Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Дүйсенбі, 16 Мамыр 2016 13:41

Реджеп Тайып Эрдоған халықаралық қауымдастықты айыптады

Реджеп Тайып Эрдоған халықаралық қауымдастықты айыптады
Түркия Президенті халықаралық қоғамды аймақ дағдарысына немқұрайдылық танытқаны үшін айыптады.

«Анатоли» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Түркия Президенті Реджеп Тайып Эрдоған жексенбі күні Стамбул қаласында: «Халықаралық қоғам Сирия, Ливия және Йемендегі дағдарыс пен халықтарының қырылуына көзжұмбайлық танытуда»,- деп мәлімдеді.

Түркия Президенті елінің шекараларының сириялық босқындар үшін ашық екендігін, Сирияда дағдарыс басталғаннан бері Анкара бұл елдің халқының қасынан табылғанын айтты. Реджеп Тайып Эрдоған Сирия үкіметін заңсыз деп атап: «Сирия халқының қырғыны алты жыл бойы жалғасуда. Соның салдарынан 60 мың адам қаза болды",- деді.

Эрдоған өткен жылдары АҚШ, Түркия, Батыс және кейбір араб елдерінің қаржылай және әскери қолдауына ие болып, Ирак пен Сирияда көптеген қылмыстар жасаған ДАИШ лаңкестік тобын қолдаған жағдайда өзін Сирия халқының жанашыры етіп көрсетуде.

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды