Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Жексенбі, 15 Мамыр 2016 20:42

Сирияда бір аурухана лаңкестердің басқыншылығынан азат етілді

Сирияда бір аурухана лаңкестердің басқыншылығынан азат етілді
Сирия армиясы осы елдің шығысында орналасқан Дайр-эз-Заур қаласындағы әл- Асад ауруханасын лаңкестерден қайтарып алды.

«Alalam» хабар арнасының жексенбі күнгі мәлімдеуінше, Сирия армиясының күштері арнайы іс- қимылда әл- Асад ауруханасын лаңкестердің басқыншылығынан азат етумен қоса, осы емдеу орталығында құрықталған барлық дәрігерлер мен азаматтарды азат етті.

Хабар көздерінің мәлімдеуінше, Сирия армиясы күштерінің осы аурухананы азат ету үшін лаңкестермен шайқасуы барысында шамамен 20 лаңкестің көзі жойылған. Сондай- ақ шамамен 35 сириялық күш қаза тапқан.

«Әл- Асад» ауруханасын сенбі күні ДАИШ лаңкестік тобы басып алған болатын.

Сирия армиясы сондай- ақ ДАИШ- тің «Дайр-эз-Заур» әскери әуежайына қарсы қимылдарына тосқауыл қойды.

Сирия армиясының әуе күші де осы әуежай айналасындағы ДАИШ лаңкестері орналастырылған бекіністерді нысанаға алды.

ДАИШ «Дайр-эз-Заур» қаласының жартысынан астамын қарамағына алып, қаланы түгелдей басып алуға күш салуда.

«Дайр-эз-Заур» қаласы Сирияның шығысындағы мұнайға бай қала болып табылады.

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды