Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Сейсенбі, 14 Қазан 2014 19:06

ИИР – исламдық және демократиялық жүйе 29

ИИР – исламдық және демократиялық жүйе 29

Иранның ислам революциясы   барлық салаларда күрделі өзгерістер әкелді.  Мұндай салалардың бірі қаоулы күштер болды. Иранның қарулы күштері  ислам револююциясына дейін   Пехлеви жанұясының қызметінде болды және оның құрамы мен құрылысы да өз міндетіне сай еді. Мұхаммад реза Пехлеви   әскерге сүйеніп,  Иран халқының   зұлымдық пен  үстем үкіметке қарсы  көтерілісін басып-жаншиды деп ойлады. Патшаның қолдаушылары  ұқсас пікірге ие болып,  бұл режимге  ең дамыған қаруын сатып,  Иранды аймақтың тұрақтылық  аралы деп атайтын. Сол себепті  Иран әскері   аймақтың ең үлкен әрі ең қарулы әскерінің бірі  болып саналатын. Мұхаммад Реза  Пехлеви үкіметінің  қолдаушылары   мұндай әскерге ие болған  патшалық үкімет имам Хомейни басқарған  Иран халқының  революциясының нәтижесінде құлайды деп ойламады. Осыған орай  Иранның ислам революциясының  жеңісінен  бірнеше ай бұрын уақытқа дейін  Батыстың  сарапшылары мен ойшылдары  Мұхамад Реза Пехлевидың үкіметі тақтан таяды деп болжамады.  1978-ші  жылдың соңынан  Иран халқының  Мұхаммад Реза Пехлевидың үкіметіне қарсы қозғалысы күшейіп, Иранның патшалық әскері  қайтадан Иран халқын  өлтіруге дайын болмады. Имам Хомейнидың талабымен  әскердің біраз сарбаздары  мен төмен сатыдағы басшылары әскерден қашты. Көбі  исламдық революцияға қарсы әскери төнкерістердің алдын алу үшін армяида қалды. Ислам революциясының жеңісіне  шамамен бір айдан астам уақыт қалған кезде патша  қашты. Әскердің жоғары лауазымды  басшылары Иранның   халық қозғалысына      қарсы болғандарымен  әскердің өзі халыққа қосылды. Иранның әуе күштері  ислам революциясының   жеңісінен  бұрын   имам Хомейни тарапына көшкен бірінші  әскерилер болды. Иранның ислам революциясының жеңісінен кейін имам Хомейни   қырағылығымен халық пен революцияға қызмет ету үшін әскердің  күш-қуатын сақтап нығайтуды қуаттады. Имам Хомейни  әр үкіметтің   елінің  тәуелсіздігін, қауіпсіздігін және  террриториялық біртұтастығын  сақтау үшін  күш-қуатты әрі ұйымдастылырған қарулы күштерге ие болу қажеттілігін жақсы түсінген.  ИИР  ішкі және сыртқы дұшпандарына көңіл бөле,  біртұтас және құдыретті  қарулы күштерді қажет етті. Өйткені  сыртқы шабуылшылар немесе  заңдарды бұзып,  елдің  қауіпсіздігі мен территориялық біртұтастығына қауіп-қатер тудыруы қарулы топтарға қарсы  тұру тек  әскери күш-қуатқа ие болу арқылы мүмкін. Иранның исламдық республика жүйесінде  қарулы күштерге  наным-сенім  назарынан да көңіл бөлінеді.  Өйткені бұл үкімет  исламдық негіздерге сүйенеді   және  исламдық үкіметті басқа  саяси жүйелерден айырмашылығы   әскери  істерге байланысты.  Исламның  қорғаныс пен джиһадқа қатысты  көзқарасы ИИР-ның қарулы күштерінің   негіздері болып саналады.  Исламдық тағылымдар бойынша,  әскери істер  арнайы орган немесе жеке адамға  қатысты емес. Бүкіл халық   ислам мен исламдық үкіметтің шекараларын  қорғауға міндетті. Алайда мемлекеттердің көбінде  әскери мәселе халықтың тек бір тобының мамандық міндеті және  халықтың көбі отаның жақсы көріп, ұлттық іс ретінде оған  қатысады.  Исламның  тұрғысынан бұл ең жоғары илаһи міндте.  Мұндай көзқарасықа себепті  ИИР әскерімен қатар «Ислам революциясының Сақшылар корпусы» деп аталатын       басқа әскери  құрылым бар.   Оның міндеті  Иранның қауіпсіздігі мен территориялық біртұтастығын, ислам революциясын  қорғау сондай-ақ,  ішкі және сыртқы  қауіп-қатерлеге қарсы тұру болып табылады.  Бұл әскери ұйым революцияшыл  белсенді жастарға сүйеніп,  ислам революциясының жеңісінен шамамен екі айдан кейін 1979-шы жылдың  сәуірінде құрылды.

Иранның  Ислам революциясының Сақшылар корпусының жарлығында ИИР-ның жүйесін құлату  немесе күш көрсету арқылы  оның заңды  билігін жойғысы келетіндермен заңды күресу  бұл әскери ұйымның  міндетірнен саналады деп көрсетілген. Бұл органның келсі міндетіне  елдің тәртібі мен қауіпсіздігін орнату жағдайдарда полиция күштерімен ынтмақтастық етуі кіреді.  Ислам революциясының жеңісінің алғашқы кезінде  Батыс пен Шығыс блоктары  Ирандағы мүддделірінен айырылатындарын түсініп,  революцияны жоймақ болды.  Олар  жергілікті  жал топтарын пайдаланып,  исламдық жүйені ішінен әлсіретуді мақсат етті. Бірақ Сақшылар корпусы  революцияға қарсы  топтардың қастықтары мен ИИ-ның  қасиетті жүйесіне қарсы қарулы  соғыс жариялағаннанн кейін  оларға қарсы шығып,  дұшпанның  арсыз айлаларын  нәтижесіз қалдырды. Саддам режимінің  ИИР-на қарсы  таңылған соғысының сегіз жылы бойында   Ислам революциясының Сақшылар корпусы халық күштерін «басидждер  ұйымына" ұйымдастырып, қасиетті қорғаныстың  бірінші шеьінде болды. Сақшылар корпусысыз бөгделердің тәуелділігінен жаңадан босаған  Иран әскері  Батыс үкіметтерінің  қолдауына е Саддам режимінің әскеріне қарсы  жалғыз өзі қарсы тұратындай  күш-қуатқа ие емес еді. Иранның ислам республикасы жүйесінің  іргетасын қалаушысы  имам Хомейни  сан рет «егер Сақшылар корпусы болмағанда ел де болмайтын еді» деп қуаттады. Ислам революциясының Сақшылар корпусы қысқа мерзімде  әлемдіктерді  таңырқатты. Ешқандай  әскери тәжірибесі болмаған және  әскери оқу орындарында классикалық  білім алмаған  бұл ұйым шайқастарда  революцияшыл иманды жастардың арқасында  ислам революциясының  абыройын көтерді.  Имам Хомейни: «Ислам революциясының жеңіске жетуіне маңызды рөл атқарған  Сақшылар корпусы  қорлық көрген  адамдардың басшысы имам Хусейн (ғ.с.)-ның ерлігінен сабақ алып, Иран халқы мен  исламды  қорғап, революция мен  оның мақсаттарын нәтижеге жеткізудін маңызды себепкері болды»,- деп қуаттаған.  Ислам революциясының ұлы имамы  аятолла Хаменеи Иранның исламдық республика жүйесіндегі Сақшылар корпусының орны туралы: «Сақшылар корпусы өзіміздің тарихымызда да аз кездескен әлде кездеспеген құбылыс. Яғни Сақшылар корпусы революция  сахнасында  туып дамыған және революцияның ең ауыр сынақтарынан өткен құбылыс»,- деді. Сондай-ақ,  басқа бір сөзінде: «Ислам революциясының Сақшылар корпусы  революцияшыл  рухтың және  бұл корпустың  жаунгерлері  мен басыдждердің  шөлін қандырған имамның  рухани сарқылмас бұлағынан нәр алған  мағналықтың аясында үстемшілердің исламдық республикаға  жасаған шабуылын тоқтатып,  жүйені қорғап, оның жалғасына кепілдік берді»,- деп айтқан болатын.

 

 

 

 

 

 

БАҚ

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды