Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Сенбі, 04 Сәуір 2015 16:04

Сауд Арабиясының Йеменге шабуыл жасап жатқанына он күн болды

Сауд Арабиясының Йеменге шабуыл жасап жатқанына он күн болды

Сауд Арабиясының қырғи ұшақтары бүгін де Йеменнің әртүрлі өңірлерін бомбалады.

Йеменнің адам құқығын қорғау ұйымы Сауд Арабиясының Йеменде соғыс қылмыстарын жасап жатқанын хабарлады.  "Расад" деп аталатын азаматтық альянс сенбі күні мәлімдеме таратып: "Йеменнің қарапайым азаматтары мен маңызды инфрақұрылымы Сауд Арабиясы шабуылдарының басты нысанасына алынып отыр. Сол шабуылдарда көптеген йемендік әйелдер мен балалар қаза тапты",-деп хабарлады. Осы мәлімдеме негізі бойынша, Сауд Арабиясының Йеменге жасап жатқан әуе шабуылдары мыңдаған жанұяны босқынға айналдырған. Дүниежүзілік Қызыл крест ұйымы Сауд Арабиясы қырғи ұшақтарының осы ұйымға тиесілі дәрі-дәрмек тиеген ұшақтардың Санаға кіруіне рұқсат бермей отырғанын мәлім етті. БҰҰ-ның Балалар қоры – ЮНИСЕФ те: "Сауд Арабиясының Йеменге жасаған шабуылдарында кемінде 62 бала көз жұмып, жүзден аса бала жараланды",-деп хабарлады. Йеменнің өзінен келіп түсіп жатқан ақпарат бойынша,  халықтық күштер мен  армия Сауд Арабиясының Адендегі әл-Каида ұйымының күштеріне жіберген кейбір жүктерін қолға түсірген. Аденнің айналасында армия мен халықтық комитеттердің  әл-Каида күштері мен Йеменнің отставкаға кеткен Президенті Мансур Хадидідің жақтастарымен қақтығыстары жалғасып жатыр. БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі бүгін Ресейдің ұсынысымен Сауд Арабиясының Йеменге шабуыл жасау тақырыбын талқылайды. Сауд Арабиясының Йеменге шабуылына қатысты аймақтық және халықаралық қарсылықтар әлі жалғасуда.  

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды