Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Сенбі, 04 Сәуір 2015 09:37

Арабстанның Йеменге қарсы шабуылдарын уақытша тоқтату мәселесін қарау үшін Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтеді

Арабстанның Йеменге қарсы шабуылдарын уақытша тоқтату мәселесін қарау үшін Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтеді

Ресейдің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне жасаған ұсынысы бойынша, Арабстанның Йеменге қарсы шабуылдарын уақытша тоқтату мәселесі қаралады.

«Франц Пресс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі бүгін сенбі, Гринвич уақыты бойынша сағат 15:00-де Арабстанның Йеменге қарсы шабуылдарын осы елдің халқына көмек көрсету операцияларын орындау үшін уақытша тоқтату жөніндегі Ресейдің ұсынысын қарау мақсатында мәжіліс құрады. Дипломатиялық дереккөздерінің айтуы бойынша, Арабстан ұшақтары шабуылдарының кесірінен Йеменде әскери емес адамдардың қаза болуының артуымен Ресей осы шабуылдарды тоқтату арқылы халықаралық ұйымдардың Йемен халқына гуманитарлық көмектер жеткізуі туралы ұсыныс жасады. БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық істер бойынша орынбасары Валери Амос осыдан бұрын Йеменде 519 адамның қазаға ұшырауы мен 1700-ден астам азаматтың жаралануына алаңдаушылық білдірген болатын. БҰҰ-ның балалар қоры «UNICEF» осы аптада Йеменге жасалған шабуылдарда кемінде жүз баланың қаза болғанын хабарлады.

 

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды