Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Жұма, 13 Мамыр 2016 19:31

Иран мен Түркия аймақ елдерінің шекараларын өзгертуге қарсы

Иран мен Түркия аймақ елдерінің шекараларын өзгертуге қарсы

Иран ислам республикасының Байланыс және ақпараттар технологиясы министрі Иран мен Түркияның аймақ елдерінің шекараларына кез- келген өзгерту енгізуге қарсы екендіктерін мәлімдеді.

Иранның Байланыс және ақпараттар технологиясы министрі Махмуд Ваэзи Теһранда Түркияның Мәдениет және туризм министрі Кахир Уналды қабылдауында: «Иран мен Түркияның аймаққа қатысты саясаты айқын. Олар мемлекеттерді бөлуді және шекараларын өзгертуді әрі аймақтағы үкіметтердің ішкі ісіне өзгелердің араласуын қабылдамайды» деді.

Иранның Байланыс және ақпараттар технологиясы министрі экстремистік ойлардың шын исламның әлем жұртшылығына таныстырылуына жол бермейтінін айтып: «Осы жағдай аймақтағы мұсылмандардың тауқыметіне себеп болып отыр» деді.

Иран мен Түркияның аймақта және ислам әлемінде бейбітшілік пен тұрақтылық орнату үшін тиімді рөл атқара алатынын қуаттаған Ваэзи: «Иран Түркияда тұрақтылықтың орнатылуы мен осы елдің ілгерілеушілігін өз мүддесі шеңберінде көреді. Түркияның да осындай саясатқа ие екендігі даусыз» деді.

Түркияның Мәдениет және туризм министрі Кахир Унал да осы кездесуде Түркияның санкция кезінде, әсіресе энергия мен банк саласында Иранмен ынтымақтастық жасағанын баяндай келе: «Анкара Иранмен мәдениет және туризм саласындағы ынтымақтастығын бұрынғыдан көбірек кеңейтуді мақсат етіп отыр. Түркияның жекеменшік бөлімі Иранда қонақ үй салу жобаларын қарастырып жатыр» деді.

Унал Батыс елдерінің аймақтың ісіне араласуына сілтеме жасап, Иран мен Түркияның аймақта бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуға шамасы жететінін қуаттады.

 

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды