Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Бейсенбі, 27 Ақпан 2014 13:23

Құрани тәмсілдер (7)

Құрани тәмсілдер (7)

Адам жүрегінің тастай қатып қалуының өзге бір себебі надандық пен қапылдық болып табылады. Надандық адам алдында шындықтан бұрыс бейне қалыптастырып, иман нұрының оның жүрегіне ықпал етуіне кедергі болады. Ал, қапылдық оны шындықтарды іздестіруден адастырады. Нәтижесінде адамның жүрегі уағыз-насихат, мұғжиза және дәлелдің алдында қатайып қалады. Ислам пайғамбарының адамзат жолындағы 23 жылдық пайғамбарлық миссиясының сыйы Құран Кәрім болып табылады. Бұл кітапты пайғамбардың өзі жазған жоқ. Ол уахи әлемінен түсірілген сөз. Адамдар мен парасат иелері Құранды қанша оқыса да ол өзінің тазалығынан айрылмайды. Кімде кім адалдықпен және ақиқатты түсіну үшін осы кітапқа жүгінсе, жолын тауып, туралық пен бақыт жолына түседі. Пайғамбардың мұғжизасы – Құран түрлі тәсілдермен адамзатты бақыт пен күнә мен соның салдарларынан құтылу жолына қарай жол нұсқайды. Хикая, мысал, ант ішу мен дәлел-дәйекті пайдалану осы әдістердің қатарына жатады. Ұлы Алла осы хикаялар мен мысалдарда өте көркем және шешендікпен, түрлі әдістермен адамның жүрегін нысанаға алып, түрлі сөздер және сөйлемдермен оған мақсатқа жетуге жетекшілік етеді. Адамдар хақты қабылдау мен ақиқатты түсінуде бірдей емес. Кейбіреулері бір нәзік ишарамен немесе қысқа бір сөзбен-ақ ақиқатты жақсы түсініп, бір ескерту олардың көкірегін оятып, бір уағыз-насихат рухтарын тулатса, енді біреулердің бойына қатаң құтпалар, өткір дәлелдер мен күшті уағыздар да әсерін тигізбейді. Бұл оңай мәселе емес. Израиль қауымы адамзат тарихында өздерінен қабылдауға келмейтін тарих қалдырған. Фанатизм, қыңырлық, сылтау іздеу, өзін артық санау және пайғамбарларына қатысты кекшілдік осы шектен шығушы әрі шүкірсіз қауымның ерекшеліктеріне жатады. Құран кейбір аяттарда Израиль қауымынан хикаялар баяндаумен қоса, осы көріксіз сипаттарға сілтеме жасайды. Атап айтқанда мына хикаяға сілтеме жасауға болады: Хазірет Мусаның заманында бір күні Израиль қауымының бір кісісі жұмбақты жағдайда өлтіріледі. Осы қаза олардың арасында келіспеушіліктің тууына себеп болады. Оқиғаның мән-жайы мынадай еді: бір жігіт өзінің ауқатты немере ағасының мал-мүлкі мен мол байлығын иемдену үшін оны өлтіреді. Кейбіреулер қылмыстың түрткісін сол жігіттің өзінің немере ағасының қызына деген қатты қызығушылығы деп санады. Немере ағасы сол үйленуге кедергі болды. Сол адамның өлтірілуінің хабары Израиль қауымының арасында тараған кезде шу шығып, барлығы қылмыскерді іздей басатйды. Тайпалар бір-біріне қарсы сап түзеп, осы оқиға үлкен бір соғысқа айналуға жақындап қалады. Халық мәселені шешу үшін хазірет Мусаға барып, Құдайдан қылмыскерді көрсетуін сұрауды өтінеді. Хазірет дұғаға қол жаяды. Құдай Тағала хазіреттің талабын орындап: «Бір сиырды бауыздап, қанын өлтірілген кісінің денесіне жағыңдар. Сонда ол тіріліп, қылмыскерді өзі таныстыратын болады» дейді. Қыңыр қауым Мусаның мұғжизалы ісінің алдында сылтау іздеп: «Ірі қараның жас шамасы қандай мөлшерде болуы керек?» дейді. Сол кезде Құдай Тағала кәрі де жас та болмасын деп уахи етеді. Израиль қауымы енді сиырдың түсінің қандай болуы керектігін сұрайды. Хазірет Мусаға сиырдың түсі көрермендерді қуантатын сары болсын деген уахи келеді. Әлгілер тағы да сылтау іздеп, сиырдың қандай сиыр болуы керектігін сұрайды. Соқаға жегілетін де емес, су таситын да емес, бірақ кез-келген айыптан пәк әрі таза сиыр болсын деген уахи келеді. Осындай ерекшеліктері бар сиыр қамқоршысы жоқ кісіге тиесілі еді. Халық амалсыз қомақты қаржыға сиырды сатып алып, бауыздап, қанын өлтірілген кісінің денесіне жағады. Ол илаһи мұжизамен тіріліп, қылмыскерді таныстарды. Сауал қиындықтарды шешудің және надандықтан арылудың кілті екендігі сөзсіз. Алайда әр нәрсе сияқты сауал да егер өзінің шегінен шықса немесе орынсыз болса, ауытқушылық пен зиянға себеп болады. Осы хикаядан тыңдағандарыңыздай Израиль қауымы сиыр туралы сылтау іздеп, орынсыз сауалдарымен өздерінің істерін қиындатты. Екінші жағынан өлтірілген кісінің тірілу мұғжизасы Израиль қауымының имандарының артуы мен олардың Құдайға жақынырақ болуына себеп болуы тиіс еді. Бірақ керісінше олардың сылтау іздеуі мен қыңырлығы және пайғамбарларға қатысты құрметсіздігі осы қауым арасында күннен күнге артып, олардың рақымсыздығын арттыра түсті. Сонда олардың тастай қатып қалған жүректері ешқандай тура жолға қарай жол нұсқалуға шыдамайтын. Құран көркем сөйлемдер мен қисынды дәлелдер баяндалғаннан кейін де хақты қабылдаудан бас тартатын кісілерді таныстырып, былай дейді: "Және содан кейін де жүректерің қатайып, тастай немесе тағы қаттырақ болды. Өйткені тастар жарылып, одан өзендер ағады. Әрі кей тастар қақ бөлініп, одан су шығады. Әрине кей тастар Алладан қорқып, құлайды. Алла істегендеріңнен ғапыл емес" (Бақара сүресі, 74 аят). Израиль қауымының тағдыры илаһи аяттар мен мұғжизалардың қасынан өтіп, соларды елеместен Құдайдың бұйрықтарынан бас тарту жолын ұстанатын кісілер үшін ғибрат аларлық сабақ болып табылады. Расында илаһи мұғжизаларды көре тұра, содан бас тартатын кісілердің жүректері тастан да қаттырақ болады деп айтуға болады. Израиль қауымы соның жарқын мысалы болып табылады. Бір қызығы "Бақара" сүресінің 74-ші аяты тастарды Изриль қауымының жүрегінен жұмсағырақ деп санап, «кейбір тастар қақ бөлініп, одан өзендер ағып немесе одан су тамшылары тамады» деп ескереді. Тіпті кейбір тастар Алладан қорқып, құлайды. Бірақ сылтау іздеушілердің жүректері осы тастардан да қаттырақ болады. Одан сүйіспеншілік те, таным да қайнап шықпайды, махаббаттың тамшысы да тамбайды, Құдайдан қорқып та соқпайды. Алла Тағала "Мәида" сүресінің 13-ші аятында тас жүректіктің ең маңызды факторын сертті бұзу деп атап, былай дейді: "Сонда олардың серттерін бұзуларына байланысты оларға лағынет етіп, жүректерін қатайттық." Адам жүрегінің тастай қатып қалуының өзге бір себебі надандық пен қапылдық болып табылады. Надандық адам алдында шындықтан бұрыс бейне қалыптастырып, иман нұрының оның жүрегіне ықпал етуіне кедергі болады. Ал, қапылдық оны шындықтарды іздестіруден адастырады. Нәтижесінде адамның жүрегі уағыз- насихат, мұғжиза және дәлелдің алдында қатайып қалады. Құдай Тағала ислам пайғамбарына қаратып былай дейді: "Сен өліктерге естірте алмайсың. Сондай-ақ бет бұрып, кетіп бара жатқан саңырауларға да дауыс естірте алмайсың". (Рум сүресі, 52 аят) Осы аятта надандық пен ғапылдық пердесіне оранып, жүректері қатайып, ақиқатты естуден мақұрым болған кәпірлер өліктер мен саңыраулар деп аталған. Адам өмірге пәк жүрекпен келеді. Оның тұла бойы кез-келген бұрыстықтан ада. Құдай Тағала оның бойына өз рухынан үрлеген. Сондықтан адам кез-келген игі сипаттар мен жақсылықтарды және нәзік әрі бағалы сүйіспеншіліктерді бойына дарытып алуға лайық. Әрбір жасалған күнә осы сипаттардан алшақтаудың баспалдағы болады. Адамның жүрегі қатайған кезде ол нәзік әрі нұрлы істерден әсер алмайды. Нәтижесінде өзгелердің оянуы мен өсуіне себеп болатын көптеген істер оның кемелдігі мен ілгерілеуіне әсерін тигізбейді. Құраннан былай деп оқимыз: "Жоқ, бәлкім олардың жүректерін істеген қылықтарының таты басты." (Мутаффифин сүресі, 14 аят) Жүрегі қатайып қалған адамның өзінің дана және мейірімді Жаратушысын тани алмайтыны былай тұрсын, тіпті ол өзінің отбасылық және әлеуметтік байланыстарында да нәзік әрі таза сезімнен жұрдай болады. Нәтижесінде салқын әрі қатал өмір сүреді. Рух пен жанның нәзіктігі үшін адамның өзінің табиғатына сай туралық жолына түсіп, Құдайға құлшылық жасауы тиіс. Сол кезде жүрек тат басудан тазарып, адамның жүрегі илаһи нұрмен тазарады, шайтандар адамның жүрегінен кетіп, оның жүрегінен хақ көрініс береді. Жүректің қаттылығы адамның кемелденуі мен танымы жолындағы үлкен апаттардың бірі болғанымен, онда кішкентай бір жолдың болуы жүректің жұмсаруы мен оның илаһи рақымшылықтың енуіне әзірлігіне себеп болады. Ойланып-толғану осындай бір жол ашу үшін аса маңызды рөл атқарады. Өйткені адам өзі мен қоғамның және Құдаймен байланысы туралы көбірек және мұқият ойланып, Құдайдың аяттарына нақтырақ зер салып қарайды. Содан өзінің мәртебесіне көзі жетіп, жарылқау тілеу, дұға ету және Аллаға жалбарынуға жол ашады. Илаһи аяттар туралы ойлану шипа беруші дәрі. Ол адамның біліктілігіне, дұға тілеуі мен тәубеге келуіне әрі Құдай алдында кішіпейіл болуына, жүрегінің жұмсаруы мен жарқырауына себеп болады. Сондықтан Құдай Тағала «Хадид» сүресінің 16 және 17 аяттарында адамның назарын өз аяттарына ой салуға аударып, былай дейді: "Иман келтіргендердің жүректері Алланың зікіріне (Құранға) жұмсарып әрі түскен ақиқатқа жібімей ме? Ал енді бұрын өздеріне Кітап беріліп, сосын ұзақ мерзім өткендіктен жүректері қатайғандар сияқты болмаңдар. Олардың көбі бұзақылар. Біліңдер, Алла жер өлгеннен кейін жандандырады. Расында түсінулерің үшін сендерге белгілерді ашық көрсетеді".

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды