Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Дүйсенбі, 10 Наурыз 2014 14:53

Құрани тәмсілдер (8)

Құрани тәмсілдер (8)

Ата-бабалардың әдет-ғұрыптарына ойланбастан еліктеу мүшіріктердің пайғамбарлар алдындағы осал қисыны еді. Дәл осы негізсіз қисын олардың күнәдан және өзінің сенімдік әрі ахлақтық адасушылықтан бас тартуына жол бермей, илаһи елшілер халықты бір Аллаға табынуға және пұтқа табынуды тастауға шақырғанда пұтқа табынушылар оны мойындамайтын. Адамзаттың Құран мен ондағы илаһи танымдарды игеруі оның лайықтығымен шама-шарқына байланысты. Құран әркім өз шама-шарқынша оның гүлдерін пайдалана алатын бақ және сусаған жандардың шөлін қандыра алатын мөлдір бұлақ сынды. Осы арада кәпірлер мен пұтқа табынушылар не ыдысы жоқ, не осы илаһи рақым көзінен бір ұрттам су ішуге мүмкіндіктері жоқ мақұрымдар болып табылады. Ата-бабаның пұтқа табыну салтына соқырша еліктеу олардың илаһи танымның мөлдір бұлағынан тамшыдай татуына кедергі болады. Басқаша айтқанда ата-бабалардың бұрыс салтына еру олардың құлақтары мен көздеріне және ауыздарына қалың перде тартып, олар тану құралынан айрылған. Әмбиелердің шақыруы жолындағы маңызды да толассыз кедергілердің бірі халықтың ата-бабаларына еліктеуі еді. Пайғамбарлар өз үмбеттерін таухид, әділет, және илаһи дінді қабылдауға шақырған кезде олар қасарысу арқылы жауап беріп, біз тек аталарымыздың жолын ұстанамыз дейтін. Құдай Тағала «Бақара» сүресінің 170-ші аятында былай дейді: (Мекке мүшріктеріне) Алла түсірген (Құранға) бой ұсыныңдар делінсе, олар: «Жоқ, үстінде ата-бабаларымызды тапқан жолға ілесеміз» деді. Егер аталары еш нәрсені түсінбеген әрі тура жолда болмаған болса да ма? Кәпірлер әмбиелердің шақыруын қабылдамау себептерінің бірін ата-бабаларының жолын жалғастыру және бұрынғылардың әдіс-тәсілдеріне ойланбастан еру деп атайды. Тіпті исламның ардақты пайғамбары халықты ислам діні мен бір Аллаға табынуға шақырған кезде олар хазірет пайғамбардың дәстүрді бұзуына таңданыс білдіріп, өздері жасаған құдайларға сыйынатын. Мәселен, құрмадан жасалған құдайларын кейде ашыққан кезде жейтін. Құдай Тағала бұл жөнінде кәпірлердің аузынан былай дейді: «Мұхаммед осыншама құдайлардың орнына біз үшін жалғыз Құдай әкелген бе? Расында ғажап нәрсе». Құран осы ырымшылдық қисын мен ата-бабаның салт-дәстүріне ойланбастан еруді қысқа да өткір сөйлеммен айыптап: "Егер аталары еш нәрсені түсінбеген әрі тура жолда болмаған болса да ма?" деп сұрайды. Құранның көзқарасы бойынша, егер олардың ата-бабалары данышпан, ойшыл және тура жолда болғанда оларға еруге болатын еді. Бірақ олардың надан, сауатсыз әрі қияли нәрсеге табынушы болғанын біле тұра соларға ерудің мәнісі не? Бұл әрекет наданның наданға еліктеуі емес пе? Өкінішке орай қауымдық мәселелер мен этникалық фанатизм, әсіресе ата-бабаға қатысты мәселелер о бастан күні бүгінге дейін жалғасуда. Алайда Құдайға табынушы иманы бар кісі адамның өзінің аталарына ессіздікпен еруін қабылдамайды. Негізінен бұрынғыларға еру егер адам ойланбастан өзін дербес соларға тапсыру түрінде болса артқа шегіну мен ескішілдіктен басқа нәтижесі болмайды. Өйткені әдетте кейінгі ұрпақтың бұрынғы ұрпақтан тәжірибесі мен білімі көбірек болады. Құдай Тағала Бақара сүресінің 171-ші аятында осы топтың адамдары үшін мысалдар келтіріп, былай дейді: "Кәпірлердің, мысалы, дабыстағанда үнді, айғайды ғана естіп, түсінбейтін біреу тәрізді; саңырау, сақау және соқыр. Сонда олар еш нәрсені аңғармайды." Осы құрани мысалда кәпірлер өздеріне жақсылық тілеуші жанашыр шопанның айқайынан дыбыстан басқаны түсінбейтін хайуандарға теңелген. Егер дыбыс күшті әрі жаңғырыққа ие болса, қозғалады, ал егер жай болса қозғалудан қалады. Қызықтысы қолдан жасалған пұттар мен құдайларды дыбыстап шақыратын кісі де солай. Өйткені пұттар түсінік тұрғысынан хайуандар сияқты немесе олардан да жаманырақ. Пұтқа табынушылар оларды шақырған кезде олар еш нәрсені түсінбейді. Сонда да мүшіріктер соларды өздерінің құдайлары деп атағысы келеді. Ата-бабаға ессіз еру мүшіріктердің пайғамбарлардың алдында айтатын осал қисындары болып табылады. Дәл осы негізсіз қисын оларға күнә және наным- сенімдік әрі ахлақтық адасушылықтан бас тартуға кедергі болатын. Сондықтан илаһи пайғамбарлар халықты таухид пен пұтқа табынуды тастауға шақырғанда пұтқа табынушылар қабылдамайтын. Адамның сырт әлеммен байланысуы үшін құралдардың керек екендігі даусыз. Оларды таным құралы деп атайды. Бәрінен де маңыздысы көз бен құлақ көру және есту үшін, ал тіл сұрау үшін жаратылған. Сондықтан Құдай Тағала кісілерді таным құралын пайдаланбауына байланысты саңырау, сақау және соқыр кісілерге теңеген соң іле-шала «Сонда олар еш нәрсені аңғармайды» дейді. Осы жерде Құран ілім мен білімнің ең негізгі тірегі көз, құлақ және тіл екендігіне куәлік береді. Көз бен құлақ тікелей түсіну, ал тіл өзгелермен байланыс орнатып, ілімге қол жеткізетін құрал болып табылады. Сондықтан Құранның кәпірлердің еліктеуіне келіспеуінің себебі мен түрткісі олардың ақыл мен ғылым-білімді пайдаланбауы болып табылады. Алайда, егер еліктеу ақыл мен адам табиғатының негіздемелерімен үйлесімді және бірге болса жағымсыз болмайтыны былай тұрсын, тіпті халықтан соның илігін көру сұралады. Сондықтан еліктеуді қоғамның пайдалы және тиімді түрде қабылдауы бағытындағы тиімді құрал ретінде қолдануға болады. Бірақ еліктеу халықты ақылдылықтан алыстату құралына айналмай, қоғам мен ондағы кісілердің еркін ойлауы мен зерттеп, жетілуіне кедергі болмауы керек. Негізінен үлгілі тұлғаларға еру және соларға еруге кеңес беру тек саналы түрде еліктеу саласында мән-мағынаға ие болады. Пікірлік және қылық үлгелеріне еліктеу исламдық тәрбиені толықтыратын және исламдық мәдениетті өзге ұрпақтарға жеткізетін әрекет болып табылады. Құран өмірдегі лайықты үлгі-өнегелерді бағыт беруші оң қозғалтушылар ретінде қуаттайды. Өйткені олар тежеуші кері қозғалтушыларды қысқартып, саналы түрде еліктеуге жол ашады. Келесі ұрпақ осы жайттарға ерумен өз жолын дұрыс тауып, тура жолмен жүре алады. Алайда сөгіс айтылатын жағымсыз еліктеу ақыл мен қисынға ие емес еліктеу болып табылады. Этникалық, отбасылық және тайпалық фанатизмнен шыққан еліктеулерге Құран сөгіс айтады. Сондықтан көптеген аяттарда осындай еліктеулерге сөгіс айтылған. Кейбір аяттар жағымсыз еліктеулерді надандықтан немесе рахаттық пен сауық құрудан шыққан және шайтанның түсіндірулері деп атап, мұндай еліктеудің нәтижесі құрып кету, Құдайдың қаһары мен кек алуы және қиямет азабынан өзге нәрсе болмайды деп санайды. Құран жеке және әлеуметтік жағынан өспеу, ырымшылдық, хақты қабылдамау, бұзықтыққа бейім болу, түзелуді қаламау және түзетуді қабылдаудан алшақтау, пайғамбарлар мен тура жол нұсқаушылармен келіспеу сынды ойланбай, ақылсыз еліктеудің көптеген әсерлері туралы ескереді. 

Осы бөлім бойынша толығырақ « Құрани тәмсілдер (7)

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды