Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Жексенбі, 05 Сәуір 2015 15:50

Әртүрлі елдерде Арабстанның Йеменге жасаған шабуылын айыптаған шерулер өтті

Әртүрлі елдерде Арабстанның Йеменге жасаған шабуылын айыптаған шерулер өтті

Әртүрлі елдердің халықтары ауқымды шерулер өткізу арқылы Йемен халқымен үндестіктерін білдірді.

Ливанның «әл- Аһд» ақпарат торабының жексенбі күнгі мәліметіне қарағанда, Арабстанның Йеменге әскери шабуылдарын жалғастыруы барысында түрлі араб елдерінің халықтары ауқымды шерулер өткізіп, Йемен халқына үн қосумен бірге Арабстанның шапқыншылығын айыптады. Осы мәлімет бойынша, Бахрейннің бір топ халқы сенбі және бүгін, жексенбі күндері шеру өткізіп,  Арабстанның Йеменге жасап отырған шабуылын айыптады. Бахрейн режимінің Арабстанның Йеменге жасап отырған шабуылы туралы еркін пікір білдіруге кедергі келтіруіне қарамастан өткен шерулерге қатысушылар қолдарына Йеменнің жалауы мен Ансаролла халықтық қозғалысының жетекшісі Абдолмалек Хусидің суреттерін алып шыққан. Сондай-ақ, Палестинада белсенділер Йемен халқына үн қосу мақсатында Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Рамалла қаласындағы «әл-Менаре» алаңына жиналды. Ирак пен Сирия елдерінің халқы да шерулер өткізу арқылы Арабстанның Йеменге жасап отырған шабуылдарын айыптады. Ливанның «әл- Маядин» телеарнасы «Арабстан қырғи ұшақтары жексенбі күні Йеменннің оңтүстік- батысындағы Ходейда қаласынан Таизға баратын жолда ұн мен тамақ өнімдерін тиеген алты жүк көлігін нысанаға алды» деп хабарлады. Сондай- ақ, БҰҰ- дағы Ресейдің тұрақты өкілі Владимир Сафронков жексенбі күні тілшілерге берген сұхбатында Ресей мен бірнеше ТМД елдерінің азаматтарын Йеменнен алып кету үшін қолданған ұшақтармен осы елге әскери жабдықтар жөнелтпегенін айтты. Ресей соңғы екі күнде төрт жолаушы ұшағымен осы ел мен ТМД елдерінің 500-ден астам азаматын Йеменнен шығарды.

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды