Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Бейсенбі, 12 Мамыр 2016 19:43

Жәннати: Қажылық парызын орындау үшін жағдай дайын емес

Жәннати: Қажылық парызын орындау үшін жағдай дайын емес
Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі "Саудиялықтардың кедергі келтіруінің жалғасуымен биылғы қажылық парызын өтеу үшін жағдай дайын емес" деді.

Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі Әли Жәннати бейсенбі күні Теһранның оңтүстігіндегі Құм қаласында дін басылардың бірі аятолла сейіт Абдолкәрим Мусави Ардабилимен кездесуінде биылғы қажылықтың соңғы жағдайы туралы есеп беріп: «Шамамен төрт айдан бері саудиялықтармен қажылық мәселесін шешуге талпыныс жасалды, бірақ виза, әуе тасымалы және қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету сияқты мәселелер негізіндегі Иранның ұсыныстары Иранның консулдығының жоқтығына байланысты қабылданбады.

Арабстандық басшылар виза беруге қатысты ешқандай уәде берген жоқ. Олар Иран қажылары үшінші елге барып, сол жерден виза алуы керек деп санайды. Осы саясат қажылық үшін жағдайдың дайын еместігін көрсетеді» деді.

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды