Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Жұма, 08 Мамыр 2015 16:31

Иранның түкпір-түкпірінде намазхандар Сауд режимінің Йемендегі қылмыстарын айыптаған шерулер өткізді

Иранның түкпір-түкпірінде намазхандар Сауд режимінің Йемендегі қылмыстарын айыптаған шерулер өткізді

ИИР-ның түкпір-түкпірінде жұма намазына қатысқан халық шерулерге шығып, Сауд режимінің  Йемен халқына қарсы қылмыстарын айыптады.

Иранның әртүрлі қалаларында, соның ішінде Теһран, Құм, Мешхед және басқа 770-тен астам қалада жұма намазынан кейін халық Сауд режимінің Йеменнің күнәсіз және қорғансыз  мұсылман халқын жаппай қыруын айыптап, шерулерге шығып, қылмыстарды тоқтатуды талап етті.

Теһрандағы жұма намазға қатысқан жамағат  Йеменнің қорғансыз халқына қолдау көрсетіп, Сауд режиімінің халықты қыру әрекеттеріне жиіркеніштерін жариялап, шеруге шығып, «АҚШ-қа өлім!», Сауд режиміне өлім!» және «Сионистік режимге өлім!» деген ұрандар айтты.

Теһрандағы шерушілер өздерінің қорытынды  қарарларында Сауд Арабиясының астанасы Риядты лаңкестіктің астанасы деп атап, халықаралық қауымдастықтан, әсіресе Исламдық ынтымақтастық ұйымы мен Ислам әлемінің құқықтық қоғамынан Сауд режимінің қылмыскер және тәуелді басшыларын соттау үшін шара қабылдауды  талап етті.

 

 

 

 

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды