Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Сейсенбі, 25 Ақпан 2014 17:22

Құрани тәмсілдер (6)

Құрани тәмсілдер (6)

Өсімқор өзінің ашкөздігі мен дәмеленуі және сорақы ісімен қоғамның экономикасының теңдігін бұзатындай, оның өзі ақирет әлемінде осындай тағдырға ұшырап, жын соққандар сияқты ақылынан ажырасады.

Адамның негізгі уайым-қайғыларының бірі қиын-қыстау кезеңде игілігін көріп, өзі үшін сенімді әрі жарқын болашақты белгілеуге қолайлы қаржылық демеуге ие болу болып табылады. Жинақ қор және қиын күндерді өткізу үшін жеткілікті дүние жинау немесе өмірге қажетті жабдықтарды даярлау жеке әрі әлеуметтік өмір үшін жоспар құрудың қағидаларына жатады. Адамдардың барлығы шама-шарқынша сонымен өзін қамтамасыз ету үшін еңбек етеді. Бұл жөніндегі негізгі жайт қисынды жинақ қорға ие болу және ашкөздіктен алшақтау болып табылады. Жинақ қор қаншама тиімді әрі жол ашушы болса, ашкөздік пен көптен дәмелену кісінің өзі мен айналасындағыларға кесірін тигізе алады. Ашкөздік адамды екіжүзділік пен көптен дәмеленуге қарай тартады.  "Риба" исламдық шариғатта қаржылық төлемнің орнына әділетсіз әрі қисынсыз пайда алу дегенді білдіретін термин болып табылады. Исламдық шариғатта алыс-берістің бұл түріне қатаң тыйым салынған. Өйткені бұл экономикалық дағдарыстардың маңызды факторына жатады әрі кісілердің бойында экономикалық жалған күш- қуат қалыптастырады. Өсімге ақша беруші ешқандай экономикалық пайдалы жұмыс істемей, өзгелердің еңбегін пайдаланады. Өсімге ақша алған кісі көп еңбек етсе де өз өміріндегі қиындықты шеше алмайды. Өсімі бар ақша жұмыс тудыру және оны дамытудың жағдайын бұзып, әлеуметтік ахлаққа кері әсерін тигізеді. Сондықтан Ислам «рибаны» Құдай Тағала және оның пайғамбарымен соғысу деп санап, онымен күресуді байлықты әділетті түрде үлестіру жолдарының бірі деп санайды. Исламдық үкімдер халықтық экономикалық мүмкіндіктерін арттыруға ынталандырумен қоса, адамдарды лас байлыққа қол жеткізуді, атап айтқанда «рибаны» танып, солардан аулақ болуға барынша ден қоюға шақырады. Құран Кәрім түрлі аяттарда адамзаттың мал мен байлық табуға деген іштей бейімділігіне сілтеме жасап, кісілердің жеке меншігін құрметтейді. Сонымен қатар ислам малдың қалай жиналуына ерекше көңіл бөліп, табысқа қол жеткізудің халал және дұрыс жолын қуаттайды. Құран еңбек ету мен өндіріс арқылы пайда табу мен сауда жасауды бағалы деп біліп, адамдарды өз еңбегімен қоғамды күшейту үшін жауапты деп атайды. Исламның экономикалық шаралары таптық алшақтықты азайтумен қоса, әлеуметтік тамырластықтарды күшейтеді. Екінші жағынан Құран заңсыз табысқа тыйым салып, «Бақара» сүресінің 275-ші аятында өсімқорлардың жағдайын бір мысалмен анықтап, былай дейді: "Сондай өciм жегендер, (қабырларынан) жын соғып тұрғандай есеңгіреп тұрады. Бұл олардың: “Сауда да бейне өciм” дегендіктерінің салдарынан. Негізінде Алла сауданы халал, өciмді харам еткен. Сонда кім Раббынан насихат келгенде тыйылса өткені өтіп кетті. Оның ici Аллаға тән. Ал және кім қайталаса, мінe солар тозақтық. Олар онда мәңгі қалады." Осы аят бойынша өсімқорлардың ияметтегі мысалы олар мас әрі жын соққандар сияқты махшарға келіп, аяқтарына тік тұра алмайды. Сондықтан бірнеше қадам жүргеннен кейін жерге құлап, қайтадан тұрады. Осы қорқынышты көрініс махшардағылардың назарын өзіне аударып, барша бұлардың өсімқорлар екенін біледі. Ардақты пайғамбарымызға қатысты мынадай рауаят нақыл етілген. Хазірет көкке көтерілген кеште томпиған қарындарымен аяқтарына әрең тұрып, бірнеше қадам әрі-бері қисаңдап жүріп, жерге құлап, қайта тұрып жүргендерді көреді. Сол кезде хазірет Жебірейлден: «Бұлар кімдер?» деп сұрайды. Жебрейл: «Уа, Алланың, елшісі бұлар өсімқорлар» дейді. Ақиқатында ислам кез-келген уақытта және кез-келген жерде адамзат өмірінің барлық қырын толығымен бақылап тұрады. Исламдық мәселелер мен үкімдердің әр қайсысы әлеуметтік мүддеден маңыздырақ мүддені басшылыққа алады. Яғни адамдар мен адамзат қоғамдарының бақыты мен кемелдігінің жолындағы негізгі әрі әсерлі фактор болып табылады. Кейде бір исламдық үкім адамзат өмірінің түрлі мүддесін қарайды. «Риба» мәселесі экономикалық жағынан да әлеуметтік және ахлақтық тұрғыдан да шариғаттың ерекше назарында болған. Сондықтан Құран Кәрімде оған шектеу қою көптеген қатаң қорқытулармен бірге келтірілген. «Имам Садық (ғ) былай деп айтты» деген сөз қалған: «Ақшадан өсім алудың қатаң түрде харам етілгенінің себебі егер ол үйреншікті жайтқа айналса, халық көркем қарыз беру және өзгелерге көмек көрсету мен садақа беруден бас тартатын болады. Шәһид Мүттахари де осыған сәйкес исламда ақшадан өсім алуға тыйым салынудың себебін былай деп баяндайды: "Ислам ақшадан өсім алуға қоғамда сүйіспеншілік пен аяныш болсын деп тыйым салған. Исламның шариғаты мейірімділікті сақтауға назар аударған. Сондықтан қарыз беруді уәжіп етпей, үкіметтің мойнына да артпаған. Екінші жағынан көркем қарыз беруді де мүстахаб деп санап, оған жағдай жасаған. Шариғат қарыздың мейірімділік және сезім бойынша берілуін қалаған. Сүйіспеншілік сезімін жандандыру маңызды мәселе болып табылады". Ислам ақшадан өсім жеуден қатаң түрде тыйып, кісі мен қоғамның құлдырауын соның кең таралуынан деп біледі. Кейбір Құран тәпсіршілері Құран Кәрімде әр күнә үшін белгіленген жазалардың сол күнәға сәйкестігі бар деген сенімде. Мысалы, өсім жегендердің жазасының өсім жеу әрекетімен байланысы бар. Өйткені өсім алушының өзінің ашкөздігі және сорақы ісімен қоғамды тепе-теңдіктен шығаратыны сынды оның өзі де ақиретте осындай тағдырға душар болып, жын соққандар сияқты орнынан тұра алмайды. Алла Тағала көптеген аяттарда Құдай жолында садақа беруге ынталандырып, өзге аяттарда садақа беруге қайшы келетін өсімқорлыққа сөгіс айтады. Ақиқатында бұрынғы аяттардың мақсатын толықтырады. Өйткені өсімқорлық қоғамда кедейліктің артуымен байлықтың шектеулі кісілердің қолында жиналуына және әлеуметтегі кісілердің көпшілігінің мақұрым қалуына, сараңдық, кекшілдік, жиіркеніш пен ластықтың пайда болуына себеп болады. Ал, садақа беру қоғамда жүрек пен нәпсінің тазалығы мен қоғамның тыныштығына себеп болады. Садақа және өсім алудың екеуінің де мақұрым және мұқтаж таптың өмірімен байланысы бар. Садақаның бір ерекшелігі қауіпсіздікті өрістетіп, жүректерді өшпенділік, ұрлық және бұзықтыққа бет бұрудан тыяды. Өсіморлықтың зияндарының бірі мал азайып, біртіндеп құрып кетеді. Өйткені өсім жеу жүректің рақымсыздығы мен шығынға себеп болады. Осы екеуі өшпенділік, дұшпандық және күмәнға себеп болып, қауіпсіздік пен қол сұғылмаушылықтан айырып, нәпсілерді қоздырады. Құдай Тағала өсім алу мен садақа беруді былай деп салыстырады: "Алла өсімді жояды да сауданы арттырады. Әpi Алла барлық қарсы келуші күнәһарды жақсы көрмейді." (Бақара сүресі 276- шы аят)

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды