Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Сенбі, 14 Мамыр 2016 19:30

Зариф: Халық «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасының әсері мен нәтижелерін іс жүзінде сезінуі керек

Зариф: Халық «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасының әсері мен нәтижелерін іс жүзінде сезінуі керек
Иран Сыртқы істер министрі: "Жаңа жағдайда елшілердің талпынысы экономиканың дамуын алға жылжытуға және Иран халқының күнкөріс жағдайын жақсартуға шоғырлануы керек" деді.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф ««Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы және қарсыласу экономикасы: мұрсаттар мен мүмкіндіктер» атты тақырыпта шетелдегі Иран ислам республикасының өкілдіктері төрағалары семинарының ашылу отырысында: «Халық «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасының әсері мен нәтижелерін іс жүзінде сезінуі керек» деді.

Зариф Америкадағы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты қарсыластардың ұстанымын баяндап: «Америкада сионистік режимге жақтас «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасының кейбір қарсыластары өз көзқарастарын таңу арқылы «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасының нәтижелерін солғындатуға күш салды» деді.

Иран Сыртқы істер министрі «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасының арқасында қол жеткізілген нәтижелер туралы нысапты бейне ұсынуда реалистік қөзқарастың қажеттілігін баяндап: «Шетелдегі Иран ислам республикасының өкілдіктері «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасынан кейін жаңа бағыт- бағдар ұсынуда және жаңа жол ашуда негізгі рөлге ие» деді.

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды