Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Жексенбі, 08 Желтоқсан 2013 14:09

Ислам тарихындағы үлгілі әйелдер (26)

Ислам тарихындағы үлгілі әйелдер (26)

Имам Аскари (ғ.с.)-ның апасы Хакиме Хатун шиіттердің соңғы имамы хазірет Мәһди (ғ.с.) -ның дүниеге келуінің куәсі болды. Ол әкесінің көзі тірісінде сан рет хазіретпен кездесіп, Имам Аскари (ғ.с.) қайтыс болғаннан кейін имаматтың елшілері және байланыс орнатушыларының бірі болды. Имам Джавад (ғ.с.) -ның өмірлік серігі және Имам Хади (ғ.с.)-ның анасы Самане сопы әрі иманды әйел болды. Оның лақап аты Умма Әл-Фазыл Мағреби еді. Сопы және тақуа әйел, тіпті мустахаб оразаларды ұмытпайтын. Үлкен тұлғалар оны шыншыл аналардың қатарына жатқызатын. Самане – А...ның ақ ниетті пенделерінің бірі. Имам Хади (ғ.с.) ол туралы: «Анам менің құқыммен таныс әрі жәннәттық жан. Шайтан оған жақындамайды, оны алдай алмайды. А..Т... оны қорғайды. Еш уақытта ол әділ аналардың қатарынан шығарылмайды», - деді. Имам Джавад (ғ.с.) Самане Куброны сатып алып, оған еркіндік берді. Ол хазіреттің әйелі болды. Имам Джавад (ғ.с.) бұл банудың ахлағын тәрбиелеуді өз міндетіне алып, оны пәктік пен иманның үлгісі болған Әли (ғ.с.) әйелдері өмір сүрген үйлерде орналастырды. Самане осы әйелдердің ықпалына түсіп, ғибадат жасап, Құранның қариіне айналды. Имам Джавад (ғ.с.) мен Самане сегіз перзент сүйді, атап айтқанда Әбу әл-Хасан Нақи имам Әли әл-Нақи, ӘбуАхмад Мұса Мүбарақе, Әбу Ахмад Хусейн, Әбу Ахмад Хусейн, Әбу Мұса Имран, Фатима, Хадидже, Умма Күлсім және Хакиме. Самане Имам Хади (ғ.с.)-ның үйінде дүниеден озып, Самерада перзенттерінің қасында жерленді. Исламның тарихындағы келесі танымал деп әйел имам Джавад (ғ.с.) -ның қызы Хакиме мен имам Хасан Аскари (ғ.с.)-ның апасы саналады. Ол хиджри қамаридың үшінші ғасырының екінші онжылдығында, яғни 213-219 ж.ж. аралығында дүниеге келді. Ол хадис айтушы, ғалым, сопы және рухани-мистикалық жоғары деңгейге жеткен ие әйел. Имам Аскари (ғ.с.) -ның апасы Хакиме Хатун шиіттердің соңғы имамы хазірет Мәһди (ғ.с.)-ның дүниеге келуінің куәсі болды. Ол әкесінің көзі тірісінде сан рет хазіретпен кездесіп, Имам Аскари (ғ.с.) қайтыс болғаннан кейін имаматтың елшілері және байланыс орнатушыларының бірі болды. Имам Аскари (ғ.с.)-ның өмірлік серігі Нарджеспен үйленуі және имам Мәһди (ғ.с.) -ның дүниеге келуі туралы көптеген рауаяттарды Хакиме айтқан. Мұхаммад бен Абдолла Музафари: «Әбу Мұхаммад (имам Хасан Аскари) (ғ.с.) дүниеден озғаннан кейін имам Джавад (ғ.с.)-ның қызы Хакименің қасына барып, келесі имам және осы мәселеге байланысты қайшылықтар мен оларға қатысты алаңдаушылықтар туралы сұрақтар қойдым. Ол: «Отыр», -деді. Мен отырдым. Содан соң ол: «Әй, Мұхаммад! А.. Т... жерді иесіз қалдырмайды», - деді. Мен: «Бануым! Имам Хасан Аскаридың перзенті бар ма?»- деп сұрадым. Ол: «Егер Имам Хасан (ғ.с.) -ның перзенті болмағанда келесі имам кім? Бірақ өзіңе Хасан мен Хусейн (ғ.с.)-нан кейін имаматтың екі ағайындыға берілмейтінін айтқам», - деп жауап берді. Мен: «Бануым, хазірет Мәһди (ғ.с.) -ның дүниеге келуі мен жасырыну кезеңі туралы айтып беріңізші», - деп сұрадым. Хакиме: «Имам Хади (ғ.с.) дүниеден озған соң Әбу Мұхаммад (имам Аскари) (ғ.с.) әкесінің орнына отырып, мен хазірет пен өмірлік серігі Нарджестің қасына барып тұратын едім. Бір күні Нарджес келіп, құрметін білдірейін деп, аяқ киімімді жинамақ болып: «Бануым, өз аяқ-киіміңді маған бер», - деді. Мен: «Сен менің басшымсың. А..мен ант етемін, аяқ-қиімімді саған бермеймін. Маған қызмет етуге рұқсат етпеймін. Мен өзім саған қызмет етемін», - дедім. Әбу Мұхаммад бұл сұхбатты естіп: «Әй, апам! А.. саған жақсылық сыйлайды», - деді. Күн батқанша имамның қасында отырдым, содан соң қызметшіме киімімді әкел, қайтамыз»,- дедім. Имам: «Кетпеңіз, бүгін бізбен болыңыз. Бүгін түнде А..ның алдында беделі зор және Ж.. соның арқасында жерді өлгеннен кейін тірілтетін адам дүниеге келеді», - деді. Мен: «Оны Кім дүниеге әкеледі? Мен Нарджестің аяғының ауыр екенін байқамадым», - дедім. Имам: «Нарджестің өзінен, басқа ешкімнен емес». Хакиме: «Оның қасына бардым, жүктіліктің еш нышаны байқалмады. Имамның қасына оралып, имамға көргенімді айттым». Имам күлімдеп: «Таңға қарай оның жүкті екендігін көресің. Ол перзенті дүниеге келгенше, аяғының ауыр екендігі сыртқа білінбейтін хазірет Мұсаның анасы сынды. Өйткені Перғауын аяғы ауыр әйелдердің қарындарын жаратын», - деді. Хакиме: «Наржестің қасына оралып, таңға дейін қасында болдым. Түн ауып, таң сібірлеп ата бастады. Орнымнан тұрып, оны құшақтадым. Имам Аскари (ғ.с.): «Апа «Инна анзальна» сүресін оқы», - деді. Мен сүрені оқи бастап: «Қалың қалай?»- деп сұрадым. Ол: «Басшымның айтқаны анықталды», - деді. Мен Құранды оқуды жалғастырдым, құрсақтағы сәби жауап беріп, мен сынды қырағат етіп, маған сәлем берді», - деп айтқан болатын. Хакиме: «Мен естігеніме алаңдадым. Әбу Мұхаммад: «А..ның ісіне таңғалма. А.. Т... бізді жастан сөйлетіп, өскенде бізді жер бетіндегі елшісі етеді», - деді. Имамның сөзі аяқталмай жатып, Нарджес көзіме көрінбей кетті. Мені мен оның арасына перде түскендей болды. Мен айқайлап, Әбу Мұхаммадқа қарай жүгірдім. Ол: «Апа! Орал, оны орнынан табасың», - деді. Мен орныма оралдым, көп ұзамай екеуіміздің арамыздағы перде алынды. Нарджесті қолынан көзге өте жарық нұрды көрдім. Екі тізесін жерге қойып, сәжде жасап отырған сәбиді көрдім. Ол: «А..дан басқа Құдай жоқ, атам Мұхаммад (с.ғ.с.) оның елшісі. Имам Әли (ғ.с.)-ның әкем екендігіне куә етемін», - деп, содан соң имамдарды бір-бірлеп атап: «Иә, А..! Маған уәде еткеніңді іске асырып, мен арқылы жер бетінде әділет орнат», - деді. Имам Аскари (ғ.с.) -ның: «Апа, сәбиді әкел», - деген дауысы естілді. Баланы алып, әкесінің қасына апардым. Ол менің қолымда болған кезде, әкесіне сәлем берді. Имам Аскари (ғ.с.) оны менің қолымнан алды. Біраздан кейін имам (ғ.с.) : «Сәбиді анасына апар, емізсің»,- деп, перзентін маған қайтарды», - сөзін жалғады. Хакиме: «Имам Аскари (ғ.с.) қайтыс болғаннан кейін А..мен ант етемін, мен әрбір таң және әрбір кеш сайын оны көремін. Мені өзің сұрайтын сұрақтардан хабардар етуде. Мен де сендерді хабар етемін. А..мен ант етемін, кейбір уақытта сұрақ қояйын десем, ол менен бұрын жауап береді. Өткен түнде маған сенің келетіндігіңнен хабардар етіп: «Сені хақтан хабардар етемін», - деді», - деп айтты. Мұхаммад бен Абдолла: «А..мен ант етемін, Хакиме маған А..дан басқа ешкім білмейтін хабарды жеткізді», - деді. Хакиме Хатун хиджри жыл санағының үшінші жылы (қамаридың 274-ші жылы) қайтыс болды. Оның қабірі Самера қаласындағы имам Хасан Аскари мен имам Хади (ғ.с.) -ның кесенелерінің қасында. 

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды