Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Бейсенбі, 07 Мамыр 2015 15:43

Йеменнің Ансаролла қозғалысы: Сауд Арабиясы қылмыс жасау арқылы өз жеңілісінің есесін қайтаруды көздейді

Йеменнің Ансаролла қозғалысы: Сауд Арабиясы қылмыс жасау арқылы өз жеңілісінің есесін қайтаруды көздейді

Йеменнің Ансаролла халықтық қозғалысы Сауд Арабиясын Йемен халқына қарсы қылмыстарды жалғастырып жатыр деп айыптады.

«Әл-Әлам» телеарнасы ақпарат сайтының хабарлауы бойынша, Йеменнің Ансаролла халықтық қозғалысының баспасөз хатшысы Мұхаммад Абдулсалам: «Саудиялық басқыншылар Йеменде қайта-қайта жеңіліске ұшырағаннан кейін халықты қырып-жойып,  қарапайым азаматтарды бомбалауға кірісті. Йеменнің солтүстігіндегі Сааде қаласы мен елдің оңтүстігіндегі Дамар қаласында өткен 24 сағат ішінде жасалған шабуылда кемінде 51 адам қаза тапты.

Сауд Арабиясының қылмыскерлері бір жағынан Йемен халқына қарсы қылмыс жасап, халыққа қажетті тауарлардың енуіне тосқауыл қойып,  екінші жағынан Йемен халқына көмектескіміз келеді деген уәж айтады»,-деді.

Мұхаммад Абдулсалам Йеменнің оңтүстігіндегі Аден қаласының әл-Тауахи ауданының лаңкестерден азат етілгендігіне тоқталып: «Сауд Арабиясының Йеменге қарсы әуе шабуылдарының жалғасып жатқанына қарамастан, Йеменнің Ансаролла халықтық қозғалысының күштері әл-Тауахи ауданы халқының әріптестігінің арқасында осы ауданды әл-Каида лаңкесік тобына қарасты лаңкестерден тазартты»,-деп қуаттады.  

Осындай жағдайда Сауд Арабиясының қалалық қорғаныс орталығы сәрсенбі күні: «Йеменмен шекарадағы Наджран ауданында снарядтың жарылуы салдарынан Сауд Арабиясының 5 әскериі қаза тауып, 11 адам жараланды»,-деп хабарлады.

Йемендік ақпарат көздері де 8 саудиялық базаның бұрынғысынша  йемендік тайпалардың бақылауында екендігін, ол жерлерде ешбір саудиялықтың жоқ екендігін хабарлады.

Сонымен қатар, «әл-Масире» ақпарат арнасының хабарлауынша,  Йеменнің солтүстігіндегі Сааде облысында орналасқан әл-Баға ауданының тайпалары Сауд Арабиясының бір тікұшағын құлатқан.     

 

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды