Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Жексенбі, 08 Желтоқсан 2013 14:12

Ислам тарихындағы үлгілі әйелдер (27) (Соңы)

Ислам тарихындағы үлгілі әйелдер (27)  (Соңы)

Өткен бағдарламада имам Джавад (ғ.с.)-ның әйелі Самане және қызы Хакиме туралы сұхбат жүргіздік. Хакиме Хатунның көптеген рауаяттарды жеткізгені, олардың арасындағы ең маңыздылары имам Мәһди (ғ.с.) -ның дүниеге келуі туралы екендігіне тоқталдық. Соымен қатар ол Пайғамбар әулетінің құпия-сырларын сақтады. Бүгінгі бағдарламада имам Мәһди (ғ.с.)-ның анасы Нарджес Хатун туралы баяндаймыз. Ислам тарихының келесі танымал әйелдерінің бірі –имам Хасан Аскари (ғ.с.) -ның өмірлік серігі әрі имам Мәһди (ғ.с.)-ның анасы Нарджес. Оның шын аты Мәлике еді. Ол Рим патшасының ұлы Яшуаның қызы. Оның анасы хазірет Иса (ғ.с.) -ның апостолы Шамунның перзенттерінің бірі. Мәликенің жасы 13-ке толған кезде Қейсар оны бауырларының перзенттерінің бірімен некелестіруге шешім қабылдайды. Ол барлық діни және мелекеттік тұлғалардың қатысуымен үлкен той жасайды. Бірақ Інжіл ашылып, неке қию рәсімі басталған кезде күйеу бала есінен танып, құлап қалады. Қейсар немересінің жұбайы ретінде оның бауырын тойға алдыртуды бұйырады. Алайда осының алдында орын алған оқиға қайталанады. Кейсар қатты алаңдайды. Енді Мәлике туралы айтайық. Дәл сол түні Мәлике түсінде баласына құда түсіп отырған исламның пайғамбарын көреді. Ол ұйқысынан оянып, содан қатты науқастанады. Мәлике көрген түсінің әсерінен Қейсардан тұтқындағы мұсылмандарды босатуды талап етеді. Атасы оны сұрағанын орындайды. Мәлике келсі түні түсінде одан А...ның Жалғыз екенін және хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның пайғамбарлығына куәлік етуді сұраған хазірет Фатима Заһра (ғ.с.) -ды көреді. Ол куәлік етеді. Содан соң хазірет Фатима (ғ.с.): «Перзентім Хасанның келуін күт», - дейді. Келесі түнде Мәликенің түсіне имам Хасан Аскари (ғ.с.) кіреді. Осындай түстер жалғаса береді. Түстерінің бірінде имам (ғ.с.) Мәликеге: «Атаң жақын арада әскерін мұсылмандармен соғысуға жібереді. Сен де қызметші ретінде олармен бірге жолға шық», - дейді. Мәлике хақ талап етуі және ислам мен имамға деген махаббатымен сарайындағы салтанатты өмірге көңіл бөлмей, қызметшінің киімін киеді. Нәтижесінде мұсылмандардың тұтқынына түседі. Басқа жақтан имам Хади (ғ.с.) мен хазіреттің перзенті имам Аскари (ғ.с.)-ның серіктерінің бірі Бушар бен Сүлейман Самерада олармен көрші өмір сүріп, ғажайып әрі қызықты оқиғаның жалғасы туралы: «Бір кеште үйде отырып, есіктің дыбысын естідім. Есікке қарай асықтым. Имам Хади (ғ.с.) -ның қызметшісін көрдім, ол мені хазіреттің қасына ертіп апаруға тиіс болатын. Киімімді киіп, имам (ғ.с.) -ның қасына жетіп, хазіреттің өз ұлы Аба Мұхаммад (Имам Аскари) және бауыры Хакимемен перденің артында сұхбаттасып жатқанын көрдім. Имам Ходи (ғ.с.) рұқсат берді, мен отырдым. Ол: «Әй, Бушар сен ансарлардың ақсақалысың, саған барша сенім артады. Әулетің біздің әулеттің велаятын қабылдады. Мен саған сырымды ашып, өзінді бір күңді сатып алуға жібергім келеді», - деді. Имам Хади (ғ.с.) рим тілінде хат жазып, мөр басып, күңнің белгілерін айтып, хатын маған берді. Мен Бағдадқа аттандым. Сол жерде Умар бен Язидтің сатуға дайындап қойған тұтқындарын көрдім. Хиджабын киіп, өзін басқалардың көзінен сақтап, ешкімге өзіне қол тигізуге рұқсат етпей тұрған күңді байқадым. Оны сатып алушы көп еді, бірақ ол өзінің негізгі сатып алушысын күтіп тұрғандай көрінді. Имам Хади (ғ.с.)-ның бұйрығы бойынша, алға шығып, оған хатты бердім. Ол хатты оқып, жылап, иесінен өзін маған сатуды сұрады. Оның иесімен құнына келісіп, бір қалта алтынды беріп, күңмен оралдым. Оған бір бөлмені ұсынып, кейін имамның қасына жеткізбек болдым. Сол кезде ол қалтасынан хатты шығарып, сол хатпен өзінің беті мен басы сипады. Оған: «Танымайтын адамның хатын қалай құнды санайсың?»- деп сұрадым. Ол: «Егер пайғамбар мен орынбасарының дәрежесін білгеніңде мұндай сөз айтпас едің», - деп жауап беріп, маған өмірі мен өзінің басынан өткен оқиғаны айтып берді. Тұтқұннан босағаннан кейін Мәлике есімін Нарджес деп өзгертті. Содан соң Имам Хади (ғ.с.) -ның қасына жеткізілді. Хазірет Нарджеске бұрылып: «Мен саған екі жол ұсынамын: саған он мың динар сыйлаймын немесе өзіңе мәңгілік бедел ұсынамын», - деді. Нарджес: «Мен мәңгілік беделді қалаймын», - деп жауап қайтарды. Сол кезде имам Хади (ғ.с.) әлемнің Шығысы мен Батысын билеп, жерді әділетке толтыратын перзентіне Нарджеспен некелесуді ұсынды. Имам (ғ.с.) Нарджесті апасы Хакимеге тапсырып: «Бұл менің саған айтқан адамым», - деді. Хакиме мен Нарджес бір-бірін құшақтап,, біраз уақыт бір-бірімен сұхбаттасты. Имам Хади (ғ.с.) Хакимеден Нарджесті үйіне апарып, оған исламның ахкамын үйретуді талап етті. Өйткені ол келешекте имам Аскари (ғ.с.) -ның өмірлік серігі және имам Мәһди (ғ.с.)-ның анасы болады. Нарджес пен имам Хасан Аскари (ғ.с.) -ның некелесетін күні де келіп жетті. Хакиме осы жақсы күнге қажетті шараларды дайындады. Нарджес имам Хасан Аскари (ғ.с.)-ның өмірлік серігі болды. Біраздан кейін Нарджестің аяғы ауыр болды. Бірақ дұшпандар оның жүкті болуынан хабардар болатындай сырт көзге еш белгі байқалмады. Хиджри қамаридың 255-ші жылының шаабан айының 15-ші жұлдызында түн ортасында Нарджестің толғағы басталды. Нарджес нұрға бөленді. Нұр кеткен кезде, ол нұрлы жүзді сәбимен көрінді. Иә, осы түні имам Мәһди (ғ.с.) дүниеге келді.. Нарджес туа салысымен сөйлеп, А..ның Жалғыздығы мен Пайғамбар (с.ғ.с.) және имамдар (ғ.с.) туралы куәлік еткен перзентті дүниеге әкелді. Нарджес Хатун дүниеге перзент әкелгеннен кейін бірнеше күн өтті. Имам Хасан Аскари (ғ.с.)-ның өмірлік серігі әрі имам Мәһди (ғ.с.) -ның мейірімді анасы қадірлі жұбайының мейірімді және рухани жанұясында тыныштықта өмір сүрді. Рауаяттардың бірінде, күндердің бірінде имам Аскари (ғ.с.) Нарджеспен жеке сұхбатында өзінің алдағы қиындықтары, Мәһди (ғ.с.) -ның жасырынуы және Пайғамбар әулеті мен шиіттерге деген қысымдар және өзінің шәһид болуы туралы хабарлады. Нарджес Хатун жұбайының шәһид болатындығы мен перзентінің жасырынатындығын естіп қайғыға батты. Ол имамнан А..дан өзінің шәһид болуынан бұрын, Нарджеске де өлім сұрайтын дұға жасауды талап етті. Нарджес имам Аскари (ғ.с.)-ның шәһид болуынан бұрын хиджри қамаридың 261-ші жылы дүниеден озды. Ол Самера қаласында имам Хади (ғ.с.) -ның қабірінің қасында жерленді. Бұл қасиетті мекенде имам Хасан Аскари (ғ.с.) мен Хакиме Хатун де жерленген. Осы кезде осы қасиетті мекен дүниежүзінің түкпір-түкпірінен жиналатын мұсылмандардың зиярат жасайтын мекеніне айналған. 

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды