Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Бейсенбі, 11 Шілде 2013 17:40

Иран аңыздары мен мақал-мәтелдері- (96)

Иран аңыздары мен мақал-мәтелдері- (96)

Бүгінгі бағдарламада Иранның әлемге танымал әйгілі ақыны Моулавидың «Мәснәуи» жинағынан алынған хазірет Мұса туралы хикая мен «Ол қолын бере алмайды» деген мәтел туралы баяндаймыз. Күндердің бірінде хазірет Мұса (ғ.с.) тау-тасты кезіп жүргенде алыстан құлағына дыбыс жетеді. Ол дыбысқа құлақ түргенде ер адамның дауыстап өлең оқып, оның А..мен сырласып отырғанын естиді. Хазірет Мұса (ғ.с.) ер адамның мүнәжәтіна құлақ салады. А..ның пайғамбары таңғалады, өйткені әлгі адамның Алламен сырласуы ерекше еді. Ол өзінің өлеңінде А..мен досымен сөйлесіп отырғандай сырласып отырды. Ол: «Иә, Ж...шым! Барлық ешкілерімді Өзің үшін құрбан етемін. Қайдасың? Мен өзіңнің құлың болып, сенің киімдеріңді жуып, сүт әкеліп беремін», - деген және басқа да осыған ұқсас сөздер айтты. Хазірет Мұса шопанның сөздеріне таңырқап, дауыс шыққан жаққа қарай бет алады. Ол айналасы ешкі мен қойға толы шопанды көреді. Шопан айналасындағы ешкімге мән бермей, өлең айтып отыр екен. Шопанның мүнәжәті хазірет Мұсаға бұрыс болып көрінді. Хазірет Мұса ашуланып шопанға: «Әй, шопан, не деп тұрсың? Есіңннен ауыстың ба? А.. туралы қандай сөздер айтып тұрсың?»- деп ұрсады. Бейшара шопан таңғалып әрі алаңдап, хазірет Мұсаға қарап, не айтарын білмейді. Хазірет Мұса: «Осы кезге дейін А...Т... туралы айтқан сөздеріңнің барлығы күпірлік және үлкен күнә екенін білмейсің бе? Ж... біз, адамдар сынды киім киіп, сүт ішеді ме?»- деп ұрсады. Шопан ойланып: «Мен жер мен аспанды және бізді жаратқан А..мен сұхбаттастым», - деп жауап береді. Хазірет Мұса: «Сен егер аспан мен жердің Ж...шысының кім екенін білсең, неге бос әрі күпір сөз айтасың? Осындай сөздеріңнің әсерінен пәле келіп, оның өрті құрғақты да суды да өртейтінінен қорық», - ескертеді. Шопан ішінен: «Яғни менің барлық мүнәжәтәм күпірлік болды ма?»- деп ойлайды. Хазірет Мұса онымен көп сөйлесіп, көп мысал келтіріп, ақылын айтады. Шопан өз ісіне өкінеді. Жанары жасқа толып, жүрегі қайғы мен алаңдаушылыққа толды. Ол хазірет Мұсаға қарап: «Әй, Мұса, жаныма өрт тастадың», - деп, қойлары мен ешкілерін тастап, жылап, тау-тас пен далаға қарай бет алды. Хазірет Мұса шопанның мұндай халін көріп, оған жаны ашиды. Дәл сол сәтте оған А..дан хабар жетеді. Бұл хабарда: «Неге пендемізді бізден бөлдің? Сен жерге адамдардың А... арасындағы қарым-қатынастарын бұзу үшін емес, адамдарды А...ға жақындатып, олардың Ж..дан үміттерін үздірмеу үшін жіберілдің. Біз әр адамға ой мен амал бердік. Біз шопанның сөздерін қабылдадық. Егер оның айтқан сөздері сенің немесе өзін сынды адамның тарапыннан айтылғанда, күпірлік болып саналатын еді. Бірақ шопанның ауызынан айтылған мұндай сөз біз үшін құжат. Әр адам бізбен өзі білетін тілде сөйлеседі. Шопан да өзі білетін тілмен бізбен сырласты. Біздің адамның сыртқы болмысымен жұмысымыз жоқ, біз үшін адамның ішкі болмысы маңызды», - деп айтылған еді. А.. Т... хазірет Мұсаның жүрегін ашып, оған көп сырды үйретті. Хазірет Мұса бұл илаһи хабарды естіп, шопанды тауып, оған мүнәжәттарының қабыл болғанын айтуға асықты. Хазірет Мұса шопанды тауып, оны құшағына алып, сүйіп: «Сенің сырласуың күпірлік емес екен. А.. оларды қабыл етті. Мені кешір, бұдан кейін де егер сырласқың келсе Ж...мен өз тіліңде сырласа бер», - дейді. Шопан: «Мұса, мен енді басқаша ойлаймын. Сен мені бірнеше жылға созылған ұйқымнан ояттың. Сен маған үлкен өзгеріс әкелдің. Алланың менің сырласуымды қабыл алғаны Оның шексіз рахымдылығына байланысты. Әйтпесе менің айтқан сөздерім Алланың айбынына лайық емес. Ешбір адам А..ны Оның рахымдылығы мен мейірімділігіне сай мадақтай алмайды. А... Т.., тіпті мен сынды қарапайым шопанның жүрегіне қайғы келтіргісі келмейді. Ол пайғамбарларын жіберіп, мен сындыларды жұбатады. Мен енді шын жүрегіммен оған деген өз махаббатымды әдемі әрі жақсырақ сөздермен баяндаймын», - деді. Хазірет Мұса мейіріммен: «Оқиғаның осылай аяқталғанына қуаныштымын. Сенің ғибадатың мен менің саған айтқан сөздерімнің сені мен менің де маңызды мәселелерді түсінгенімізге себеп болғанына ризамын. Қ...ға шүкіршілік білдіремін», - дейді. (Моулавидың «Мәснуиінен» алынды)  

 

Қымбатты достар! Бүгінгі бағдарламада назарларыңызға «Ол қолын бере алмайды» деген мәтел туралы оқуды ұсынамыз. Бұрынғы заманда ақша мен мүліктен басқа еш нәрсе туралы ойламайтын сараң адам өмір сүріпті. Ол тәулік бойы тек кіріс пен шығысты санаумен өткізіп, тіпті күн мен түннің ауысқанына да көңіл бөлмепті. Сан рет достары мен жақындары қасынан өтіп, онымен амандасатын, бірақ ол тіпті олардың сәлемдерін де естімей, өздерін де байқамайтын. Күндердің бірінде сараң адам үйіне келе жатып, әдеттегідей ойында тек есеп-қисап болғандықтан келе жатқан жолындағы құдықты байқамай, соған түсіп кетеді. Қ..ға шүкір қазылған құдық терең емес және іші суға толмаған еді. Сараң адам шұнқырда жатып, айқайлап, өткен-кеткен адамдардан көмек сұрайды. Бірақ жүргіншілер көмектесудің орнына әртүрлі сылтаулар айтып, оны құдықтан шығармайды. Біреуі: «Құдықта қазына бар екен деп түсіп кеткен шығарсың», - деп күлсе, екіншісі: «Аяқ-қолың сынса, еш нәрсе болмас, бірақ ақша салған қабың жыртылып қалмасын», - деп мазақтайды. Сараң сөздерді естісе де абыржу танытпады. Ол сабыр сақтап, айналасындағылардың сөздері мен келемеждерінің аяқталуын күтті. Халық келемеждегенімен, оны аяп, көмектесу туралы шешім қабылдап, біреуі: «Қазір күлкі-мазақтың уақыты емес», - десе, екіншісі: «Арқан әкеліп, бір басын құдыққа тастайық. Ол арқанды беліне байласын, содан соң оны тартып, құдықтан алып шығамыз», - дейді. Басқа біреуі: «Екі-үш адам қажет емес. Ол сараң адам. Ол сондай үнемдеп, тамақ жемегендіктен, оның тек құр сүйегі мен жаны қалған. Бір адамның өзі оны алып шыға алады», - дейді. Келесі адам: «Құдық терең емес, арқансыз-ақ қолымызды созып оны шығара аламыз», - дейді. Басқалар да онымен келіседі. Сол жерде жиналған адамдардың арасынан ең күштісі құдыққа таянып, жерге еңкейіп, қолын құдықтың ішіне созып: «Қолыңды маған соз, мен сені алып шығамын», - дейді. Тұрған адамның барлығы сараң адам қолын созады деп күтеді. Бірақ ол қолын созбайды. Денелі әрі күшті адам: «Қолыңды бер», - деп қаттырақ айтады. Бірақ сараң адам оның айтқанын тыңдамайды. Сараң адамды басқалардан көбірек танитын адам: «Оның өте сараң екенін білмейсіңдер ме? Ол қолын да бермейді. Оған қолыңды бер деп айтуға болмайды, ол тек алуды ғана біледі», - дейді. Көмектеспек болған адам бұл жолы: «Әй, қолыңды соз, сені алып шығамын», - дейді. Сараң адам бұл жолы жылдам қолын созып, құдықтан шығады. Содан бері өте сараң, тіпті жақсылығы өзіне де жетпейтін адам туралы: «Ол қолын бере алмайды», - деп айтылатын болыпты. 

Осы бөлім бойынша толығырақ « Иран аңыздары мен мақал-мәтелдері- (95)

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды