Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Сәрсенбі, 13 Наурыз 2013 13:56

Мұхаммед пайғамбар: Батыс кемеңгерлерінің көзқарасы бойынша (16)

Мұхаммед пайғамбар: Батыс кемеңгерлерінің көзқарасы бойынша (16)

Джон Берва Мұхаммедті «соғысқұмар» деп атайтын жазушыларды сынға алып, былай деп жазады: «Құрайыш пен Мекке тұрғындары онымен соғысып, оған қарсы астыртын әрекет ұйымдастырып, барлық тайпаларды онымен соғысуға жұмылдырса да, пайғамбар алғашында олармен соғысқа кіріспеді.

Шапқыншылыққа шапқыншылықпен жауап бермеді. Бірақ үсті-үстінен жасалған шапқыншылықтардан кейін Алла тарапынан «енді саған шапқыншылармен соғысуға рұқсат етіледі» деген уахи келді. Ардақты Ислам пайғамбары – адамзат тарихының ең үздік тұлғасы. Адамға бақыт жолын нұсқау – Алла Тағаланың сол адамның мойнына артқан ең ауыр міндеті болды. Хазірет оны ойдағыдай орындады. Хазірет Мұхаммед өзінің сындарлы тағылымдарымен әлемге жарық сыйлап, құтқарды. Кемеңгерлер мен ғалымдар және ойшылдар өзгелерден көбірек осы ұлы адамның адамзатты тура жолға салып, бақытқа жеткізудегі теңдессіз рөлін түсіне алатыны күмәнсіз. Француздық әйгілі шығыстанушы Джон Берва 1907-ші жылы дүниеге келді. Ол оқуын бітіргеннен кейін журналистика мамандығын таңдап, әлемнің көптеген аймақтарына сапар шекті. Ол Мәдинедегі пайғамбардың үйін көруге қызығып, 1966-шы жылы Меккеде мұсылмандардың қажылық парызын орындауын жақыннан тамашалады. Джон Берва Ислам мен мұсылман тұлғалар туралы көптеген кітап жазған. Солардың бірі Ислам пайғамбарының тұлғасына арналған. Осы кітап араб тіліне де аударылған. Джон Берва өз кітабының алғашқы тарауын былай деп бастайды: Біз өмір сүріп жатқан жер – үлкен көрме. Онда әр ғасырда Жаратушы Иеміздің қалауымен ең ғажайып көріністер қалыптасады. Олардың кейбірі жер бетінде тұрақты болып, мәңгілік болып қалады да енді біреулері ұйқы сияқты тез өтіп кетіп, олардан еш әсер қалмайды. Жер жүзінде ұсынылған ең салтанатты көрініс – жетінші ғасырдың ортасында Мұхаммедтің келуімен мұсылмандардың әлемге ұсынған көрінісі болып табылады. Мұхаммед Мұстафа жақсылықтар мен асқақ сипаттарды көрсететін айна іспеттес. Джон Берва әр нәрседен бұрын осы жайтты мойындайды. Ол пайғамбардың мінез-құлқын дәріптеп, былай дейді: Мұхаммедтің мінезі теңдессіз еді. Ол жоқ- жітіктер мен қамқоршысы жоқ балаларға қатты қамқолық жасап, олардың тыныштығы үшін жағдай жасайтын еді. Мұхаммед әр адамға жақын еді. Үнемі күлімсіреп, жылы сөйлеуші еді. Еш нәрсені өзі үшін жинамай, қолына тигенді өзгелерге сыйлаушы еді. Аз сөйлейтін және адал еді. Ол сияқты адал адам сирек кездеседі. Джон Берваның көзқарасы бойынша, тарихтағы өзге ұлы адамдармен салыстырып қарағанда, Алла елшісінің ерекше артықшылығы – оның билеп-төстеу мен пайдакүнемдіктен аулақ жүруі еді. Ол былай деп жазады: Пайғамбар Ислам билігінің негізін қалаған кезде ешқашан мал, мансап, рахат өмір сүру немесе билікке қол жеткізуді мақсат еткен жоқ. Ол тек адамгершілік негізінде әділ биліктің негізін құруды және онда ұлы Жаратушыдан өзге ешкімге табынбауды, әрі адамзаттың ұлылық пен табынушылықта еш нәрсе мен ешкімді Оған серік қоспауды қалайтын. Осындай биліктің арқасында барлық ұлттардың құқығы тең қорғалып, адамның бостандығын сақтаумен баршаға жақсы әрі таза тұрмыс үшін жағдай жасалды. Ол ғасырлар бойы бірлік пен тұтастығынан айрылған бытырап кеткен араб ұлты үшін тіршілік пен заңның асқақ бағдарламасы мен орталық үкімет құрды. Осы үкіметте мұсылмандарға алға ілгерілеушілік пен илаһи жәрдем нәсіп болып, үсті-үстіне олжалы болды. Десе де, пайғамбар биліктің басында болса да, мінезі еш өзгермей, қарапайым ғұмыр кешіп, өмір тауқыметтеріне шыдады. Джон Берва надан кісілердің арсыздығы мен тіл тигізулеріне пайғамбардың асқақ рухын тән емес деп санап, былай деп жазады: Естеріңізде болсын, Мұхаммед ешқашан адамзаттан жоғары ерекшеліктерге иемін деген уәж айтпады. Ол өзіне уахи болатын адам еді. Мекке тұрғындары одан мұғжиза сұрағанда, өзінің мұғжизасы арабтың жатық тіліне түскен илаһи уахи деп, теңдессіз Құранды баршаға жария етті. Мұхаммед өзінің уахи алушы екенін білуші еді. Отандастары одан өз үндеуінің шындығын мұғжиза әкелумен дәлелдесін деп сұрағанда, оған: Егер адам мен жын осы Құранға ұқсас кітап әкелу үшін жиналса және олардың кейбірін өзге біреулер қолдап отырса да шамалары келмейді, - деген уахи келді. Арабтар әдебиет сүйер қауым болса да, ақындықтағы көне салттары әрі терең тарихымен, тіпті түрі мен мазмұны тұрғысынан Құранға ұқсас келетін бір сөйлем де айта алмады. Француздық журналист өз кітабында пайғамбарды көркем сөздермен сипаттап, былай деп жазады: «Алла елшісі – баршаның басшысы және еркін талапқа ие. Бірақ ол Құдай тарапынан адамдардың игілігі, бақыты және тұтастығы үшін өзіне түскен илаһи уахидың соңына еруші. Пайғамбар соншама күш-қуатымен өмір бойы көп кешірім жасап, Мекке тұрғындары мен өзге халықтың қинаулары мен азаптауларына көзжұмбайлық танытты. Ол пайғамбардың кешірімділігін баяндауда өзге мысалдар келтіріп, былай дейді: Бір жолы пайғамбар өз киімдерін жуып, оларды кепсін деп күннің астына жайып қойып, сондағы ағашқа арқа сүйеп, ұйықтап қалады. Әсур атты дұшпандарының бірі оның жалғыздығын пайдаланып, оған шабуыл жасайды. Пайғамбарға қылыш тартқан күйде: Уа, Мұхаммед! Қазір сені менің қолымнан кім құтқарады? дейді. Хазірет Әли (ғ) салқын қандылықпен: «Құдай», - дейді. Хазіреттің бұл сөзінен Әсурдің қолы дірілдеп, қылышы жерге түсіп кетеді. Пайғамбар оны алып, әлгі кісінің өзіне қаратқан күйінде: «Ал енді сені менің қолымнан кім құтқарар еді?» дейді. Әсур: «Сенің кешірімділігің» дейді. Хазірет оны өлтіруден бас тартып, осы әрекетімен өз дұшпанына кешірімділік жайында ең үздік сабақ үйретеді. Джон Берва Мұхаммедті «соғысқұмар деп атайтын жазушыларды сынға алып, былай деп жазады: «Мұхаммед ахлаққа қайшы келетін істерге рұқсат ететін кісі емес еді. Мұхаммедтің ең маңызды мақсаты – өзінің пайғамбарлығын бүкіл әлем жұртына жеткізу еді. Отбасылық кіріптарлық және тіршілік шаруасымен айналысу оны осы миссиясын атқарудан қалдырмайтын. Құрайыш пен Мекке тұрғындары онымен соғысып, оған қарсы астыртын әрекет ұйымдастырып, барлық тайпаларды онымен соғысуға жұмылдырса да, пайғамбар алғашында олармен соғысқа кіріспеді. Шапқыншылыққа шапқыншылықпен жауап бермеді. Бірақ үсті-үстіне жасалған шапқыншылықтардан кейін Алла тарапынан «енді саған шапқыншылармен соғысуға рұқсат етіледі» деген уахи келді. Осылайша өздеріне қарсы соғыс жасалған кісілерге Алланың жолында соғысуға рұқсат етілді. Өйткені "Шынында шабуыл жасалып, зұлымдыққа ұшырағандарға, соғысу үшін рұқсат берілді. Күдіксіз Алланың, оларға жәрдем етуге, күші толық жетеді. Олар, сондай жазықсыз: “Раббымыз Алла” дегендіктерінен ғана жұрттарынан шығарылғандар" (Хаж сүресі, 39-40- аяттар) . Джон Берваның пайғамбар туралы кітабының бір бөлігі Ислам дінінің ерекшеліктеріне тоқталады. Жазушы осы діннің өрістеуінің себептері жөнінде былай деп жазады: «Ислам тағылымдары өте қарапайым және оңай. Онда ақыл мен ілімге қайшы еш нәрсе байқалмайды. Ислам әлеуметтік бірліктің тұрақтылығы үшін жамағатпен бірге намаз оқуды қуаттады. Мұхаммед тағылымдарының арқасында барша халық бір-бірімен бауырлас болып, исламдық биліктің әділет, теңдік және адамның бостандығы бойынша негізі қаланды. Мұсылман еместер де Алла мен оның елшісінің панасында қауіпсіздік, тыныштық және рахат өмір сүретін еді. Олар діни наным сенімде еркін еді және мұсылмандардың өз серттеріне берік екендігіне де сенімді болып, қайғы мен қуанышта да мұсылмандарға үлес қосатын еді. Алла Тағала алғашқы исламдық биліктің өз елшісінің қолымен негізі құрылуын қалады. Джон Берва Құдай Тағала өз пайғамбарына даңқ сыйлады деген сенімде. Оның аты соншама ұлы болып, бүкіл әлемге танылды. Мұхаммед – үлкен пайғамбар, Алланың заңын жүргізуші, әділ әкім, мықты шене және жоғары мәртебелі әрі білікті қолбасшы еді. Ол Рим университеттерінің біріне немесе Иранның ғылыми мектептерінің біріне кірмесе де, оның атақ-даңқы асқақтады. Араб қоғамының арасынан ешкім оның атақ-даңқына қол жеткізе алмады.

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды