Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Сәрсенбі, 13 Наурыз 2013 13:55

Мұхаммед: Батыс кемеңгерлерінің көзқарасы бойынша (15)

Мұхаммед: Батыс кемеңгерлерінің көзқарасы бойынша (15)

Вольтер: Мен жеңіліске ұшыраған христиандар мен тарихтағы шындықтарды бұрмалап, Мұхаммедке орынсыз жала жапқан тарихшылардың ақымақтық фанатизмінен қатты жиіркенемін.

Бүгінгі бағдарламамызда алғашында Ислам пайғмабарына қатты кек сақтап, Ислам мен пайғамабарға қарсы мақалалар жазған жазушы мен зерттеушінің көзқарастарымен танысатын боламыз. Алайда бір зерттеушінің ммақсаты зерттеу және ақиқатты ашу болғандықтан, терең зерттеулері оның алдынан жаңа көкжиектерді ашып, ақыр-соңында Ислам пайғамбары туралы өзінің қателескенін түсінді. Вольтер француздық жазушы әрі ақын. Ол алғашында теріс насихаттар мен орта ғасырдағы діни үгіттеушілердің жасанды рауаяттарының әсерімен өз жазуларында Ислам мен хазірет Мұхаммедке қарсы орынсыз шығармалар жазатын. Ол Ислам пайғамбары туралы алғашқы еңбегі болып табылатын Фанатизм атты қойылымда Ислам пайғамбарына қатысты жасанды ертегі, хикаялар жазды. Вольтер осы қойылымды әзірлеуге төрт жыл уақытын жұмсап, оны жазуда тарихтағы нақты шындықтарды елеп, ескермеді. Напалеонның айтуы бойынша, Вольтер адамзаттың ар ұжданына қиянат жасады. Өйткені Мұхаммедтің асқақ артықшылықтарын жоққа шығарып, әлем жұртының жүзіне илаһи нұрды шашқан ұлы адамға орынсыз жала жапты. Вольтер осы қойылымды жазса да, үнемі Исламның өрістеуінің сыры неде және Мұхаммедтің соңына ерушілері қалай осыншама өркениет пен ілімнің ілгерілеуіне ие болды деп ойлайтын. Ол өз сауалдарының жауабын табу үшін Исламды мұқият зерттеуге кірісіп, Мұхаммедті өз қойылымындағы кейіпкерге еш ұқсамайтын түрде таныды. Ол өзінің ішкі жан дүниесіндегі өзгерістерден кейін, үгіттеушілер мен пасторлардың айыптауларына қайшы Мұхаммедтің дінінің шайтанның ойынан шыққан немесе ақылдан алыс еместігі былай тұрсын, христиан дініне тым жақын және тарихи тұрғыдан одан әлдеқайда көбірек кемел екендігіне көзі жетті. Мұхаммедтің Құдайға қатысты ұсынған ұғымы христиандардың үш құдайға сенуінен ада және Құдайтану ілімі бойынша мықтырақ әрі жоғарырақ болып табылады. Вольтердің көзқарасынша өзге мәселе, Исламның алғашқы ғасырларындағы мұсылмандардың христиандарға ғылыми және рухани тұрғыдан басымдылығы болып табылады. Вольтердің осы негіздегі ең маңызды құжаты – британдық данышпан Джордж Силдің Құранға жазған алғы сөзі. Джордж Сил өз кітабының кіріспесінің толық бір тарауын Исламға дейінгі діндер мен арабтардың түрлі салт дәстүріне арнаған. Оның бұл жөніндегі пікірі зерттеуге негізделген. Вольтер осы кітаптан әсер алып, Исламның өсуіне қатысты мәселелерді бірінен соң бірін тексеріп: "Еш заманда яһуди қауымы жанында ешбір кемелденген өнер қалыптаспады. Мұсылмандар Исламның бастапқы ғасырларынан сол кездегі барлық ілім мен пән бойынша еуропалықтардың тәрибешісі болды" деп жазды. Оның айтуынша, жабайылық пен надандық дәуірінде, Рим империясы құлағаннан кейін, христиандар астрономия, химия, медицина, математика сияқты барлық нәрсені мұсылмандардан үйреніп, сол кезден бастап соларға қарай бет бұрды. Ол сосын христиан тарихшыларын сынап, неліктен Исламның жеңістері мен олардың рухани әрі ғылыми ілгерілеушіліктері жайында айтпаған деп: Мен жеңіліске ұшыраған христиандар мен тарихтағы шындықтарды бұрмалап, Мұхаммедке орынсыз жала жапқан тарихшылардың ақымақтық фанатизмінен қатты жиркенемін, - дейді. Вольтер діндердің ақиқатын табу үшін жылдар бойы еңбек етіп, көп кітап оқып, көп ізденіс жасады. Пайғамбардың шынайы тұлғасын қайтадан тану үшін барынша күш салды. Оның осы тақырыпқа қатты кіріскендігі сонша, тіпті өзінің кейбір әлеуметтік міндеттерін атқарудан қалды. Ол өзіне қатысты сын пікірлерге жазған жауабында, ишарамен: Мына, ардақты досым Мұхаммедпен қатты айналысып, хат жазуға да уақытым болмай тұр, - дейтін. 1763-ші жыл – Вольтердің ой санасы тарихындағы жарқын белес болып саналады. Сол жылы оның санасында хазірет Мұхаммед пен оның соңына ерушілері хақында жаңа бейне қалыптасты. Ислам пайғамбарының тұлғасын үнемі сынайтын оның пайғамбарға қатысты көзқарасы төрелігі өзгерді. Ол 50 жыл әдебиет саласындағы өмірі мен тарихи зерттеулерінен кейін ақиқатқа қол жеткізген кезде хазірет Мұхаммед туралы: Күмәнсіз, Мұхаммед аса үлкен адам болған және өзінің білімі мен кемелдігімен ұлы адамдарды да тәрбиелеген. Парасатты заң шығарушы, өктем әрі әділ әкім және тақуа пайғамбар еді. Ол жер бетіндегі ең үлкен төңкерістерді жасады. Вольтердің Ислам мен Құранды ашықтан ашық қорғаған алғашқы еңбегі "Шарапатты адамның шариғаты" деп аталады. Ол осы кітапта: Жер жүзіндегі барлық діндер жалпыны алдау және шешендікпен таралған. Тек Ислам діні ғана адамзат қолымен жасалған барлық діндердің арасындағы жалғыз илаһи дін көрінеді. Өйткені оның заңдары ғасырлар өтсе де бүкіл әлемде орындалады деп жазады. Вольтер: Туа біткен таухид жер жүзіндегі барлық діндердің анасы, - дейді. Оның пікірінше Исламның соңына ерушілері өзге діннің соңына ерушілерімен салыстырғанда туа біткен таухидке жақынырақ. Вольтер Інжіл мен Таурат алдында Құранды қорғап, Құранды «ертегі» деп атаған Таурат тәпсіршілерінің бірін қатаң сынап, былай деп жазады: Құран, шын мәнінде ахлақтық уағыздар, діни бұйрықтар, Аллаға мінәжат айту, әлем жұртшылығын тыю мен ынталандыру және Алла елшілерінің бастан кешкендерінің хикаясының топтамасы. Ендеше, ақымақ әрі сауатсыз Нидхамға еріп, осындай кітапты «аңыз-ертегі» деп атауға бола ма? деп жазады. Вольтер бұрындары Мұхаммедтің соңына ерушілері надандықтың перзенттері деген әсірешіл христиан үгіттеушілерінің сөзін қабылдаған еді. Бірақ қазір сол күндері әсірешіл христиан үгіттеушілерінің сөзінің ықпалымен фанатизмді Мұхаммедтің атымен көрсеткені оның ар-ұжданын мазалайды. Сондықтан 1748-ші жылы ұзақ кіріспемен бір спектакльді жарыққа шығарып, өткеннің орнын толтыруға талпыныс жасады. Ол өз досына жазған хатында: Мен Мұхаммедтің хақына көп жамандық жасадым, - деп жазды. Сондықтан содан кейін Вольтердің бар ойы Исламды қорғау және ардақты Ислам пайғамбарын адамзат өміріне ұлы сый әкелген ең пәк адам ретінде таныстыру болды.

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды