Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Жексенбі, 15 Мамыр 2016 13:42

Анкараның ДАИШ-тың әрекеттеріне көзжұмбайлықпен қарап отырғанын растайтын құжаттар жарияланды

Анкараның  ДАИШ-тың әрекеттеріне көзжұмбайлықпен қарап отырғанын растайтын құжаттар жарияланды
Әшкерt болған телефон сұхбаттарs Түркия үкіметінің ДАИШ лаңкестерінің осы елдің шекараларынан өтуіне қалайша көзжұмбайлықпен қарайтынын көрсетеді.

Press TV телеарнасының Russia Today-дің сенбі күнгі мәліметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Түркия Парламентіндегі оппозициялық партияның өкілі Эрем Эрдем 422 беттен тұратын осы телефон арқылы сұхбаттардың мәтінін ақпарат құралдарына ұсынған.

ДАИШ-тың танымал мүшесі Ибрахим Балидің өзінің Түркиядағы байланыстырушыларымен телефон арқылы сұхбаттарынан тұратын осы мәтін Түркияның қауіпсіздік күштерінен алынды.

Бали Түркиядағы бомба қою амалдарына, соның ішінде Анкара мен Суруч қалаларындағы жарылыстарға араласқан деген күдік бар.

Эрем Эрдем баспасөз конференциясында бұл құжаттарда ДАИШ лаңкестері әрекеттерінің егжей-тегжейі баяндалғанына тоқталып: «Өкінішке орай, үкімет басшылары осындай мәліметтерге ие бола отырып, лаңкестерді құрықтау үшін ешқандай шара қолданбады»,-деді.

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды