Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Сенбі, 14 Мамыр 2016 20:26

Тәкфирлік топтар Бәдруддиннің өміріне жасалған қастандыққа себепкер

Тәкфирлік топтар Бәдруддиннің өміріне жасалған қастандыққа себепкер
Ливан Хезболласы тәкфирлік топтарды осы топтың аға қолбасшысы Мұстафа Бәдруддиннің өміріне жасалған қастандыққа жауапты деп атады.

Хезболла өз мәлімдемесінде Дамасктағы халықаралық әуежай маңында шәһид болған Мұстафа Бәдруддинге қалай қастандық жасалғаны туралы зерттеу нәтижелерін жариялап: «Мұстафа Бәдруддиннің шәһид болуына себеп болған жарылыс тәкфирлік топтардың артиллериялық шабуылынан туындады. Осы зерттеу нәтижесі қарсыласу күштерінің қылмыскер топтармен шайқасты жалғастыруға деген талабын арттырады. Бұл лаңкестерді негізгі нысанаға алатын америкалық- сионистік жобамен шайқас болып табылады» деп қуаттады.

Ливан Хезболласы жұма күні таңертең Дамаск халықаралық әуежайының маңында Хезболланың штаб-пәтерінде болған жарылыс салдарынан «Зұлфақар» деп танымал болған Мұстафа Бәдруддиннің шәһид болғанын жариялады.

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды