Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Сәрсенбі, 12 Қараша 2014 19:37

ИИР – исламдық және демократиялық жүйе 31

ИИР – исламдық және демократиялық жүйе 31

Бүгін ИИР-ның  қауіпсіздік істеріндегі  саясатты анықтайтын ең жоғары орган, яғни Иранның Ұлттық Қауіпсіздік Жоғары Кеңесімен таныстырамыз. Иранның Ұлттық Қауіпсіздік Жоғары Кеңесі  1989-шы жылы Иранның Ата Заңы қайтадан қарастырылған кезде Жоғары  Қорғаныс кеңесінің орнына тіркелді.  Иранның Ұлттық Қауіпсіздік Жоғары Кеңесінің мүшелерінің  міндеттері  Ата заңның  176-шы негізінде  баяндалды.  Бұл негіз  Иранның Ұлттық Қауіпсіздік Жоғары Кеңесінің құрылуының мақсатын былайша анықтады: «Ұлттық мүдделерді қамтамасыз ету  және  ислам революциясы мен территориялық біртұтастық және ұлттық егемендікті  қорғау үшін Ұлттық Қауіпсіздік Жоғары Кеңесі құрылды». Аталмыш Кеңестің құрылу мақсатын  Ата заң негізінде үшке бөлуге болады.  Бірінші мақсат – жалпы саясаттар аясында  діни жетекші тарапынан елдің  қорғаныстық-қауіпсіздік  саясаттарын айқындау. Екінші мақсат – саяси, қауіпсіздік, әлеуметтік,  мәдени және экономикалық жұмыстарды үйлестіру. Иранның Ұлттық Қауіпсіздік Жоғары Кеңесін құрудың  үшінші мақсаты ішкі және сыртқы  қоқан-лоққыларға қарсы тұру үшін  елдің материалдық  және рухани  мүмкіндіктерін  пайдалану болып табылады. Иранның Ұлттық Қауіпсіздік Жоғары Кеңесі өз міндеттеріне орай  Қорғаныс кеңесі және Қауіпсіздік кеңесі сынды елдің  көмекші  кеңестерін  құрды. Әрбір көмекші кеңес  президент сайлаған Ұлттық Қауіпсіздік Жоғары Кеңестің мүшелерінің бірімен  басқарылады.  Мәселен,  елдің  Қауіпсіздік кеңесінің  басшылығы  ішкі істер министрінің міндетінде. Ұлттық Қауіпсіздік Жоғары Кеңесінің шешімдерін  діни жетекші растаған соң ғана іске асырылады. Иранның Ұлттық Қауіпсіздік Жоғары Кеңесінің мүшелері болып үштік биліктің басшылары,  бүкіл Қарулы  күштер  бас штабының  басшысы, жоба және бюджет   істеріне жауапты адам, діни жетекші сайлаған екі өкіл, Сыртқы істер, Ішкі істер, Қауіпсіздік министрлері, әскер мен Сақшылар корпусының  жоғары  қолбасшылары, Ұлттық Қауіпсіздік Жоғары Кеңесінің  басшылығы  президенттің міндетінде. Иранның Ұлттық Қауіпсіздік Жоғары Кеңесінің ең маңызды тұрақты  лауазымы президент сайлайтын  хатшы болып табылады.  1989-ші жылдың   жазында  Ата заң қарастырылғаннан  үш айдан кейін  Иранның ислам революциясының  діни жетекшісі  аятолла Хаменеи  өз шешімімен сол кездегі  Ислам Кеңесі Мәжілісіндегі  Қорғаныс  комиссиясының  басшысы  Хасан Рухани мен имам Хомейнидің  перзенті марқұм Сейед Ахмад Хатамиді  үш жылға   Ұлттық Қауіпсіздік Жоғары Кеңесіне өзінің өкілдері етіп  сайлады. Сол кездегі Иранның президенті  аятолла Хашеми Рафсанджани  де Руханиді Ұлттық Қауіпсіздік Жоғары Кеңесінің хатшысы етіп  бекітті. Хасан Рухани  16 жыл бойы  Ұлттық Қауіпсіздік Жоғары Кеңестің  Хатшысы сынды маңызды   міндетті атқарды. Ұлттық Қауіпсіздік Жоғары Кеңесі Хатшысының  сол кездегі  ең маңызды  әрекеті   598-ші қарарды іске асыру  және  тұтқындарды  босату болды.  Негізінде   Ұлттық Қауіпсіздік Жоғары Кеңесінің хатшылары  ядролық мәселеге қатысты ИИР-ның келісімгер тобын басқаратын.  Қазіргі кезде Ұлттық Қауіпсіздік Жоғары Кеңесін Әли Шамхани басқарады. Аталмыш Кеңес туралы  көп айтуға болады. Бірақ біз бұл бағдарламалардың жинағында ИИР-дағы  діни халықтық демократия жүйесімен жалпы түрде таныстырдық. Батыс демократиялары  либерализм негіздеріне  сүйенген демократияны сипаттап,  өткен онжжылдықтардағы  іс-қимылдарымен  өз қоғамының сұраныстары мен талаптарын қамтамасыз ете алмайтындарын көрсетті. Батыс мемлекеттері көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Олар  экономика мен өнеркәсіптік тұрғылардан жақсы дамыды.  Бірақ  батыс халықтары  мүмкіндіктерінің көбейіп,  тұрмыстары  жеңілдеген мөлшерде  өмірдің  тыныштығынан да айрылды.  Өзін керексіз сезіну және  бөтен санау  батыс қоғамының  психикалық қиындықтарының қатарына жатады.  Батыстың сенімді институттары мен  жеке ұйымдарда психикалық науқастардың көбеюі және  олардың  психологтарға қаралулары туралы мәліметтер  осы мәселені растауда.   Батыс демократиясы  өткен бірнеше онжылдықта   либерализм  ойларының негіздеріне  сүйенген демократияны  дүниежүзінің ең жақсы билігі ретінде таныстыруға әрекеттенді. Бұл әдіс көптеген мемлекеттердің    үлгісіне айналды. Алайда, батыс мемлекеттерін шырмаған  ахлақтық, қоғамдық және  экономикалық  дағдарыстар батыстың либералды демократиясының  үкіметтің  ең жақсы  түрі емес екенін анықтады. ИИР халықтық діни демократия  орнатып,  батыс демократиясынан кемелдірек жүйе жобасын ұсынды. Діни халықтық демократиясында  адамның тек материалдық талаптарына ғана көңіл бөлінбейді,  оның  рухани  қалауларына да көңіл бөлінеді. Исламның   тағылымдары бойынша,   адам – мәңгілік жаратылыс. Оның өмірі бұл дүниемен шектелмейді.   Адамның бұл дүниедегі   ғамалдары мен істері  оның өлгеннен кейін басталатын мәңгі  дүниедегі  өмірін анықтайды.  Адамның жәннәтқа немесе тозаққа баруы  оның бұл дүниедегі ғамалдары мен әрекеттері негізінде бағаланады.  Сол себепті  ислам адамның бұл дүниедегі  өміріндегі барлық тұрғыларына бағдарламалар қарастырған.   Иранның ислам революциясының қазіргі жетекшісі аятолла Хаменеи  бұл туралы: «Исламдық республиканың екі ерекшелігі бар: біріншіден,  республика, яғни  халықтық; екішіден, исламдық, яғни  илаһи құндылықтар мен шариғат негіздеріне сүйенеді»,- деген болатын.  ИИР-ның сәулетшісі имам Хомейнидің пікірінше,  ислам демократиялық жүйелердің азаттық пен теңдік сынды оң сипаттарын алуымен қатар, исламдық жүйенің көптеген ұпайларына да ие. Ол кісі «Діни халықтық демократия» деген түсінікті анықтап: «Діни халықтық демократия – илаһи заңдар мен халықтың қалауларына сүйеніп,  илаһи заңдар негіздері бойынша әділет орнату, қызмет ету, сондай-ақ,   материалдық және  рухани  дамуға жағдай жасайтын  үкіметтің үлгісі»,- деген болатын. Имам Хомейнидың сенімінше,  адам Аллаға иман келтірмеген болса, демократиялық ғамалдар жасай алмайды. «ИИР – исламдық және демократиялық жүйе» атты бағдарламамызды қорытындылап, Иран Ислам революциясының қазіргі жетекшісі аятолла Хаменеидің сөзімен аяқтаймыз: «Ислам республикасының жүйесі  батыстың қате негіздеріне сүйенген  демократияны теріске шығарады.  Діни халықтық демократия надан дәстүрлер, экономикалық  компаниялардың қалаулары, әскерилер мен соғысқұмарлардың еріктері емес,   адамның  шынайы құндылығы  мен халықтың  илаһи діннің  негіздеріне сүйенген  қозғалысына көңіл бөледі. Ислам республикасының жүйесі –  Алланың  діні және халықтың  жігерімен қалыптасқан    қозғалыс. (Соңы).

 

БАҚ

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды