Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Сәрсенбі, 13 Наурыз 2013 13:55

Мұхаммед пайғамбар: Батыс кемеңгерлерінің көзқарасы бойынша (14)

Мұхаммед пайғамбар: Батыс кемеңгерлерінің көзқарасы бойынша (14)

Мартин Лингз пайғамбар тұлғасына тіл тигізу себептерінің бірін оның ата тегіне байланысты деп санап, былай деп жазады: Яһудилер уәде етілген пайғамбардың келуін ынтығып күтетін.

Олар Йасребтегі өздерінің бұрынғы басшылығына қол жеткізе алады деп ойлады. Бірақ олар таңданыспен бір Алланы насихаттап жүрген жаңа пайғамбардың Исхақ емес Исмайыл ұрпағынан екенін көрді. Бүгінгі бағдарламаны Имам Әли (ғ) нің ардақты Ислам пайғамбарын сипаттаған бір сөзімен бастаймыз. Ол хазірет пайғамабар келгенге дейін адамзаттың надандық және мойынұсынбаушылықта ғұмыр кешкенін және Құдай тарапынан тура жолға нұсқауға мұқтаж болғанына сілтеме жасайды. Ол былай дейді: Расында Алла Тағала Мұхаммедті әлем жұртын бұйрыққа бағынбаудан қорқытуға және өзінен бұрынғы пайғамбарларды куәландыруға жіберді. (Нәһж ул-Балағе, 62-ші хат).

Өткен бағдарламамызда британдық ойшыл доктор Мартин Лингздің еңбегі "Мұхаммед ең көне дереккөздері бойынша" атты кітаппен танысқан болатынбыз. Автор осы кітапта пайғамбардың шын тұлғасын ерекше көркемдік зауықпен деректі түрде баяндап, ғылыми адалдық және батылдықпен өзінің Алла елшісіне деген ықыласы мен құрметін білдіреді. Түрлі кісілер осы кітаптан пайғамбар өмірінің хикаясын оқыған кезде қатты әсерге бөленеді. Лингз өз кітабында Алла тағала әлем жұртына шашқан Ислам пайғамбарының жарқын нұры белгілі бір заманды қамтымайтынын оның мәңгілік екенін қуаттайды. Ол жаңа дін жасау әрекеттерін сынап, үлкен діндердің сындарлы рөлін ескеріп, хазірет Иса мен хазірет Мұхаммедті әйгілі діни тұлғалар ретінде атайды. Лингз өз кітабының бір тарауында пайғамбардың Меккені жеңіп алғандағы іс әрекетін дәріптеп: Пайғамбар Кағбаның ішіндегі барлық суретер мен тәмсілдерді және пұттар мен құдайлардың көзін құртуға бұйрық берді. Алайда Ибраһим (ғ)нің бейнесі мен Мәриям мен баласы Исаның суретін қиратпады, - деп жазады. Осы Батыс ойшылы пайғамбар тұлғасына тіл тигізу себептерінің бірін оның ата тегіне байланысты деп атап, былай деп жазады: Яһудилер уәде етілген пайғамбардың келуін ынтығып күтетін. Олар Йасребтегі өздерінің бұрынғы басшылығына қол жеткізе алады деп ойлады. Бірақ олар таңданыспен бір Алланы насихаттап жүрген жаңа пайғамбардың Исхақ емес Исмайыл ұрпағынан екенін көрді. Ол хазіреттің табыстары илаһи растаудан бастау алғандығы сөзсіз. Яһудилер Мұхаммедтің сол уәде етілген пайғамбар екенін мойындаудан сескенді. Сол себепті оған күншілдік жасады. Яһудилер үнемі оның бойында шын пайғамбардың ерекшеліктері болмауын армандайтын. Сондықтан әр жолы одан мұғжиза сұрап, оны істей алмауынан үміттенді. Лингз пайғамбардың мұғжизалары туралы былай деп жазады: Пайғамбардың түрлі мұғжизалары болды. Бір жолы Құрайыш басшылары одан пайғамбарлығын дәлелдеу үшін аспандағы айды қақ жаруын талап етті. Пайғамбар олардың талабын орындады. Алайда олар осы үлкен мұғжизаны тек бір сиқыр деп санап, пайғамбар оларды сиқырдың әсеріне бөледі десті. Лингз пайғамбар түрлі мұғжизаларына қарамастан, осы мұғжизаларды өз ісінің өзегі қылмағанын ескереді. Өйткені пайғамбардың ең үлкен мұғжизасы – уахи кітабы еді. Ол оның негізгі мұғжизасы, барлық ғасырларда адамды тура жолға нұсқау үшін илаһи жарғысы болып табылады. Құран – нұр және тура жолға салу кітабы. Доктор Лингз ардақты Ислам пайғамбарының болмысын асыл және мәңгілік деп санап, былай дейді: Асыл мәселе тікелей асылдан немесе қайнар бұлақтан бастау алады. Мысалы, ешқандай бұзғыш фактордан әсер алмаған таза су сынды. Осылайша пайғамбар көбірек уахимен байланыста. Ол ғажайып түрде өзге адамдардан ерекше. Сонымен бірге тура жолға салу жолдауын алып келген. Өйткені ол бір Алланың тарапынан сөйлейді. Лингз өз кітабында пайғамбардың салты мен мінезін баяндап, адам пайғамбардың исламдық мистикасы мен илаһи танымын шарлаумен көркем бақ сияқты сөздерінен гүл жұлып ала алады. Құдды мына: «Ілім іздеңдер, тіпті егер Қытайдан болса да» деген көркем сөзі сияқты. Мартин Лингздің пікірінше, пайғамбардың адамзатқа алып келген ең маңызды сыйлықтарының бірі – бас ағартушының бар екенімен сүйіншілеуі болып табылады. Ол былай деп жазады: Адамзат қоғамының үлкен бөлімі қателіктің соңғы дәрежесіне жеткен. Содан асып кету қиын көрінеді. Алайда бұл қате жалпыны қамтымайды. Өйткені, әлем, жалпы алғанда, қасиетті. Құдай әлемді өз бетімен жіберді деп ойлауға болмайды. Пайғамбар «ақыр замандағы былғаныштарға қарамастан, құтқарушы келеді. Халық оны Мәһди деп атайды. Осы бас ағартушы күмәнсіз келеді» деген болжам айтты. Лингз 97 жасқа дейін, яғни дүние салуына бір ай қалғанға дейін қалам тартқан қажымас қайратты жазушы еді. Көптеген білгірлер британдық Мартин Лингзді «метафизиканың ұлы ұстазы» деп білсе, енді біреулер оны «бірінші дәрежелі ақын» деп атаған. Алайда жақын шәкірттері үшін осы адамның есімі бәрінен көбірек екінші нәрсені еске түсіреді: сұлулық және Аллаға зікір айту. Оның сұлулыққа деген махаббаты Вестерһам Киттегі үйінің ауласында гүлдер мен өсімдіктерден кішігірім жұмақ қалыптастыруына себеп болды. 2005-ші жылы мамыр айында дүние салғаннан кейін де мәйіті сол шағын жұмағында жерленді. Лингз өз кітабын мына аятпен аяқтады: "Расында Алла, Пайғамбарға рахмет етеді. Және періштелер салауат айтады. Әй Мүміндер! Оған салауат және ықыласпен сәлем келтіріңдер." (Ахзаб сүресі, 56- аят).

 

 

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды