Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Жексенбі, 05 Сәуір 2015 15:49

Лариджани: Иранның Йеменге қатысты ұстанымы мәселені сұхбаттасу арқылы шешу болып табылады

Лариджани: Иранның Йеменге қатысты ұстанымы мәселені сұхбаттасу арқылы шешу болып табылады

Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Иран Ислам Республикасының Йеменге қатысты ұстанымы мәселені ішкі сұхбаттасулар арқылы шешу болып табылатынын айтты.

ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани сенбі күні кешке Пәкістан ұлттық мәжілісінің төрағасы Сардар Аяз Садықпен телефон арқылы сұхбаттасуында Арабстанның Йеменге жасаған әскери шабуылына өкініш білдіріп: «Осындай әскери шабуыл қандай мақсатпен жүзеге асырылған болса да, ислам үмбетіне соққы беру болып табылады әрі сионистік режим мен алпауыт елдер үшін пайдалы болады. Шабуыл жасаушы елдер өз мүмкіндіктерін бір ислам еліне қандай түрткімен соққы беруге қолданып отырғаны туралы жауап беруі тиіс» деп баса айтты. Лариджани сондай- ақ, Пәкістан ұлттық мәжілісі төрағасының Йеменмен соғысқа араласпау жөніндегі тұрғыларына алғыс айтып: «Иран аймақ елдерінің, соның ішінде Пәкістан армиясының Йеменге кез-келген араласуына қарсы және оны Пәкістанның мұсылман халқы үшін зиян деп санайды» деді. Пәкістан ұлттық мәжілісінің төрағасы Сардар Аяз Садық та: «Дүйсенбі күні Пәкістан ұлттық мәжілісі мен Сенатының бірлескен отырысында Йемен мәселелеріне шолу жасалады. Бұған қоса Пәкістан осы соғыстың ешбір тарапына араласуды мақсат етпейді және осы дағдарысқа кіруді қаламайды» деді. Иран ислам кеңесі мәжілісінің депутаттары жексенбі күні мәлімдеме қабылдап, Арабстанның Йемен халқына шабуыл жасауы бір тәуелсіз ұлт пен елге қарсы ашықтан- ашық шапқыншылық әрекет болып табылады деп, оны айыптады.

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды