Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Жексенбі, 15 Мамыр 2016 21:13

Ливан Хезболласы бас хатшысының «әл-Ақсамен үндестік» атты халықаралық форумға жолдауы

Ливан Хезболласы бас хатшысының «әл-Ақсамен үндестік» атты халықаралық форумға жолдауы
Ливан Хезболласының бас хатшысы «әл-Ақсамен үндестік» атты халықаралық форумға жолдауында қарсыласу қозғалысының Құдсты жаулап алған режимге қарсы Палестинаның жәбірленген халқына қолдау көрсетуін жалғастыратынын қуаттады.

Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ливан Хезболласының бас хатшысы сейіт Хасан Насролла жексенбі күні Хезболланың шетелдік бөлімінің төрағасы шейх Әли Дағмуш оқыған Теһрандағы «әл-Ақсамен үндестік» атты халықаралық форумға жолдауында: «Палестинаны кез- келген түрде қолдау палестиналықтардың жүрегіне қуат береді.

«Әл- Ақса» мешітінде өтіп жатқан оқиғалар барлық үмбетке жаңа жауапкершіліктер жүктейді. Израиль сионизмнің жобасының нәтижесі емес, әлемдік алпауыттардың талабы жобасының нәтижесі болып табылады» деді.

Насролланың жолдауында Палестинаның қиыншылығы Израильмен күресуі еместігі қуатталып: «Израиль астамшыл алпауыттар мен әлемдегі байырғы және жаңа басқыншылардың басты құралы болып табылады. Шын мәнінде Батыс әлемінің аймақтағы әскери базасы болып саналады» деп жазды.

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды