Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Дүйсенбі, 16 Мамыр 2016 14:47

Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Ливан Хизболласының Бас хатшысымен кездесті

Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Ливан Хизболласының Бас хатшысымен кездесті
Иран Сыртқы істер министрінің Араб-Африка елдері жөніндегі орынбасары мен Ливан Хизболласының Бас хатшысы Бейрутте кездесіп, Палестина, Ливан және Сирияның жағдайлары туралы пікір алмасты.

Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Ливан Хизболласының Бас хатшысы Сейед Хасан Насролла жексенбі күні Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Хосейн Амир Абдоллаһиянмен кездесіп, шәһидтердің қарсыласу және лаңкестікпен күрестерін мадақтап: «Егер қарсыласу қозғалысының шәһидтерінің сионистік режимге қарсы тұру және лаңкестікпен күрестегі жанкештілігі болмағанда, егер шәһидтер абыройларын қорғамағанда қазір аймақ қауіпсіздік болмаған болар еді.

Сирия мен Ирактағы такфіршіл лаңкестердің әрекеттері және бейберекеттерді аймақтың басқа исламдық елдеріне тарату ісі сионистік режим мен оның қолдаушыларының билікқұмар саясатының салдарыәрі осы елдің лаңкестікті құрал ретінде пайдалануына байланысты»,- деп баса айтты.

Хасан Насролла Иранның лаңкестікпен күресу және аймақ дағдарыстарын саяси жолдармен шешу жолындағы көмектеріне ризашылық білдіріп: «Аймақта әскери жолдарды қолдап, лаңкестікті құрал ретінде пайдаланатындар тұрақсыздық пен лаңкестіктің дамуына себеп болатын мақсаттарды көздейді»,- деп мәлімдеді.

Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Хосейн Амир Абдоллаһиян да бұл кездесуде Ливанның исламдық қарсыласу басшыларының бірі Мұстафа Бадруддиннің шәһид болуына байланысты Сейед Хасан Насроллаға көңіл айтты.

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды