Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Жексенбі, 05 Маусым 2011 16:40

Имам Хомейнидің азаттық пен азаттықты талап ету ұғымына көзқарасы

Имам Хомейнидің азаттық пен азаттықты талап ету ұғымына  көзқарасы

Азаттық деген қасиетті сөз - Иран халқы мен олардың рухани көсемі Имам Хомейнидің Ислам революциясы кезінде көтерген басты үндеулерінің бірі. 1979 жылы ақпанда Ислам революциясы жеңіске жеткеннен  кейін  Исламдық республиканың саяси-құқықтық құрылымдарында азаттық тұғырын орнатуға бағытталған шаралар жүргізілді. Көптеген еркін сайлаулар мен референдумдар өткізу, саяси партиялар мен топтар, азаматтық институттар мен сынға алушы тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының қалыптасуы – осының барлығы Ислам революциясының Иранда азат қоғам қалыптастыру жолында атқарған айқын шаралары болып табылады. Бұл жайлы елдің Ата заңында ашық түрде жазылған. Сондықтан Иран Ислам революциясы шет елдердің кедергілеріне қарамастан, өзінің мақсаттарын орындаудан қапы қалған жоқ. Ол азаттық, тәуелсіздік және талпыныс атты ұғымдарды басты орынға қоя отырып, диктаторлықпен күресті отарлау саясатына қарсы тұру  шараларымен қатар алып жүрді деп айтуға болады. Сөйтіп қазір Иран әлемде тәуелсіз де азат ел ретінде қарастырылады.

Ислам революциясындағы Иран халқының азаттық арманы диктаторлық қысымның астындағы көптеген халықтардың ұранына айналды және Исламдық республика формасындағы діни басқарудың халықтық үлгісі  басқару жүйесіндегі теңдессіз үлгіге айналды.  Ислам революциясының бүкіләлемдік үндеуі "Діндарлыққа негізделген азаттық" болып табылады. Бұл тақырып бұрын-ақ либералистер мен марксистер тарапынан қатты сынға алынып келді және әлі де сыналуда. Бұл бүкіләлемдік үндеу көптеген ұлттарға, әсіресе Ислам әлеміне шабыт берді. Сөйтіп азаттықты талап етуші қозғалыстардың исламдық оянумен бір мезгілде басталуына себеп болды. Бельгияның Таяу Шығыс мәселесі жөніндегі маманы Крисс Джонсон былай дейді: "Иран Ислам революциясы басталғанан  бүгінге дейін күресуші, азаттықты талап етуші халықтардың үлгісі ғана болып қоймай, Венесуэла, Боливия, Эквадор, Куба сынды Латын Америкасы елдері үшін империализммен күресудің символына айналды. Ислам революциясының азаттық үшін күресудегі рөлі әлемде өте кең шағылыс тапты. Иран Ислам революциясы ұлттардың, әсіресе аймақтық ұлттардың азаттықты талап етуіне себепші болды".

Бүгінде азаттық  әділет пен демократия сынды ұғымдармен бірге саяси сахнада қарасырылатын ең маңызды ұғымдар болып табылады. Азаттық – еркіндіктің бүкіл қырларын түгел қамтитын терең ұғым. Ислам азаттыққа негізделген және басқа мектептер сияқты оған бір жақты қарамайды.  Әли (ғ.) азаттықтың орны мен маңыздылығы, оның құнды әсері жайлы мынадай әдемі сөз қалдырған: "Ешкімнің құлы мен күңі болма, өйткені Алла сені азат етіп жаратты" ("Нахж ол-Балағе",  31-сөз).  Бұл сөз  адамның еркіндігін Алланың махаббатынан берілген қажеттілік және табиғи құбылыс ретінде таныстырады. Ол адам мінез-құлқының тұңғиығынан бастау алады.

Осы түсіндірме бойынша, Ислам азаттықты адамның табиғи құқығы деп санайды. Яғни Исламда азат болу құқығы өмір сүру құқығы сияқты. Өзінің ойы мен дүниетанымын таңдай алатын азат адам жеке адамның барлық құқықтарына ие бола отырып, өзінің күш-қабілеті мен шығармашылық талабы арқасында өмір сүреді. Бірақ аталған азаттық үшін белгілі бір шеңбер   қалыптастырлыған. Бұл біріншіден жеке бас азаттығы сезімнің арбауына түсіп, өз-өзін жоғалтып алмауы үшін қажет, ал екіншіден басқаларға зиян тигізбес үшін немесе басқалардың  еркіндіге нұқсан келтірмес үшін керек.

Иран Ислам революциясының негізін қалаушы Имам Хомейни (р.) Ислам революциясындағы осындай азаттық пен азаттықты талап етуді революцияның құрамдас бөлігі деп атап, азаттықтың орны мен маңыздылығы жайлы: "Өмірдің құндылығы азаттық пен тәуелсіздіктің болуында. Біз ойымызша, бағынышты өмірде  ешқандай қадір-қасиет, мән-мағына жоқ". Осы тұрғыдан ол азаттыққа жету және оны сақтауды әр адамның міндеті деп санайды және азаттықтың маңыздылығы жайлы: "Азаттық - Алланың бізге берген аманаты",-дейді.

Имам Хомейни (р.) өзінің осы сөздерімен барлық адамның назарын  мына шындыққа аударады: Азаттық нығметі өзінің барлық құнды әсерлерімен бірге Жаратқан ие тарапынан адамға берілген аманат және бұлжымас құқық. Адам мұны айнымай сақтап, Алланың аманатына қиянат етпеуі керек.  Имам Хомейни тағы бірде: "Біздің еліміз бүгінде көтеріліске шықты. Біз барлығымыз осы көтерілістің мақсаттарын көздеуге міндеттіміз. Адамның осы мақсатты көздеуі қисынды. Халық өзінің негізгі құқығын талап етуде. Азат болуды қалау, сөз бостандығын қалау менің негізгі құқығым болып табылады",-деген.  Имам Хомейни, сондай-ақ, адам құқығы конвенциясына  сүйене келіп: "Адам құқығы бойынша, бір халықтың барлық адамы өзінің ой-пікірін білдіруге құқылы. Барлық халықтар өздерінің тағдырын таңдап алуға құқылы. Бұл құқықтар адам құқығы конвенциясында келтірілген",-деді. Осылайша, адам құқығын қорғаймыз дей келіп, Иран халқының азаттықты талап еткен көтерілісіне қастандық жасайтын АҚШ пен Батыс елдері өздерінің қастандықтарын жалғастыруға  сылтау таба алмай отыр.

Имам Хомейнидің пікірінше, адам еркіндіктен айырылғаннан кейін басқаларға бағынады. Егер адамды еркіндіктен айырса, жалпы адамзат құлдырап, құриды. Өйткені әртүрлі адамзат қоғамында өмір сүретін адамдар еркіндіктің арқасында әртүрлі   өзгеріс, даму мен өсуге жетеді. Ал шынайы ұғымдағы азаттығы болмаған адам немесе қоғам құлдырап, артта қалады. Имам Хомейни  азаттықтың орнын баян еткеннен кейін ойлау бостандығының өзекті рөліне тоқтала келіп, былай деген: "Ойлау бостандығы дегеніміз адамның еркін және ешқандай тарапты жақтаусыз ойлауы. Ғылымға қатысты мәселеде де солай. Егер адам ғылыми мәселелер жайлы еркін ойлай алса, көдеген нәтижеге қол жеткізеді, ал егер осы мәселе жөнінде санасы белгілі бір ұстанымға негізделсе, басқаша ойлап, бұрыс қорытынды жасайды".

Имам Хомейни азаттықты пайдалы және зиянды деп екіге бөліп қарастырған. Ол пайдалы азаттықта адамның дамуына көмектесетін барлық нәрселерді "рұқсат етілген" деп атайды. Өйткені Ислам адамның дамуы мен рухани кемелденуін қалайды. Ал адамның дамуына кедергі келтіретін нәрселерді "рұқсат етілмеген" деп атайды. Осы бойынша,  Имам Хомейни  Батыстағы жүгенсіз кеткен азаттықты адамды өзінің шексіз қалаулары мен тілектері жолында еркін қоя беретін зиянды азаттық деп санайды. Бұл азаттық адамның күш-қуатын зая етеді. Имам Хомейнидің пікірінше, Батыстағы азаттық ақлаққа қарсы және белгілі бір ережелер мен заңдардың аясына салынбаған. Егер онда азаттық атты дүние болатын болса, оның тек сыртқы келбеті ғана бар және ол шындыққа жанаспайды.

Имам Хомейнидің айтуы бойынша, "Батыс бізге пайдалы боларлықтай ештеңе бермейді. Пайдалы дүниесі бар, бірақ оны бізге бермейді, экпорттамайды. Бізге шығаратын дүниесі - біздің елдерді құртатын дүниелер. Батыстың Иран мен шығыс елдеріне берген азаттығы біздің халықтың, әсіресе жастардың бұзылуына себеп болатын дүниелерден тұрады".

Имам Хомейнидің идеалды басқаруында үкімет халықтың азаматтық бостандықтарына кедергі болмайды және азаттық адам құқығы мен Ислам шарияты аясында айқын мән-мағынаға  ие болады. Ислам революциясынан кейін  Имам Хомейни  пайғамбарлардың тәлімінен өнеге алып, азаттықты  Иран қоғамының әртүрлі сатыларында дамытты. Сөйтіп әлеуметтік азаттық, сөйлеу және ойлау бостандығы, әйелдердің азаттығы, тіпті діни азшылықтардың азаттығы атты ұғымдарға мән-мағына берді. Имам Хомейни халықтың азат болу қажеттігі жайлы айта келіп, үнемі  бағынышты исламдық үкіметтерді сынға алып, халықты азаттық және тәуелсіздік жолында көтеріліске шығуға шақырды.  Бүгінде азаттықты қалаушылардың көсемі Имам Хомейнидің қайтыс болғанына 22 жыл өткеннен кейін аймақтық халықтар оның үндеуіне құлақ асып, Мысыр, Тунис, Ливия, Йемен,  Бахрейн және т.б. елдердегі залым билеушілер мен диктаторларға қарсы көтеріліске шықты.

 

 

 

 

 

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды