Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Сенбі, 17 Қаңтар 2015 13:47

Киберлік терроризм: ИСИМ лаңкестік тобының киберлік кеңістіктегі әрекеттері

Киберлік терроризм: ИСИМ лаңкестік тобының киберлік кеңістіктегі әрекеттері

Деректер соңғы екі онжылдықта киберлік кеңістіктің лаңкестік топтардың жұмыс алаңына айналғанын көрсетеді.

Лаңкестік топтар тарапынан алғаш рет қолданылған сайт «Maalem al-jihad» болды. Ол 2000 жылы ашылып, лаңкестік ағымдардың жетекшілерінің сөздері мен жаңалықтарын жариялай бастады.

Одан кейін басқа да интернеттік тораптар ашылды. Олардың қатарына «al-manara al-bayda» және «al-maduna» сайттарын жатқызуға болады. Бұл сайттар «ән-Носрат» майданының әрекеттеріне қатысты жолдауларды жариялады. Сонымен қатар лаңкестік топтар, әскери құрылымдар, лаңкестік жаттығулар мен әрекеттерге қатысты бейнелерді осы сайттарда жарияланған.

Бүгінде лаңкестік топтар әсірешіл адамдарды тарту үшін қысқа бейнефайлдар құрып, онда джиһад пен шаһадат туралы Құран Кәрімнің аяттары мен кейбір хадистерді жариялау арқылы көрермендердің сезімдеріне әсер етуге тырысады. Олар осы мақсаттары үшін тіпті мазхаби келіспеушіліктерді арандату және басқа мазхабтардың қасиеттіліктері мен рәсімдерін қорлаудан бас тартпайды. Лаңкестер шиіттер сияқты басқа мазхабтарды ұстанушыларды өлтіру және Кербала, Наджаф және Мешхед сияқты қасиетті мекендерді қиратудың дұрыстығы жайлы сөйлейді. Кез келген жолмен экстремизмге бейім адамдарды өз торларына түсіру мақсатында кейбір файлдарда лаңкестік топ жетекшілерінің сөздері, өмірбаяндары мен олардың кейбіреулерінің әрекеттері, лаңкестік топтардың өлтірілген мүшелерін мадақтауға қатысты мәтіндер мен өлеңдер, әскери жаттығулар, бомба жасау және есірткі заттарды қолдану тәсілдері көрсетіледі. Олар өздерінің сұм мақсаттарына жету үшін тіпті Құран аяттары жазылған суреттер мен нышандарды файлдар, ақпарат құралдарының өнімдері, интернеттік тораптар, Facebook, Twitter  және YоuTube  парақшалары мен вебблогтарда қолданылады.

 

 Лаңкестік топтардың арасында ИСИМ-ді қазіргі кездегі ақпарат құралдарын ең көп қолданатын топ ретінде атауға болады. Бұл топ өзінің майдандағы лаңкестік әрекеттерімен қатар, виртуалды кеңістік пен интернеттік сайттарда ауқымды түрде әрекет етуде. Олар бұл әрекетімен бір жағынан өздерінің лаңкестік ой-пікірлерін таратуға тырысады, екінші жағынан осы желілерді жаңа күштер тартып, өз құрылымдарын кеңейту үшін қолданады.

ИСИМ Ирактағы өз жұмыстарын көрсету үшін түрлі сайттар ашты. Мысалы, Twitter-де әр адамға бір аккаунт ашып, өз жолдауларын жариялау арқылы оларды бір мінбер ретінде пайдаланып отыр.  

ИСИМ лаңкестік тобы Twitter-дегі өзінің түрлі парақшалары арқылы интернетте исламның бейнесін бұрмалау үшін ауқымды түрде жұмыс атқаруды көздейді. «Ислам үкіметінің арыстандары», «Ислам үкіметінің қырандары», «Ислам үкіметінің көмекшілері» және «Шам уәлаяты» киберлік кеңістікте жұмыс атқарып жатқан осы топқа қарасты парақшалардың қатарына жатады. 

Айғақтарға сәйкес, осы сайттарды қадағалау арқылы бір адамның басын қалайша денесінен алып тастауға болатынын үйренуге болады. Олар өздері қолдан жасаған жаназалардың басында және қанды сахналарда тәкпір айтады. ИСИМ тобы аталмыш желілерде ирактық шиіт және сүннит мұсылман халыққа қарсы өздерінің адамгершілікке жат әрі қорқынышты әрекеттеріне қатысты бейнефайлдарды жариялау арқылы қоғамдық пікір арасында қорқыныш пен үрей тудыруға тырысады. Бұл лаңкестіктің болмысы соған негізделген қорқыныш болып табылады. Бұл қылмыстар осы топтарды жақтаушыларға үндеу жасайды. Ал жақтаушылар ақпараттық құралдардың көмегімен оларды қолпаштайды. Осылайша, Иракта бір америкалық тілшінің өлтірілуінің бейнесі Сауд Арабиясындағы ИСИМ-нің қолдаушыларына «Топ өз жұмысын жақсы орындап жатыр. Сондықтан оны қолдау керек. Егер мүмкін болса оған көмек жіберіңдер» деген үндеуді жеткізе алады.

ИСИМ мүшелері киберлік кеңістікте күрделі стратегия ұстанып отыр. Олар сапалы әрі кәсіби түрде және жақсы мүмкіндіктермен түсірілген көптеген бейнелерді жариялау арқылы өзінің қатыгездігі мен қайырымсыздығын көрсетуге тырысуда. Бұл әрекеттер әл-Каиданың өлтірілген жетекшісі Бен Ладеннің қолданған тәсілдерімен салыстыруға келмейді. Себебі онымен серіктерінің ақпараттық құралдардағы белсенділіктері әл-Каида жолдауларының интернеттік сайттарда жариялануы және арнайы бір-екі телеарнаға берген сұхбатпен шектелді. Алайда, ИСИМ мүшелері өркениеттің барлық көріністеріне деген өшпенділіктеріне қарамастан, интернет пен қоғамдық желілердеі қолдануға ерекше қызығушылық танытуда. ИСИМ өзінің виртуалдық үгіт-насихаттарының көмегімен барынша қолдауға қол жеткізбек. Олар осы топқа мүше болған шетелдік азаматтардың суреттерін жариялап, басқаларды өз саптарына қосылуға шақыруда.

Maryland университетінің зерттеушісі Филипп Смидтің ИСИМ жұмыстарына жүргізген зерттеулері соңғы екі жылдағы ИСИМ мен оның серіктерінің қоғамдық желілердегі белсенділіктерінің көзге көрінерліктей мөлшерге артқанын көрсетті. Бұл топ жақында ағылшын тілінде де аударылып жарияланатын онлайн ақпараттық бюллетень  жариялау арқылы өзінің киберлік кеңістіктегі құзырын бұрынғыдан бетер кеңейте түсті.

ИСИМ мүшелерінің қоғамдық желілердегі белсенділігін бақылап отыратын маман  Джи Эм Бюргер былай дейді: «Бұл адамдар өз пікірлерін тарату үшін Twitter-дегі мыңдаған аккаунтты пайдаланады. Кейбіреулері өздерін содырлар  деп таныстырады. Тағы біреулері аккаунттары жабылып қалмас үшін өздерінің ИСИМ-мен қатынасын теріске шығарып,  өзін тек оны қолдаушы ретінде ғана көрсетеді. Олар мазмұны ұқсас хаттарды үкіметтік, ақпараттық сайттар тіпті өнерпаздар және әншілер сияқты атақты адамдарға жібереді. Осы хаттардың басым бөлігі адамдардың басын кесу суреттері мен батыстық елдерге және ИСИМ қарсыластарына қарсы мәтіндерді қамтиды».

ИСИМ мүшелері кейбір кездері батыстықтардың назарын аудару және қоғамдық пікірдің жеккөрінішін азайту мақсатында басқа да әрекеттер жасайды. Мысалы, батыстық комедиант Робин Уильямс қайтыс болғаннан кейін кейбір ИСИМ мүшелері өздеріне ұнаған осы актер түскен фильмдер жайында мәтіндер жазған. Олардың кейбіреулері батыстық азық-түлік шығарушы бір компанияның өнімінің бос ыдыстарымен Ирак пен Сирияда суретке түсіп, оларды қоғамдық желілерде жариялаған. Бұл екіұшты ойын интернет қолданушының есеңгіреуіне себеп болады. Себебі, ИСИМ лаңкестері мен оның кейбір жақтаушылары азық-түліктің бос ыдыстарымен суретке түсіп жатқан кезде, басқа тараптан оның өзге әріптестері Twitter-де ИСИМ қолынан өлім жазасына кесілген бір адамның басымен ойнап жүрген баланың суретін жариялады.

ИСИМ лаңкестерінің интернеттегі, әсіресе Twitter қоғамдық сайтындағы белсенділігі осы ұйымның кейбір көзқарастары тіпті Twitter сайтын да әсірешіл еткен жағдайда орын алуда. Басқалары осы желі үшін балама желі іздеуде. Бірақ осы қоғамдық сайттардың хабарларды жөнелту күші осы сайттарға ИСИМ тарапынан нұқсан келтірілуге кедергі бола алды. Осылайша, ИСИМ-нің өзі ықпал ететін аймақтардағы бұрын-соңды болмаған әсірешіл әрі қатігез қылықтарымен қатар, осы топтың киберлік кеңістіктегі түрлі карикатуралар түріндегі ақпараттық және үгіт-насихаттық жұмыстары топтың шынайы тәсілдерінің бірі болып табылады.

ИСИМ мүшелерінің қоғамдық желілерді ауқымды түрде пайдалануы батыстық үкіметтерде олармен осы жолмен күресу идеясын тудырды. Мысалы, АҚШ Мемлекеттік департаменті осы мақсатта өзінің Лаңкестікпен күрес стратегиялық орталығын пайдаланып отыр. Бұл орталық 2011 жылы Обаманың бұйрығымен құрылды. Ақ үй қоғамдық желілерді ИСИМ-ге қарсы үгіт-насихат үшін пайдаланады. Сонымен қатар, Facebook желісінде аталмыш ұйымның парақшасы ашылды. Бұл әрекеттердің басты мақсаты – жаңа адамдардың ИСИМ күштеріне қосылудың алдын алу. Лаңкестікпен күресу стратегиялық орталығының ашылу ісіне атсалысқан АҚШ Мемлекеттік департаментінің бұрынғы қайраткерлерінің бірі Уильям Маккантс былай дейді: «Бұл істің қиыншылықтарының бірі – ИСИМ лаңкестеріне көбірек назар аудартпайтындай оларды анықтау болып табылады. Бұл шаралар іс жүзінде ИСИМ мүшелерінің парақшаларын ашып қарау статистикасын арттырады деп нақты айтуға да келмейді».

Америкалықтардың ақпараттық құралдарда ИСИМ тобын оқшаулау мақсатындағы талпыныстары америкалық тілші Джеймс Фолидің басын кесу оқиғасынан кейін артты. Америкалықтар барлық адамдардан ИСИМ қылмыстарының суреттерін ортаға салмауды сұрады. Facebook, Twitter  және YouTube сияқты сайт басқармаларының ИСИМ тобының бейнелері мен суреттерінің жариялануына кедергі болу үшін ауқымды түрде талпыныс жасап жатқанына біраз уақыт болды. Ақ үй шынайы түрде осы өтінішті қолдап отыр. ИСИМ лаңкестері де осы үгіт-насихаттарды назардан тыс қалдырған жоқ. Олар өздерінің қатынастарын, әсіресе Twitter  сайтындағы мағлұмат алмасуларында оған жауап қайтарды. Кейбір жайттарда екі тарап қоғамдық желілерді бір-бірін шабуылдау және қарсы тараптың сөздерін теріске шығару үшін мәтіндер жариялау мақсатында пайдаланды. ИСИМ лаңкестері өз қатыгездіктерінің суреттері мен бейнелерін үздіксіз жариялау арқылы америкалықтардың айла-шарғыларын бейтараптандыруға тырысуда. Әрбір аккаунт өшірілген сайын саңырауқұлақ сияқты оның орнына тағы біреуі пайда болады. Осындай жағдайдың жалғасуымен ИСИМ лаңкестері Friendica және Diaspora сияқты азырақ бақыланатын басқа қоғамдық желілерге берт бұрды. Бұл желілердің басшылары да ИСИМ-ге қатысты аккаунттарды тауып өшіруге талпынып жатқанын айтады.

Көптеген үкіметтердің ресми түрде ИСИМ тобымен соғысып жатқанын мәлімдегеніне қарамастан, осы топтың киберлік кеңістіктегі жеңісі не жеңілісі жайлы айтуға тым ерте болар. Бірақ кез келген жағдай да мына жайтты ұмытпауымыз керек: қазіргі әлемдегі киберлік алаң  оның жұмысын іс жүзінде жүз пайыз бақылау мүмкін емес бір кеңістікке айналды.

 

 

 

 

БАҚ

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды