Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Бейсенбі, 12 Мамыр 2016 20:45

Хамимим орталығы: Лаңкестер Сириядағы ымыраны бұзды

Хамимим орталығы: Лаңкестер Сириядағы ымыраны бұзды
Сирияның Хамимим әуе базасындағы ымыраны қадағалаушы ресейлік орталық «ән- Носрат майданы» лаңкестік тобының осы елдің солтүстігінде ымыраны бұзғанын хабарлады.

Ливанның «Almayadeen» телеарнасының бейсенбі күнгі хабарлауы бойынша, Сирияның Хамимим әуе базасындағы ымыраны қадағалаушы ресейлік орталық "«Ән- Носрат майданы» тобының лаңкестері ымыраны бұзумен Халеб қаласының айналасындағы аймақтар мен Сирияның солтүстігіндегі осы қаланың «шейх әл- Мақсұт» және «әл- Майдан» атты екі ауданын минометпен атқылады" деп мәлімдеді.

Лаңкестер «Сейф әд доуле» қалашығына да минометпен шабуыл жасап, екі сириялық азаматты өлтірді.

Сирияның Хамимим әуе базасындағы ымыраны қадағалаушы ресейлік орталық "«Нираб» әскери әуежайы мен Халебтің «Хандраб» босқындар қосыны да «ән- Носрат майданы» лаңкестерінің минтметпен шабуылдарының нысанасына айналды" деп мәлімдеді.

Мұнымен қатар Халебтің оңтүстігінде «Хан Туман» қалашығының айналасында Сирия армиясы мен лаңкестік топтар арасындағы шайқас жалғасып жатыр. Осы қақтығыстар барысында кем дегенде 94 лаңкестің көзі жойылды.

Ымыраны ұзартуға қарамастан лаңкестік топтар оны елемей, түрлі қалаларда, соның ішінде Халебте тұрғын аймақтарға минометпен және зымырандық шабуылдарын жалғастыруда.

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды