Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Бұл бағдарламада Ливиядағы Каддафи үкіметі құлатылғаннан кейінгі ұлттық келіссөздер мен сұхбаттардың маңызына сілтеме жасалумен қатар ұлттық бітім үкіметінің алдындағы басты бағдарлар мен түйткілдер қарастырылады.
Иран Сыртқы істер министрінің Араб-Африка елдері жөніндегі орынбасары мен Ливан Хизболласының Бас хатшысы Бейрутте кездесіп, Палестина, Ливан және Сирияның жағдайлары туралы пікір алмасты.
Түркия Президенті халықаралық қоғамды аймақ дағдарысына немқұрайдылық танытқаны үшін айыптады.
Израиль режимінің құрылуының жылдығы «Некбат» (тауқімет, бақытсыздық) күніне байланысты Йордан өзенінің батыс жағалауы мен Газа секторы және 1948-ші жылы жаулап алынған жерлерде өмір сүретін палестиналық тұрғындар шеру өткізіп, Палестинаның мақсаттары …
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының басшысы Ливан Хизболласының мықты күрескері Мұстафа Бадруддиннің шәһид болуына байланысты көңіл айтты.
Ливан Хезболласының бас хатшысы «әл-Ақсамен үндестік» атты халықаралық форумға жолдауында қарсыласу қозғалысының Құдсты жаулап алған режимге қарсы Палестинаның жәбірленген халқына қолдау көрсетуін жалғастыратынын қуаттады.
Ирактың қауіпсіздік күштері әл- Анбар облысының орталығы Рамади қаласының солтүстігінде әл- Бузияб аймағында ДАИШ лаңкестік тобына тиесілі барлаушы ұшқышсыз ұшағының көзін жойды.
Сирия армиясы осы елдің шығысында орналасқан Дайр-эз-Заур қаласындағы әл- Асад ауруханасын лаңкестерден қайтарып алды.
Әшкерt болған телефон сұхбаттарs Түркия үкіметінің ДАИШ лаңкестерінің осы елдің шекараларынан өтуіне қалайша көзжұмбайлықпен қарайтынын көрсетеді.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы кейбір аймақтық елдердің Парсы шығанағының атауын алып тастауға қатысты талпыныстарының нәтиже бермейтінін айтты.
Ливан Хезболласы тәкфирлік топтарды осы топтың аға қолбасшысы Мұстафа Бәдруддиннің өміріне жасалған қастандыққа жауапты деп атады.
ДАИШ лаңкестік тобының Ирактың Балад қаласындағы испаниялық Реал Мадрид футбол клубының жанкүйерлері жиналатын кофеханаға жасаған шабуылы салдарынан кем дегенде 16 адам қаза тапты.
Иран ислам республикасының Байланыс және ақпараттар технологиясы министрі Иран мен Түркияның аймақ елдерінің шекараларына кез- келген өзгерту енгізуге қарсы екендіктерін мәлімдеді.
Иран ислам революциясы Сақшылар корпусының қолбасшысы: "Халеб қаласы Сириядағы қарсыласу қозғалысы мен шапқыншылардың соңғы күш сынасуы болып табылады" деді.
Сирияның Хамимим әуе базасындағы ымыраны қадағалаушы ресейлік орталық «ән- Носрат майданы» лаңкестік тобының осы елдің солтүстігінде ымыраны бұзғанын хабарлады.
Йеменнің отставкадағы президентіне қарасты күштер мен Сауд Арабиясының жалдамалы күштері шабуыл нысанасына алынды.
Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі "Саудиялықтардың кедергі келтіруінің жалғасуымен биылғы қажылық парызын өтеу үшін жағдай дайын емес" деді.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Ислам әлеміндегі бейберекеттіктердің тек сионистерге ғана пайдалы екенін айтты.
Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы: "Егер виза беру және ирандықтардың биылғы қажылық сапарына аттануы жөніндегі Сауд Арабиясымен арадағы келіспеушілік шешілмесе, Сауд Арабиясы ирандық қажылардың алдынан жолды жапқаны үшін жауапты болады" …
Йемен халқының 2 миллионнан астам азаматы Сауд Арабиясының әуе шабуылдары салдарынан үйлерінен кетуге мәжбүр болды.
Page 1 of 187