Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Сәрсенбі, 11 Мамыр 2016 13:34

Сауд Арабиясының шабуылдары салдарынан Йемен халқының жағдайы нашарлауда

Сауд Арабиясының шабуылдары салдарынан Йемен халқының жағдайы нашарлауда
Йемен халқының 2 миллионнан астам азаматы Сауд Арабиясының әуе шабуылдары салдарынан үйлерінен кетуге мәжбүр болды.

Санадағы Босқындар істері жөніндегі қайраткерлердің бірі сейсенбі күні al-Alam арнасына берген сұхбатта: «Йеменнің 2 миллион 640 мың азаматы Сауд Арабиясы мен оның одақтастарының әуе шабуылдары салдарынан үйлерінен кетіп, босқынға айналды»,- деді.

Бұл мәлімет бойынша, Йеменнің астанасы Сана босқындар орталығына айналған. Босқындар ішуге жарамды су, азық-түлік және қарапайым қызметтің тапшылығымен кезігіп отырғандықтан олардың жағдайы алаңдатарлық деңгейде. Бұл босқындардың тек аз ғана бөлігі ғана ауыз су мен азық-түлік және салыстырмалы түрдегі қолайлы жағдайға ие.

Сауд Арабиясының шабуылдары Йеменнің әртүрлі облыстарындағы босқындардың санының артуына себеп болуда. Халықаралық мәлеметтер де Йеменнің шамамен 8 миллион азаматының аштықтан және азық-түлік тапшылығынан қиындық көріп отырғанын көрсетеді.

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды