Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Сәрсенбі, 01 Сәуір 2015 11:00

Амир Абдоллаһиан: Сауд Арабиясының Йеменге шабуылдары тоқтатылуы керек

Амир Абдоллаһиан: Сауд Арабиясының Йеменге шабуылдары тоқтатылуы керек

ИИР Сыртқы істер министрінің Араб және Африка елдері жөніндегі орынбасары Йеменге қарсы әуе шабуылдарын жедел тоқтатуды сұрады.

ИИР Сыртқы істер министрінің Араб және Африка елдері жөніндегі орынбасары Амир Абдоллаһиан: «Йемен халқы мен жеріне қарсы әуе шабуылдары мен кез келген әскери әрекеттерді жедел тоқтатып, йемендік партиялар мен топтар арасындағы ұлттық келісімді жақын арада жүзеге асыру – осы елдегі барлық қиыншылықтардың шешім жолы» деп баса айтты.

Амир Абдоллаһиан Кувейтте өткен Сирия мәселесіне арналған үшінші халықаралық гуманитарлық отырыста: «ИИР бейкүнә адамдардың өлімі және жаралануымен аяқталған Йеменге жасалған шетелдік күштердің әуе шабуылдарын қауіпті әрекет, сондай-ақ елдердің ұлттық егемендігін құрметтеуге қатысты халықаралық жауапкершілікке қайшы іс деп санайды» деді.  

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды