Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Жексенбі, 19 Қазан 2014 19:46

ИИР – исламдық және демократиялық жүйе 30

ИИР – исламдық және демократиялық жүйе 30

Иранда ислам  революциясын қорғап, жүйенің ішкі және сыртқы дұшпандарымен қарсыласу үшін әскерден бөлек  Сақшылар корпусы құрылды. ИИР-ның Ата Заңы бұл елдің  қарулы күштерінің екі түрінің, атап айтқанда әскер мен Сақшылар корпусының міндеттерін анықтады. Иранның Ата заңының  кіріспе бөлімінде иман мен ислам мектебі  ИИР Қарулы күштері  жұмыстарының іргетасы саналады. Олардың мақсаты шекаралар мен Алла жолындағы  джиһадты  қорғау және  әлемде илаһи заңдардың білігін  тарату  жолында күрес деп баяндалды.  Сөйтіп, барлық   қарулы күштер үшін  бірдей мақсаттар анықталды. Алайда  бұл екі мақсат Ата заңның негіздері бойынша  әскер мен Сақшылар корпусы арасында   бөлінген. Аталмыш заңның  143-ші негізінде: «ИИР-ның әскері  тәуелсіздік, территориялық біртұтастық пен ислам республикасы  жүйесін  қорғауға міндетті»,- деп айтылған.  Сол себепті  әскер  Алланың заңдарының билігін орнату жолында   ислам әлемінің  жүрегін, яғни Иранды  қорғау міндетіне ие. Иранның Ата заңы  әскерге территориялық  толық қорғаныс күштері ретінде  қарайды.  Ислам  революциясының Сақшылар корпусына  басқа міндет жүктелді.  Иранның Ата заңының  150-ші негізінде: «Ислам революциясының жеңіске жетуінің алғашқы күндері құрылған Сақшылар корпусы өзінің ислам революциясы мен оның жетістіктерін  сақтау рөлін атқаруды жалғастыру үшін  орнында қалады.  Сақшылар корпусының   міндеттері  басқа қарулы күштердің міндеттеріне сәйкес олармен қарым-қатынас және ынтымақтастық орнату арқылы айқындалады»,- деп жазылған. Сақшылар корпусы туралы әр адамның басында бірінші «Әскер деп аталатын қарулы күштер бар кезде қандай себеп және қандай мақсатпен Сақшылар корпусы құрылды?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Басында  адамдардың көбісі   Сақшылар корпусын революцияның  бастапқы кезеңінде арнайы  құрылған уақытша  күш және  оның  қалуы қажет емес деп ойлады. Ата заңның жобасында да оның атауы ескерілмеген болатын. Алайда  Ата заңды талқылаған кезде  Сақшылар корпусы, оның  рөлі мен орны туралы  мәселе көтеріліп, Ата заңның Хобреган мәжілісі өкілдерінің көбінің назарын аударды. Ислам революциясының  басындағы әскердің  ерекше жағдайы және  өткеннен қалған құрылымына байланысты Ата заңды  реттеушілердің пікірінше, әскердің қасында Сақшылар корпусы  исламдық әскери күштердің үлгісі бола алады. Имам Хомейни  1989-шы жылғы соңғы жолдауларының бірінде  Сақшылар  корпусы туралы оның жұмысының  жалғасуын жалғастыру қажеттілігін қуаттап, бұл күштің   ислам революциясының келешегіндегі әсеріне тоқталып,  бұл әскери органның  ислам революциясының алдындағы қиын күндері үшін маңызды екенін көрсетті. Иранның ислам республикасы жүйесінің  іргетасын қалаушы Сақшылар корпусы туралы: «Мен шынайы түрде Ислам революциясы, Ислам республикасы және қорғаныстың ең үлкен қорғанысы саналатын Ислам революциясының қасиетті Сақшылар корпусы  біздің жүйенің  илаһи құндылықтары болды және  болып қалады деп қуаттаймын. Алдымызда бізді  маңызды әрі қиын күндер күтіп тұр. Ислам революциясы  барлық саладағы  джиһадқа шығушылар мен  шәһид болуға дайындардың   әзірлігін қажет ететін  айлар мен жылдарға ие болады. Оның билеп-төстеушілер, Америка және Кеңес Одағынан бейқам қалмағаны дұрыс»,- деп айтқан болатын. Бұл жолдауда екі маңызды хабар бар. Біріншісі,  Сақшылар корпусы имам Хомейнидің пікірінше қорғаныстың ең үлкен қалқаны – жүйенің илаһи құндылығы саналады. Бұл ИИР-ның  Ата заңынында көрсетілген Сақшылар  корпусының мақсатының өзі болып табылады.   Имам Хомейнидің сөздері  Сақшылар корпусының өткенін қуаттап, келешектегі  міндетін анықтайды. Ислам революциясының сәулетшісі  Сақшылар корпусын келешекте де исламдық жүйенің  құндылығы болып қалатынын растайды. Бұл жүйе басшылары мен  Сақшылар корпусының көшбасшылары үшін өз орындарын білу туралы хабарды жеткізеді. Имам Хомейнидің көзқарасынша  бейбітшілік кезінде де  революция тіпті соғыстан да ауыр  әртүрлі қатерлермен кезігеді. Сол себепті хазірет маңызды әрі қиын күндерді болжады.  Имамның пікірінше,  сол күндері Сақшылар корпусы  революцияның ең маңызды қорғаушысы болады. Аталмыш корпус дәл осы мақсатта құрылған. Иранның Ислам революциясының Сақшылар корпусы ИИР-ның әскері сынды құрлық, әуе және теңіз күштерінен құрылды.  Аталмыш үш күшпен қатар  Құдс күштері мен басидждер ұйымы Иран революциясының Сақшылар корпусының қарамағына кіреді.  Құдс күштері шекараның сыртындағы  жұмыстарға жауапты.  Бұл күштер  Саддам режимінің Иранға қарсы таңылған соғыс кезінде құрылып, оның мақсаты Ирак жерінде әрекет жасау болды.  Соғыстан кейін Құдс күштері  Ислам революциясы Сақшылар корпусының  іскер тірегі ретінде ИИР-ның  құндылықтары мен мүдделерін қорғап, дұшпандардың қастандықтарын залалсыздандырды. Басидждер ұйымы Ислам революциясын қорғайтын халықтық орган ретінде  Сақшылар корпусына бағынады. Басидждердің міндеті  қауіпсіздік және әскери қоқан-лоққыларға қарсы тұруға дайын болу ғана емес. Басидждер ұйымы  мәдени, қоғамдық жұмыстармен да айналысады.  1979-ші жылдың  қараша айында имам Хомейнидың бұйрығымен құрылған  бұл халықтық күштер  тез арада революцияшыл жастар мен  жасөспірімдерді  өз қатарына жинап,  Саддам әскерінің Иранға қарсы соғысында таңқаларлық ерлік көрсетті. Басидж күштерін имам Хомейни «А..ның әскері», «махаббат мектебі»  және  «пәктер шежіресі» деп атап, өзінің басидждерді мадақтап айтқан сөздерінің бірінде Иранның исламдық республика жүйесінде басидж күшінің құрылуын   Иранның ислам революциясы мен бұл елдің халқына жіберілген илаһи  береке деп бағалады. Аятолла Хаменеи Басидждер ұйымын А..ның жолындағы ең пәк, ең жанкешті және елдің ең іскер жастарынан құрылған ұйым деп атап: «Біз әскер, Сақшылар корпусы және Басидж күштері деген бөлек қарулы күштерге иеміз деп айтуға болмайды. Басидждер – халықтан шығып, жаттығып,  қолдарына қару алған  және қарулы күштермен бірге елге қажет уақытта ең ауыр міндетті өздеріне жүктеген адамдар. Соғыс кезінде  бұл анық байқалды»,- деді. Басидждер ұйымының  әскери мамандарының көбінің  мойындауынша  Басидждер ұйымы әлем деңгейіндегі  бірлігі мол ең жанкешті  халықтық күштер саналады. Ислам революциясының Сақшылар корпусы өзінің бақылауындағы әртүрлі ұйымдарымен  Иранның ислам революциясының  органдарының бірі саналады. ИИР Ата заңның  110-шы негізі бойынша,  бұл елдің бүкіл Қарулы  күштерінің Бас қолбасшысы Ислам революциясының қазіргі таңдағы  жетекшісі болып табылады. Сол себепті  Ислам революциясы Сақшылар корпусының Бас қолбасшысы  және аталмыш корпустың  бес түрлі күштерінің  қолбасшыларын, сондай-ақ, әскердің Бас қолбасшысы мен оның  құрлық, әуе және теңіз күштерінің   қолбасшыларын  Ислам революциясының қазіргі жетекшісі сайлайды.  Әскер мен Сақшылар корпусынан  басқа әскери  орган, атап айтқанда  полиция күштері де  бүкіл Қарулы күштердің Бас қолбасшысы саналатын діни жетекшінің  бақылауына қарайды. Діни жетекші  қажет деп санаса полиция күштерінің  жұмысын  уақытша  Ішкі істер министрлігіне тапсыра алады.  Бүкіл Қарулы күштердің штабы ИИР Қарулы күштерінің  барлық міндеттерінің атқарылуын  бақылап, үйлестіріп отырады.  Қарулы күштер штабының  басшысын да  Ислам революциясының қазіргі жетекшісі тағайындайды.

БАҚ

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды