Бұл веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Біз Parstoday-ге ауыстық. Parstoday Kazakh
Дүйсенбі, 01 Маусым 2015 19:22

Ислам революциясындағы имам Хомейнидің идеялық және саяси ерекшеліктеріне шолу

Ислам революциясындағы имам Хомейнидің идеялық және саяси ерекшеліктеріне шолу

Осыдан 26 жыл бұрын, яғни 1989-шы жылы Иран халқы қайғыға батып, ислам революциясының  ұлы көсемі имам Хомейнимен қоштасты.  Имам Хомейни Ирандағы революцияны басқарып, оны жеңіске жеткізді. Иран революциясы әлем революциялары арасындағы бірегей революция болды. Хомейни революциядан кейін елде исламдық республика жүйесінің іргетасын қалап, он жыл бойы оны ішкі оқиғалар мен бөгделердің қастандықтарынан қорғады. Имам Хомейни Иранның жаңадан құрылған жүйесін сегіз жылдық соғыста  қорғап, революцияның мақсаттарынан бас тартпай, Иранның территориялық біртұтастығын сақтап қалды. Сарапшылардың көбі имам Хомейнидің күші мен ерік-жігерін исламдық республиканың  тұрақтылығы мен осы уақытқа дейін табанды тұруының факторы  деп санайды. Революцияның дұшпандары имамның қайтыс болуымен саяси билікке ие болу саласындағы    ішкі қайшылықтар өршіп, бұл елді ұлттық бірлік пен саяси біртұтастықтан айрылады деп санады. Алайда діни жетекшінің Эксперттер кеңесі осы тарихи кезеңде имамның орынбасары және Ислам революциясының жаңа басшысы ретінде  аятолла Хаменеиді  сайлап,  елді қатерден құтқарып, дұшпандарды үмітсіз қалдырды. Қазіргі таңда сол күннен 26 жыл өтіп, ИИР бұрынғысынан күшейіп,  өз мақсаттарына  жету жолында қадам басып келеді. Әйгілі тұлғаның дүниеден озған күнінің жылдығы  хазіреттің Ислам революциясын басқарудағы идеясы мен саяси ерекшеліктеріне қайтадан ой жүгіртуге мүмкіндік береді. Ислам революциясы көсемінің ерекшеліктеріне шолу жасап, бүгінгі дүниенің, әсіресе Ислам әлемінің діни қйашылықтарын шешу үшін хазіреттің ойлары мен ғамалдарынан үлгі алу қажет екендігін түсінеміз. Өткен ғасырдың ішінде әлемнің әртүрлі жерінде  көптеген революциялар мен көтерелістер орын алды. Олардың кейбіреулері  жеңіске жетті. Бірақ Иранның Ислам революциясы  әртүрлі себептерге, әсіресе имам Хомейни сынды адамның басшылығына байланысты басқа революциялардан ерекшеленеді. Имам Хомейни дүниежүзінде орын алған басқа революциялардың басшыларынан өзгеше адам, яғни діни ғұлама болды. Бұл мәселенің маңыздылығы революция орын алған және жеңіске жеткен кезде, әлемнің идеологиялық және саяси кеңістігін екі идеология билеп тұрған кезде анықталды. Біріншісі – дінді революцияға қарсы  «апиын» деп санаған марксизм,  келесісі – дінді саяси-қоғамдық саладан сыртқа шығарған либералдық капитализм еді. Екінші идеология секуляризм негіздерін қабылдап, дінге саяси-қоғамдық істерде орын қалдырмады. Бірақ имам Хомейни исламдық революцияны басқарып, Ислам дінінің «апиын» емес, әрі езілген халыққа үстемдік етуді ақтамайтындығын дәлелдеп, оның саяси-қоғамдық сала мен қоғамның рухани кеңістігіндегі рөлін анықтады. Имам Хомейнидің революцияның саяси басшысы ретіндегі келесі ерекшелігі хазіреттің илаһи құдірет пен халықтың күшіне сенім артуы жатады.  Имам Хомейни патшаның үстем режимімен күрескен барлық идеологиялар тұйыққа тірелген кезде  наразыларды басқаруды өз қолына алды. Имам Хомейни исламдық идеологияны күрес жүргізіп отырған басқа идеологиялардың альтернативасы ретінде ұсынып, халықты патшаның режиміне қарсы көтерді. Имам мықты қаруланған әрі алпауыт елдердің қолдауына ие   режимге қарсы шықты. Имам Хомейнидің көтерілісі екі полюстік кеңістік пен АҚШ пен Кеңес Одағы арасында қырғи-қабақ соғысына қарамастан әрі екі блок бірауыздан патша режиміне қолдау көрсеткен жағдайда орын алды. Имам Хомейни тек Алланың қолдауына сүйеніп, халыққа сенім артты. Имам Хомейни илаһи  құдыретке сүйенуімен қатар халықтың күшіне сенімді болды. Сол кезде басқа саяси топтар үкіметті құлату үшін партизандық күрес  немесе қатыгездіктерді   пайдаланып, нәтижеге жетпеген жағдайда имам наразылық білдірушілердің қатарына барлық халық қосылуы керек деп санады. Имам Хомейни Аллаға иман келтіріп, халыққа сенім артып, ең қысқа уақытта революцияны жеңіске жеткізді. Имам Хомейни өз заманының оқиғаларынан нақты хабардар болып, тарихи өзгерістерге назар аударды. Ол жас кезінен Иран мен әлемдегі оқиғалардың хабарларын тыңдайтын. Дәл осы білімі мен хабардарлығы хазіреттің тарихи шешімдерді қабылдауына әсер етті. Имам Хомейнидің революция кезіндегі баяндаған мәселесі конституциялық монархия кезінен және одан кейінгі уақыттағы Иран халқының талаптары және Иран мен әлем ойшылдарының өз замандарындағы армандары болды.  Революцияның жеңісіне  әсер еткен мәселелер имамның  өз заманының  оқиғаларымен толық таныс болуына байланысты болды. Мәселен, имамның сөздеріндегі  Палестина халқын қолдауы мен сионистік режимге қарсы ұстаным білдіруі Иран халқының тарихи талаптарында маңызды орынға ие болды. Бұл мәселе кейін әлем мен исламдық және араб елдердің  маңызды мәселесіне айналды. Әлем ойшылдары имам Хомейни мен Иран халқының  мұндай ұстанымдарын мадақтады. Имам Хомейнидің исламдық революцияның саяси тұрғысындағы тек өзіне ғана қатысты келесі ерекшелігіне имамның  шиіттер мен сүнниттерге бөлінбей, мұсылмандар  бірлігінің қажеттілігін қуаттауы болды. Бұл тарихи және діни мәселе Сейед Джамаладдин Асад Абадиден бастап Әли Шариатидің мұсылмандарды өз болмысына қайтару және олардың ғиззаты мен ұлылығын жаңғыртуды көздеген мақсаты болды. Имам Хомейни ішкі және бөгде үстемшілердің алдында  исламның өмірі мен мұсылмандардың бірлігін жаңғыртуды мақсат етті. Ол тек сөзбен ғана емес, іс жүзінде де бұл мәселені алға жылжытуға талпынды. Имам Хомейни мақсаттарды алға жылжыту үшін өзі бастап қатерлерге қарсы тұрып, батыл түрде қорғады. Дәл осы мәселе  Ислам революциясының исламдық елдердің оянуына әсер етуіне себеп болды. Айтылған ерекшеліктер имам Хомейнидің Ислам революциясын басқарған кезде тек өзіне қатысты ерекшеліктерінің тек бір бөлімі. Бұл ерекшеліктер Ислам революциясының  жеңісі мен исламдық республика жүйесінің өмірін сәтті жалғастыруының сыры.  ИИР-ның 36 жыл бойы күшейіп, өмірін жалғастыруы имамның Алланың құдыреті мен халықтың күшіне сүйенуі, мақұрымдарға қолдау көрсетуі, мұсылмандардың шиіттер мен сүнниттерге бөлінбей бірлікті сақтап, ислам мен мұсылмандардың  ұлылығын жаңғыртуына байланысты. Алайда имам Хомейни басқарған революцияның аймақ пен әлемдегі құдыреті мен әсері күшейген сайын дұшпандардың да  қоқан-лоққылары күшейді. Бүгін имам мен революцияның дұшпандары  шиеленісті жобаларымен Ислам дінінен бұрыс бейне көрсету үшін тәкфиршіл топтарды Ислам әлеміне арандатып отыр. Олар бұл топтарды күшейтіп, ислам революциясының мақсаттарына қарсы шынайы дағдарыстар тудырып, исламның  рақымды және азаттық талап ететін жүзін теріс көрсетуге тырысуда. Әлемнің теперіш көріп жатқан халықтары, әсіресе мұсылмандар  АҚШ пен сионистердің қастандықтарынан хабардар әрі қырағы болулары керек. Өйткені мұсылмандарды кәпір деп санайтын бұл тәкфиршіл топтардың әрекеттері нәтижесінде Батыс, АҚШ және сионистік режимнің мүдделерін қамтамасыз етуді көздейді. Бүгінгі дүниеде езілген халықтарды қысым мен бөгделердің араласушылығынан, үстемдік пен әділетсіздіктен имам Хомейнидің ойларына сүйенген Ислам революциясының идеялары ғана құтқара алады.

БАҚ

Пікір жазу


Қауіпсіздік коды
Жаңа қауіпсіздік коды