынан үзінді оқып, Иран ислам кеңесі мәжілісі төрағасының баяндама жасауымен өтетінін айтты.

Халықаралық Құран Кәрім жарыстарының 33- ші кезеңі 17- ші мамырға дейін Теһрандағы имам Хомейни атындағы үлкен ашық намаз алаңында әлемнің 75 елінің өкілдерінің қатысуымен Құранды толық жатқа білу және қырағат саласында өтеді. Халықаралық Құран Кәрім жарыстарының осы кезеңіне ислам әлемінен 130 хафиз бен қари осы жарыстарда сайысқа түседі. Биылғы жарыстарға Африка құрлығынан 32, Азия құрлығынан 23, Еуропадан 20, Америка құрлығынан 2 ел мен Океаниядан 1 ел қатысып отыр.

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды