Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Бейсенбі, 22 Қаңтар 2015 16:29

Киберлік терроризм: киберлік терроризмнің Сирия қақтығыстарындағы рөлі (соңы)

Киберлік терроризм: киберлік терроризмнің Сирия қақтығыстарындағы рөлі (соңы)

Деректер көрсеткендей соңғы айларда Сириядағы лаңкестік ұйымдар жаңа күштер тарту, мағлұмат алмасу және жастар арасында әсірешілдік пікірді тарату үшін қоғамдық желілерге бет бұру ісі бұрын-соңды болмаған мөлшерде артып отыр. Киберлік кеңістік арқылы адам жинаудың артуы бұрын-соңды болмаған оқиға. Бұрын әсірешіл тәкфирлік топтарға қарасты көптеген сайттар арқылы, түрлі жолдаулар жіберу арқылы да адам жинау әрекеттері мұндай мөлшерде болмаған.

2014 жылдың 18 сәуір күні Вашингтондағы Таяу Шығыстың БАҚ-тарын зерттеу академиясы тарапынан жарияланған есеп әсірешіл адамдарды тартудағы тәкфирлік ағымдардың форумдарының құрылымында өзгеріс пайда болғанын көрсетеді. Бұл топтар өз күштерін Сириядағы соғысты тартымды етіп көрсетуге шоғырландырған. Олар  соғыс олжалары, үйленудің жеңілдеуі,  ерекше тағамдар мен көліктерге қолжеткізуді жарнамалау арқылы жаңа күш жинауға талпыныс жасауда. Сонымен қатар, қоғамдық желілер арқылы сырт көзге қоғамдық әрі күнделікті жұмыс болып көрінетін өздерінің әрекеттерінің суреттері мен бейнелерін дайындап, оларды Facebook, Twitter, Instagram және YouTube сияқты қоғамдық желілерде ауқымды түрде жариялап жатыр. Дублин университетінің 2014 жылдың қаңтар айында жасаған зерттеулерінің нәтижелері көрсеткендей, 2013 жылы интернет пайдаланушыларының Сирияның ішкі қақтығыстары жайлы пікір білдірулері 75 пайызға артқан.  Оған қоса YouTube сайтында ашылған 619 парақшада «Сирияның азат әскері» мен тәкфирлік топтардың соғыс майданындағы белсенділіктерін көрсететін мыңдаған бейне жарияланды. Осы бейнелердің кейбіреулерін 2 миллионға жуық адам ашып көріп, көшіріп алған.

Сириядағы тәкфирлік топтар киберлік кеңістікті қолдана отырып көптеген жұмыстар жасайды. Сириялық тәкфирлік топтарға қарасты интернеттік парақшалар осы топтардың жұмыстары жайлы мағлұматтарды жариялау, сондай-ақ, олардың түрлі өзгерістер мен мәселелерге реакциясын білдіру сахнасына айналған. «Ән-Носрат» майданы, ИСИМ мен Ансар аш-Шам қоғамының ресми парақшалары осындай маңызды желілердің қатарына жатады. Киберлік кеңістіктің Сирияның лаңкестік топтары үшін тағы бір пайдасы – олардың аталмыш топтармен ынтымақтастығын білдіру. Осы аяда жұмыс жасайтын сайттар әдетте Башар Асад үкіметінің солардың ойынша сүннит халыққа қарсы жасаған қылмыстарының суреттері мен бейнелерін жариялайды. Олар арандатушылық әрекеттері арқылы өздерін қолдайтын адамдарды тартуға тырысады.

Бұл қолдау қаржылай көмек немесе адамдардың Сириядағы күрескерлердің қатарына қосылу түрінде бола алады. Олар тәкфирлік топтарға қарасты адамдардың қылмыстары мен әрекеттерінің қоғамдық пікірде қалдырған жағымсыз әсерлерін азайтып,  өздеріне жақсы қолдаушылар табады. Shomokh al-Islam желісі және оның «Ансар әл-Джихад» деп аталатын бұтағы  осы шеңберде жұмыс атқаратын парақшалардың қатарына жатады. Бұл желілердің міндеті Сириядағы тәкфирлік топтардың қылмыстары үшін ахлақи және заңды дәлелер келтіру, осы топтардың қарсыластарының айыптарын теріске шығару және Башар Асад үкіметінің электрондық құрылымдарына нұқсан келтіру болып табылады. Әсірешіл топтардың қоғамдық желілердегі жұмыстарының басым бөлігі өзін жәбірленуші ретінде көрсету арқылы тәкфирлік топтарға қосылуға және адамдарды Сирия жеріне кіруге итермелеу төңірегінде шоғырланған. Олар "қару-жарақтарының жеткіліксіз болғанына қарамастан «Сирия қарсыластары» деп аталатын толығымен қаруланған әскерге қарсы тұрып, әскери тепе-теңдікті өз пайдасына қарай өзгертуге талпыныс жасап жатыр» деген уәж айтады. Палестиналық-америкалық азамат Ахмад Мұса Жебірейіл және аустралиялық азамат Мұса Сер Антонио сияқты аталмыш топтардың насихатшылары  осы шеңберде маңызды рөл атқаруда.

Лаңкестік топтар пайдаланушылардың ерекше ықыласына ие болмай шетте қалып қойған кейбір қоғамдық желілерді әскери тәжірибе алмасу және күресу тактикалары жайлы кейбір мағлұматты жеткізу үшін пайдаланады. Ұлыбритания қайраткерлері 2014 жылдың ақпан айының бас кезінде мына  жайтты түсінді: кейбір англиялық әсірешілдер танылмаған сайттарды жаңадан алданған адамдарға Сирия жерінде өзін қорғау және  денсаулық сақтау тәсілдерін үйрету үшін пайдаланады. Олар тіпті Сирияға баруға күмәнданып жүрген адамдардың бойында сенім тудыру үшін олардың Сириядағы құзыры өмірлерінің түрлі қырларына қатер тудырмайтындай етіп көрсетеді. Лаңкестер әрдайым өздерінің ойынша «джиһад» болып табылатын Сириядағы соғыстың тартымды тұстарын көрсетуге тырысады.

Осы қоғамдық желілердің ауқымды жұмыстары батыс елдерінің реакцияларын тудырды. Мысалы, өткен жылы Ұлыбританияда киберлік кеңістікте жұмыс атқаратын  30 лаңкес құрықталды. Испания қайраткерлері де Сириядағы күреске қатысу үшін жастарды мүшелікке қабылдап жатқан бір желінің жұмысын тоқтатқаны жайлы хабарлады.

Батыстық үкіметтердің осы ел азаматтарының Сириядағы лаңкестік топтарға қосылуына қарсылықтарына қарамастан бұл үдеріс әлі де жалғасуда.

Лаңкестікті бақылаушы халықаралық ұйымның төрағасы Ролан Жаккар осы мәселені сараптай келе былай дейді: «Бұл топ интернет пен қоғамдық желілердің болуының арқасында байланыс және үгіт-насихат  тұрғысынан өз мақсаттарына жете алды. Тіпті кейбір күндері осы лаңкестік топтың Twitter-дегі парақшасында 20 мыңдай мәлімет басқа адамдардың назарына қайта ұсынылған. Олардың  мәтіндері барлық тілдерде жарияланатын тораптары да бар. Бұл топтың ақпараттық байланыс орнатып, жақсы сапада  үгіт-насихат бейнелерін түсіретін адамдары болады. ИСИМ лаңкестік тобы үшін  үгіт-насихат мәтіндері мен бейнелер дайындайтын адамдар өз істерінің мамандары болып табылады. Бұл туындылар телестудияларда дайындалатын іспетті» деп қуаттады.

Франция Сыртқы істер министрі Лоран Фабиус 2014 жылдың 20 сәуірінде былай деп мәлімдеді: «Шамамен 500 франциялық Сирия үкіметінің сыртқы қарсыластарының қатарына қосылды». Қазіргі кезде батыстық қоғамдарды барлығынан бұрын алаңдататын мәселе – лаңкестік топтардың Сириядан Еуропаға қайтып келіп, олардың осы елдің қоғамдық пікіріне әсер етуі болып табылады.

Мысалы «Deutsche Welle» атты германиялық ақпараттық агенттігі 2014 жылдың 26 қыркүйегінде Еуроодақтың лаңкестікпен күрес бойынша үйлестірушісі Гиллес де Керчовенің сөздеріне сілтеме жасап былай деп жазды: «Еуропалық азаматтар өздерінің паспорттарын теріс мақсатта пайдаланып, Ирак немесе Сирияға барады. Бұл топтардың нарқын түсінбеу қателік болады. Еуропалық азаматтар лаңкестердің қарамағынан қайтып келген соң Еуропаның қауіпсіздігіне қатер төндіреді».

Le Figaro газеті де бір мақала жариялап осы мәселеге тоқталып, былай деп жазды: «Сирия жеріндегі әсірешіл күштердің саны 15 мың адамнан асады. Таң қалдырар жайт, қоғамдық парақшаларда жасалған бір сауалнаманың нәтижесі бойынша әсірешіл топтарға қосылатын кейбір адамдар елдерінен туристік мақсаттармен шығады екен. Одан кейін олар тәкфирлік топтардың бақылауындағы аймақтарға кіріп, олармен ынтымақтастық жасай бастайды».

Le Figaro франциялық куәліктерге ие және әсірешіл топтармен әріптестік жасау арқылы Фрацияның ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін бұл топтарды «іштен шыққан дұшпандар» деп атады.  

Осылайша бүгінде батыстық елдер осы құбылыспен күресуге бел буды. Ұлыбритания Ішкі істер министрлігі мен осы елдің Бас Прокуратурасы интернеттік қызметтерді дайындайтын команияларды тәкфирлік топтар үшін үгіт-насихат жүргізетін порталдарды жоюға міндеттейтін соттық үкім шығару өтінішін қарастырып жатыр. Осылайша егер жағдай бақылауға алынбаса, лаңкестік пен әсірешілдік жайылып, халықаралық қауымдастық үшін үлкен қатерге айналады деп айтуға болады. Батыстық елдер жағдайды қолға алмаса, лаңкестік және әсірешілдікпен күресуге еш жол қалмай, лаңкестік іштен Еуропа халқының көмегімен жайылып олар үшін апатқа айналатын кез де жетеді.

Өткен бөлімдерде киберлік терроризм туралы айтқандарымыздан мынадай қорытынды шығаруға болады: бүгінде интернет пен танымал желілердің жердің географиялық деңгейінде кең жайылуы осы желілерде қылмыстық тәсілдердің пайда болуына әкеп соқтырды.  

Желілер арқылы таратылатын жолдаулардың мазмұны киберлік жолдарды зорлық-зомбылық жасау және теріс мақсатта пайдалану  үшін мүмкіндік тудырды. Ұйымдар мен арнайы ағымдар бүгінде зиянды мәтіндер, кодтар және сілтемелерді пайдаланып, дерекқорлар немесе электрондық пошта адрестері арқылы өз мақсаттарына жетуге тырысады.

Қазіргі кезде киберлік қылмыстар бір елдің шекарасымен шектеліп қалмайды. Осы қылмыстардан пайда болған қауіпсіздік дағдарысы көптеген елдердің онымен күресуіне себеп болды. Бұл мәселе тіпті әлемдік қауымдастықтың бас ауруына айналып, адамдардың күнделікті өмірімен байланысып отыр. Киберлік қылмыстарға қатысу ауқымы мен мөлшері артып келе жатыр. Тіпті соңғы бірнеше жылда технологиялардың қоғамның күнделікті өміріне енуінен кейін киберлік қылмыстың бірнеше есе артқанына куә болдық. Киберлік қылмыстардың салдарлары мен нәтижелері және табыстары да қылмыскерлердің бір-біріне жақындап, олардың мүдделерінің жақындасуына соқтырды. Сонымен қатар, олардың ұйымдастырылған қылмыстар қатарына қосылуына себеп болды.

Қылмыстардың трансшекаралық болуы және онда технологиялардың пайдаланылуы киберлік қылмыстардың өзіндік ерекшеліктері болғандықтан, осы қылмыстармен күресу үшін халықаралық әсерлі ынтымақтастықтардың қажеттілігі сезіледі. Осы аяда қылмыстармен айналысатын халықаралық ұйымдар әсіресе Интерпол мен БҰҰ Басқармасының есірткі және қылмыс жөніндегі бағдарламалық кеңсесі (UNODC) бұрынғыдан көбірек ықпалды түрде өз міндетін атқаруы керек.

Қолда бар деректерге сәйкес, әлемдік қауымдастық осы уақытқа дейін киберлік қылмыстармен күрес саласындағы халықаралық әріптестіктерде аса табысты болмады. Әлемдік қауымдастық қажетті мүмкіндіктер мен халықаралық заң құжаттарының болмауы, кейбір елдерде киберлік қылмыстармен күресу мақсатындағы арнайы орталықтардың құрылмауы сияқты қиыншылықтарға тап болды. Сондықтан, әлемде осы қылмыстардың күн сайын артуы мен оның трансұлттық болу ерекшелігін назарға алсақ, халықаралық жауапты орталықтар, әсіресе UNODC осы шеңберде басты қадам жасауы қажет.

 

 

 

 

 

БАҚ

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды