Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Сәрсенбі, 05 Наурыз 2014 12:23

Амин ханым – ирандық әйгілі ғалым

Амин ханым – ирандық әйгілі ғалым

Әлемнің қазіргі жағдайында капиталистік алпауыт күштер өздерінің бұқаралық ақпарат құралдарын қолдану арқылы адамдардың, әсіресе мұсылман әйелдердің өмір салтын өзгертуді мақсат етеді. Үлгілі мұсылман әйелдерін әлемге таныту әйелдердің адамдық қасиетіне лайықты өмір салтын таныстыруға қолайлы әдіс-тәсіл болып есептеледі. Ислам тарихының түрлі кезеңінде ғылым, даналық, тақуалық және өзге де игі қасиеттер тұрғысынан жоғары дәрежеге жеткен әйелдер көп болған. Бүгінгі әлемнің осындай үлгілі әйелдерінің бірі "Амин ханым" және "Иран бануы" есімімен танымал Сейеде Носрат Бигом Амин ханым болып табылады. Амин ханым – ахлақтық және рухани даналық пен нәпсіні дұрыс тәрбиелеудің арқасында дін мен сопылықтың жоғары дәрежесіне қол жеткізген әйел. Бірнеше күн бұрын Теһранда осы білікті ханымға құрмет көрсету рәсімі өтті. "Иран бануы" атымен белгілі Сейеде Носрат Бигом Амин ханым х.ш.ж.с.б. 1265 жылы Исфахан қаласында дүниеге келген Иранның ғалым әрі сопы мұсылман әйелі болып табылады. Ол 4 жасынан бастап құран оқып, кейін араб тілін меңгеруге бет бұрған. Амин ханым 20 жасында тәпсірлеу мен хадистер ілімі, негіздер мен фикх саласында білім алып, көп кешікпей хикмет пен философияға зер салады. Кейін сопылық жолына түседі. Амин ханым 40 жасында жылдар бойы күндіз түні тынбай еңбек етуі нәтижесінде исламның жоғары дәрежесі мен мәртебесіне қол жеткізеді. Ғалым әйел алғашқы білімін үй қабырғасында алған. Кейін Құм қаласында діни мектептің негізін қалаған Мохаммад Казем Ширази және Шейх Абдулкарим Хаири сынды ұстаздардан білім алып, осы екі ұстаздың рұқсатымен иджтихадқа қол жеткізді. Амин ханым ұзақ жылғы талпыныстары мен діни ілімді меңгеруі нәтижесінде өзінің бірқатар еңбегін, соның ішінде "Арбағин Әл-Хашемие", "Әулиелер тәсіліндегі тариқат жолы және пайғамбар ұрпақтарының жол тәсілі", "Қайта тірілу немесе адамзаттың соңғы сапары", "Ахлақ және бақыт жолы" атты кітаптарын жазып, Ибн Маскунидің "Тахерате Әл-Әрақ" кітабын аударған. Ол бұдан бөлек "Нафахат әл-Рахмание", "Махзан әл-ерфан" (15 томнан тұратын қасиетті құранның түсіндірмесі) және "Бақыт жолы" атты еңбектерін жазған. Амин ханым өзінің өмірінде көптеген шәкірттер тәрбиелеген. Аталмыш ұлы тұлға шәкірттерінің айтуы бойынша, Амин ханым қарапайымдылығымен бір мезгілде рухани тартымдылығы мен ерекше байсалды қасиетке ие болды. Ол өзінің "Бақыт жолы" кітабын ахлақтық ұстанымдар негізі ретінде қарапайым, көркем әрі нәзік тілмен үйрететін. Амин ханымның шамамен бүкіл өмірлік жолы діни тәлім-тәрбие беру, зерттеу жүргізу, еңбек жазу, діни мектепті сақтау жолында сарп етілді. Амин ханымның ерекше тұлғалық қырларына шыншылдық пен өз-өзіне сенімділікті жатқызуға болады. Сол себепті оның шәкірттері де осы рухани құндылыққа ие. Ол білімді адамзат өмірінің жол көрсеткіші деп біледі. Оның қасиетті Құранға деген махаббаты мен қызығушылығын сөзбен айтып жеткізе алмайсың. 15 томдық "Махзан әл-ерфан" түсіндірмесінің өзі әуестігінің бір дәлелі болып табылады. Дін және ғылымның көптеген әйгілі тұлғалары осы ханымның туындылары мен өзге де қасиеттерін зерттей келіп, оған жоғары баға берді. Ирандық мұсылман философ Мохаммад Тақи Джафари: "Жоғары рухани дәрежеге қол жеткізген "Иран бануын" көрнекті ғалымдар тобымен бірге қарастыру қажет. Ол білім алумен қоса өмірде «қайта туу» дәрежесіне қол жеткізді... Амин ханымның маңызды ақиқаттың барлығынан хабардарлығы мен тектілігі "Әулиелер тәсіліндегі тариқат жолы және пайғамбар ұрпақтарының жол тәсілі" кітабында ғылыми ұжданмен ұштасып, айқын көрінеді (Өкінішке орай, ғалымдардың шағын тобы ғана мұндай қасиетке ие бола алды)", дейді. Ирактық зерттеуші әрі жазушы Абдолла Сабити Амин ханыммен кездесіп, оның ой-пікірін білгеннен кейін: "Осы сұхбаттасудан кейін Амин ханым дәстүрлі және зияткерлік ғылымда жоғары мәртебеге, әрі отбасылық қатынаста да аса зор абыройға ие екенін түсіндім", деді. Сабити осы ирандық ханым туралы: "Ол ешбір мектепке бармастан, үйге келген ұстаздардан білім алу арқылы жоғары дәрежеге қол жеткізді. Өзге ешкіммен араласпаған. Осындай білім алу тәсілі "хиджаб қазіргі заманда ғылымға қол жеткізу жолындағы кедергі" деп уәж айтатын адамдардың сылтауын теріске шығаратындығы күмәнсіз. Амин ханым сынды пәктік мен хиджабты сақтау арқылы ислам ілімінің фикхі, негіздері, фәлсафасы мен қисынын меңгеріп, аса көрнекті тұлғаға айналған адамдардың дәл осындай жағдайда математика, медицина және өзге де ғылым салаларында жоғары беделге ие бола алатындығы айқын", дейді. Амин ханым қоғамның, әсіресе түрлі шабуылдарға ұшыраған қыз балалардың естілік деңгейін жоғарлату үшін 1344 жылы діни таным мен білім беруге арналған "Фатима" мектебін ашты. Фатима мектебі Амин ханымның ең озық шәкірттерінің серіктестігімен басқарылды. Бұл мектеп Амин ханымның білім беру тәсілі негізінде қыз балаларды тәрбиелей бастады. Сөйтіп, жаңа нәсілге тәлімтәрбие берілді. Х.ш.ж.с.б. 1392 жылдың бахман айының 16-шы жұлдызында (2014 жылдың 5-ші ақпаны) Теһран қаласында осы үлгілі ирандық ханымның ғылыми және рухани тұлғасын таныстыру мақсатында III Халықтаралық «Амин ханымға құрмет көрсету» конференциясы өтті. Осы отырыстың хатшысы Масуме Тахери ханым әйелдерге қатысты феминистік қозғалыстарға және әлемдегі ерекше жағдайға тоқталып: "Қазіргі таңда халықты адастыратын жалған үлгілер, феминистік қозғалыстар, дін есімін жамылып дінге қарсы шығып, біздің әйелдердің пәктігіне кір келтірген ағымдарға толы әлемде бізге бір үлгі керек. Сондықтан Амин ханымды әйелдер арасындағы шоқтығы биік тұлға деп атауға болады", деді. Амин ханым өз еңбектерінің бірінде көтерген ең қызықты бір мәселе бұл ақыл-парасат пен арұят арақатынасы болып табылады. Ол: "Ақыл-парасат пен бірін-бірі толықтырып тұрады. Арұятсыз ақыл болмайды. Өйткені кез-келген қоғам ар-ұятты болса, саналырақ болады. Ал егер қоғамның ар-ұяты болмаса, дамыған өнеркәсіп пен технология ортасында өссе де, ақылдан алшақтай түседі",  деп есептейді. Өмірде адамның дамуына себеп болатын күнкөріс ойы осы ханымның көтерген келесі бір мәселесі болып табылады. Иран хикметі мен фәлсафасын зерттеу орталығының төрағасы Абдулхусейн Хосру Панах осы конференцияға қатысып: "Амин ханымның күнкөріс ойы туралы теориясы аса көркем баяндалған. Оның пікірінше, күнкөріс ойы дегеніміз адам рухындағы күштердің бірі. Осы рухани күш арқылы адам күнкөріс мәселелерін байыппен шешуге мүмкіндік алады", деді. Абдулхусейн Хосру Панах: "Бүгінгі адамзаттың қиындығы оның қазіргі күнді ойлап, о дүниеге зер салмауы болып табылады. Сондықтан әлем атом бомбасымен қорқыту арқылы әлемде үстемдік етуді қалайтын бірнеше елдің ықтиярында қалып отыр", деп баса айтты. Ол сөзінің жалғасында: "Бүгінгі адамзат қазіргі заман адамының қиындығы дәл осы рационализм болып табылатынын өткен тарихи кезеңдерге қарағанда жақсырақ түсінуі қажет. Егер Амин ханым ұсынған «тұрмыстық рационализм ақырет қамы қызметінде болуы керек» деген ұстаным іске жұмылдырылса, адамзаттың көзқарасы мен өмірі өзгереді. Мұндай жағдайда қазір куә болып отырған тынышы жоқ жайлылық емес, әлемде тыныштығы мен жайлылығы қатар орнаған өмір пайда болады", деп баса айтты. Амин ханымға құрмет көрсету конференциясының жалғасында Амин ханымның тұлғасы мен оның жазбаларына қатысты ахлақ, фәлсафа және тәпсір саласының ұстазы Тахере Мусави ханым былай деді: "Егер кімде-кім жақсы өмір сүру жолында талпынып, өзгелерді өмір сүру рухымен шабыттандырса, о дүниеде де өзгелердің жандануына себеп болатын күш-қуатқа ие болады. Сол себепті Амин ханымның дүниеден өткеніне 32 жыл болса да, ол жайлы осындай пікірлер айтылуда. Сонымен қатар ұлы адамдардың оны қабылдап, қуаттауы аталмыш тұлғаның иджтихадтың жоғары дәрежесіне жеткендігін көрсетке керек". Адамгершілік пен ізгіліктің үлгісі болған және ғылым мен білімнің көптеген бастауларына қол жеткізген моджтахид Сейеде Носрат Амин ханым өзінің бүкіл берекелі өмірін дінді зерттеп, оны уағыздауға арнады. Иранның әйгілі моджтахид ханымы хижра жыл санағы бойынша 1362 жылғы хурдад айының 23-і жұлдызында дүниеден өтті. Хақ Тағаланың қалауымен оның жолын жалғастырушылар көп болсын!

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды